Студопедия — Жолаушыларвагондарын ағымд ағытып жөндеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жолаушыларвагондарын ағымд ағытып жөндеу






Вагон(франц. wagon, ағылш. waggon — арба) — рельсті жолмен қозғалатын көліктің құрамдас бөлігі. Әдетте, локомотивке тіркеледі. Сондай-ақ, өзіндік жетегі бар вагондар да,(моторлы вагон, трамвай вагоны, т.б.) болады. вагон жүк және жолаушылар тасуға қолданылады. Вагонның ең алғашқы нұсқасы ағаш шабақты жолмен жүретін.

Поездар мен оларға қызмет көрсететін жеке вагондар, халықаралық қатынастағы поездар менвагондар деп аталады.Әрбір жолаушы поезы белгілі бір типті вагондардың нақты санынан құралады. Әр санаттағы жолаушы поездарының құрамдары әр түрлі болып келеді. Жолаушы поездарындағы вагондар саны әдетте 15-тен 22-ге дейінгі аралықта болады және жолаушылар легіне, поезд санатына және жолаушылар платформаларының ұзындығына байланысты болады. Вагондардың құрамдағы нақты орналасуы сызба деп аталады. Композиция деп әр түрлі вагондардың саны (жұмсақ, купе, плацкарт және т.б.) мен олардың құрамда орналасуын атайды.

Жолаушылар тасымалын басқару

Жолаушылар стансасы жұмысын ұтымды пайдалану, басқару үрдісін тиімді құрастыруға байланысты. Жолаушылар тасымалының әр түрлі көлемі: жолаушылар стансасының жұмыс барысын, жүріп өткен жолында орналасқанын, құрастыру орындарындағы және жолаушылар пойызының айналым бекеттегі жұмысын анықтайды. Жолаушылар пойызын қабылдау мен жөнелту, құрамды рейске дайындау технолгиялық үрдісі өзінше құрастырылады. Бірақ олар бір-бірімен байланысты және ажыралмастай болу керек.

Жолаушылар стансасының басқару жұмысының технолгиялық үрдісін құрастырғанда, жолаушылар құрамымен тиімді жүйеде операцияларды өңдеу негіздеген, жұмсақ, қатты және түсірілетін құрылғылармен.

Темір жол вокзалдары ғимараттарынан тыс жерлерде орналасқан билет кассаларының жұмыс уақытын жергілікті жағдайларды негізге ала отырып, жолаушылар агенттігі белгілейді.

Жолаушылар поезының вагонында жол жүру кезінде мыналарға:

жол жүру құжатынсыз (билетсіз) жүруге;

вагондардың ілме басқыштарымен, вагон төбесінде және вагон астында жүруге, поезд жүріп

келе жатқанда отырғызып, түсіруге;

вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе ластайтын қол жүгін,

сондай-ақ сасық, өртқауіпті, улы, тез тұтанғыш, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды

тасымалдауға;

қажеттіліксіз поезды тоқтату кранымен тоқтатуға;

тамбурлар мен өтпелі алаңдарда жүруге;

белгіленбеген орындарда темекі шегуге;

вагондардың терезелерінен және есіктерінен қоқыстар мен басқа да заттарды лақтыруға

тыйым салынады.

Жолаушылар вагондардың жабдықтауын ұйымдастыру

Жолаушылар вагондарын жабдықтау пункті(бұдан әрі - жабдықтау пункті) - вагондарды сапарға дайындау және жабдықтауды жүзеге асыратын теміржол жолының арнайы учаскесі;

Жабдықтау бригадалары - вагондарды жуу, оларды жинау құралдарымен жабдықтау және отынмен, сумен толтыру бойынша жұмысты жүзеге асыратын жабдықтау пунктінің жұмысшылары.

Жабдықтау пункті функционалды аймаққа бөлінуі керек:

тазалау және сыртын жуу;

залалсыздандырып өңдеу;

ішкі жинау, жөндеу, тоқтату;

жинау құралымен жабдықтау, отынмен және сумен толтыру;

құрастырылған жолаушылар құрамдарын және оларды жылдың күзгі-қысқы мерзімінде жылытатын кейбір вагондарды тоқтату.

Жабдықтау пункті вагон жуғыш машиналарымен жабдықталуы қажет. Вагон жуғыш машиналарын тазалау аймағының кіру жолында орналастыру керек. Вагондарды жыл бойы жууды қамтамасыз ету үшін вагон жуу машиналары жылыту шымылдықтары және калориферлері бар (жылдың салқын мезгілінде вагондарды кептіру үшін) жабық үй-жайда орнатылуы қажет.

Вагон жуғыш машиналарында жұмыстың жабық циклі болуы қажет. Жолаушылар құрамын жуу үшін қолданылатын айналым суы қайта қолданылар алдында мұнай қалдықтарынан, зиянды заттардан локальды тазалау имараттарында тазартылуы және залалсыздануы қажет.

Жолаушыларвагондарындағыжылужүйесіүй-жайлардабірқалыптыжылудықамтамасызетуікерек.

Вагонныңсуменжабдықтаужүйесінзалалсыздандырудеполықжәнекүрделіжөндеуденкейін, вагондардымерзімдіктехникалықтексерукезіндежүргізілуікерек.

Тасымалдау түрлері

Жолаушыларды тасымалдау кезінде келесі қатынас түрлері болады:

- тіке – екі және одан артық жолдар шегінде;

- жергілікті – бір темір жолдың станциялары арасында;

- қала маңындағы – ірі елді мекендермен іргелес қала маңындағы телімдер шегінде.

Қала маңындағы қатынаста тасымалдау қала маңындағы аймақтарда 150 км-ге дейінгі қашықтықтарда жүргізіледі. Жергілікті қатынаста тасымалдау бір жол шегінде жүргізіледі. Тіке қатынасқа бір және одан астам жолдар шегінде жолаушы тасымалдау жатады (Алматы-Мәскеу, Астана-Санкт-Петербург, Алматы- Новосибирск). Жергілікті және тіке қатынаста жолаушы тасымалдауды алыс жолға тасымалдау деп аталады.

Халықаралық қатынасқа бір не одан астам мемлекеттер шегінде тасымалдау жатады.

Жолдың қашықтығыға қарай жолаушы поездары үш санатқа бөлінеді:

алысқа қатынайтын – 700 км-ден астам қашықтыққа жүретіндер

қала маңындағы – 150 км-ге дейінгі қашықтыққа жүретіндер

жергілікті – 150 км-ден 700 км-ге дейінгі қашықтыққа жүретіндер

Жолаушылар вагондарды тазалау және санитарлық өңдеуден өткізу

Ұйымның басшылары мен жеке тұлғалар осы санитарлық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі керек.жолаушы пойызы - жолаушы вагондарынан жасақталған жолаушы, жүк, пошта тасымалдауға арналған темір жол құрамы;

Вагон оның түрі мен кластығына байланысты жабдықталуы керек. "Жатын вагон"түріндегі вагондарды темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша ыңғайлы және сервисті деңгейді жоғарылатуды қарастыратын қосымша құрылғылармен жабдықтауға рұқсат етіледі.Өту жолының алаңшаларында жарамды кезекші жарықтар, сол сияқты қайта жеткізілетін және жобаланатын вагондарда апаттық жарықтар болуы керек. Сыртқы есіктердің жоғарғы бөлігі әйнектелген болуы, кіреберіс құлыпталатын, герметикалық нығыз болуы керек. Есіктің екі жағына ұстағыш тұтқа қондырылуы қажет. Аяқпен көтерілу басқышының беті тайғақ болмауы және қар мен суды ұстап қалуы керек.

Сапарға дайындық кезінде (айналым пункттерінде) вагонның санитарлық-тұрмыстық жабдықтарын және ішкі үй-жайларын жинау, қолдануға рұқсат етілген жуу және залалсыздандыру құралдарын пайдаланумен арнайы киімде жүргізілуі керек.Арнайы киім сигналды таңбаларға сәйкес екі халат жиынынан, резеңкелі қолғаптардан (салон мен дәретхананы жинауға арналған бөлек) тұруы керек.

Жинау құралдарының құрамында үш шелек, шлабыр, сыпырғыштар, шүберектер, щеткалар, еденнің кілем жамылғылары мен жұмсақ жиһаздары болған жағдайда шаңсорғыш болуы керек. Шелек және шүберектер "дәретханаға арналған", "еденге арналған", "сөрелерге арналған" деп таңбалануы керек. Жинау құралдары вагон кіреберістерінің от жақпайтын жағында жәшікте сақталуы керек. Таңбасына сәйкес емес жинау құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

Сыртқы және ішкі өңдеуден өткен вагондар көлемді құралдармен, сабынмен, дәретхана қағазымен жабдықталуы қажет. Жабдықтау саябақ құрамды сапарына жіберу алдында әр вагонды қолдануға рұқсат етілген залалсыздандыру және жуу құралдарымен қамтамасыз етуі керек.Тоқтауорындарындажолаушыпоездарыныңдәретханаларынпайдалануғарұқсатетілмейді.

Аймақтық қаламаңдық қозғалысты ұйымдастыру

Қаламаңдық жолаушылар тасымалының ерекшеліктері:

жыл маусымына,апта күндеріне және тәулік сағатына байланысты тасымалдың біркелкі еместігі;

Жолаушылардың бір жылдағы сапарын үлкен санмен есептеп көрсету (бірдей есептеу);

жұмыс күндері,демалыс және мереке күндері тұрақты жолаушы ағыны.

Қала маңындағы жолаушы тасымалдаудың едәуірінің өлшемдерін ұтымдандыру қала маңындағы жолаушы лектерінің қала маңындағы телімнің ұзындығында (кеңістікте) және тәулі уақыты бойынша (тәулікішілік) біркелкі бөлінбеуіне байланысты болып табылады. Үлестірілетін ағындар – жолаушы

пойыздарының телімдерінің айналымы

желінің полигон сөндірілетін ағындар

бір станцияда өңдеусіз өтетін ағындар

желі полигон үшін өтпелі болып табылатын ағындар

жолаушылар қозғалысы құрамының айналымы элементтерден тұрады:

айналым және құрастыру пунктінде тұрып қалу уақыты

бастапқы станциядан ақырғы станцияға дейінгі жүріс уақыты және айналым пунктінде тұрып қалу

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2040. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия