Студопедия — Кесте 13. Екпе дақылдардың су пайдалану коэффициенттерінің орташа мәндері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кесте 13. Екпе дақылдардың су пайдалану коэффициенттерінің орташа мәндері






 

Дақыл Өнім Су пайдалану коэффициенті, м3
Суарылмаған және ылғалмен орташа қамтамасыз етілгенде Суармалы жерлерде және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде
Жаздық бидай астық 120-200 70-120
Күздік бидай -«- 180-230 -
Күздік қара бидай -«- 110-170 -
Сұлы -«- 130-180 -
Арпа -«- 110-150 -
Тары -«- 150-270 -
Қарақұмық -«- 170-300 -
Асбұршақ -«- 150-250 -
Ноқат, ноғаттық -«- 140-250 -
Қызылша тамыржеміс 12-25 7-14
Картоп түйнектер 10-30 8-15
Жүгері, шай жүгері сүрлемге Құрғақ зат 60-120 35-80
Күнбағыс сүрлемге -«- 85-150 40-70
Жоңышқа, түйежоңышқа пішенге, 2-4 тіршілік жылдары -«- 80-120 35-85
Эспарцет, 2-4 жыл -«- 60-110 40-70
Ееркекшөп, 2-4 жыл -«- 80-110 -
Қылтықсыз арпабас, 2-4 жыл -«- 60-100 30-70
Судан шөбі жем-шөпке -«- 45-65 35-50
Итқонақ, қонақтары жем-шөпке -«- 50-75 40-55
Сұлы, арпа жем-шөпке -«- 65-100 40-60

Бұл көрсеткіштерді ылғалмен қамтамасыз етілу бойынша НМӨ анықтағанда қолдануға болады, сонымен қатар ұсынған анықтама жадығаттарды қолданғанда бірқатар ерекшеліектерді ескеру керек.

Бір дақылдың, сорттың су пайдалану коэффициентінің мөлшері әртүрлі аралықта өзгеруі мүмкінжәнеагротехника деңгейіне байланысты:агротехника деңгейі неғұрлым жоғары болса және қоршаған орта факторлармен жақсы қамтамасыз етілгенде, оның ішінде қоректі заттармен, соғұрлым ылғал үнемді жұмсалады, ал супайдалану коэффицентінің мәні төмен болады. Агротехника деңгейі төмен болған жағдайда супайдалану коэффициентінің мәндері максималды шегіне жетеді, яғни өсіп-жетілу кезеңінде келіп түскен жиынды супайдалану бірдей болған жағдайдың өзінде әртүрлі өнім деңгейі қалыптасуы мүмкін, демек дақылдардың үнемді және экономикалық тиімді супайдалану өсіру технологияларын пайдалану керек екенін куәландырып отыр.

Супайдалану коэффициентінің мөлшері ылғалмен қамтамасыз етілуі жағдайына да байланысты: қуаңшылық жылдары ылғалмен орташа қамтамасыз етілген жылдармен салыстырғанда бір өлшем өнімге шығындалған ылғал мөлшері 25—30% жоғарылайды және керісінше орташа ылғалды жылдарға қарағанда ылғалды жылдары 20—25% төмен, аймақтын онтүстік бөлігінде орманды дала және далалы аймақтарына қарағанда супайдалану коэффициенті жоғары. Бұл көрсеткіш жазғы максималды түсетін жауын-шашын мөлшері өсімдіктердің ылғалға қажетсінуі қиын-қыстау кезеңімен қатар келген жағдайда төмендейді, ал нақты өнім есептелген өнімнен жоғары қалыптасуы тиіс.

Шілде–тамыз айының бірінші жартысында жауын–шашын мөлшері нормасынан төмен мөлшерде түскен жылдары – супайдалану коэффициенті айтарлықтай көтеріледі, ал өнім төмендейді, сондықтан жаздың екінші жартысында ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген жылдар жүгері, тары дақылдары үшін жоғары өнім қалыптастыруына өте қолайлы, ал көктемде және жаздың алғашқы кезеңдерінде ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде –көпжылдық шөптер, ерте пісетін жаздық және күздік дақылдарға қолайлы. Осыған орай есеп жүргізгенде супайдалану коэффициентінің көрсеткіштерін 14-кестеде әрбір дақыл бойынша келтірілген аралықты ескеріп алу керек.

Сонымен, НМӨ есептегенде супайдалану коэффициентінің мөлшерін агротехника деңгейіне және қоршаған орта факторларымен, яғни коректік заттармен қамтамасыз етілуіне түзету еңгізу арқылы анықтамалық материалдардан алу керек.

Агротехника деңгейінің супайдалану коэффициентінің мөлшеріне әсер етуін Целиноград АШИ (Можаев Н.И.,1979) көпжылдық шөптер егістігінде жүргізілген тәжірибелер нәтижелері бойынша қарастыруға болады (Кесте 14).

 

Кесте 14. Агротехника тәсілдеріне байланысты көпжылдық шөптердің екінші-төртінші тіршілік жылдары өнім қалыптасуына шығындалған орташа ылғал мөлшері, м3

 

Дақыл Табиғи ылғалдануы Суармалы
Тыңайтқыш қолданбаған кәдімгі технология Қолайлы сабақ жиілігін қамтамасыз ететін төменгі себу мөлшерін қолдану Кең қатарлы себу тәсілі Есептелген тыңайтқыш мөлшерін қолдану Кәдімгі технология Есептеген тыңайтқыш мөлшері еңгізілген қарқынды технология
Тыңайтқыш қолданбай Ұсынылған тыңайтқыш мөлшерін қолдану
Жоңышқа 67-73 58-62 55-56 49-52 43-58 36-52 21-34
Эспарцет 68-70 50-52 - 32-44 41-50 38-40 20-23
Қылтықсыз арпабас 49-60 49-52 - 29-40 45-49 27-30 23-24
Еркекшөп 60-72 41-49 35-48 40-42 40-41 30-31 30-32

Пайдалы ылғал мөлшерін бағалау әдістемесі. Солтүстік Қазақстанда 1 м топырақ қабатындағы көктемгі өнімді ылғал қоры ауылшаруашылық дақылдарының өнімін алудың негізі болып табылады, сондықтан танаптық жұмыстар жүргізу алдында оның қорын бағалауға мүмкіндік туады. Өнімді ылғал қорын әртүрлі әдістермен анықтайды, олар «Егіншілік» курсында толық қарастырылады.

Топырақтағы тұрақты солу ылғалдығынан жоғары ылғалды өнімді (пайдалы) ылғал деп есептейді және оның мүмкін мөлшері ең төменгі ылғалсиымдылықтың топырақтың 1 м қабатында оның типі және механикалық құрамына байланысты үлкен айырмашылығы бар.

Көптеген екпе дақылдар үшін өнімді ылғал қорының қолайлы мөлшері ең төменгі ылғалсиымдылығының 80-90% шамасында, сондықтан оны әрбір нақты топырақ үшін білу қажет, өйткені ол механикалық құрамы мен қара шіріктілігіне байланысты өзгереді.

Карбышев А.Д. (1964) деректері бойынша ең төменгі ылғал сиымдылықтың топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғал мөлшері 15-кестеде келтірілген.

Кестеде келтірілген көрсеткіштері топырақтың 1 м қабатындағы ылғал ұстау қасиеті 117 мм –ден (құмдақ топырақ) 202 мм –ға дейін (ауыр балшықты топырақ) өзгеретінін дәлелдейді, ал оны өнімді ылғал қорын бағалағанда ескеру керек.

Шаруашылық жағдайында нақты танап үшін себу алдында топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғалдың нақты қорын көпшілік таныған (салмақтық) тәсілмен анықтап және осы көрсеткіштер арқылы НМӨ-ді есептеу керек.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2607. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия