Студопедия — Мазмұны. Туляремия-қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мазмұны. Туляремия-қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен






Туляремия

Туляремия-қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру.

Мазмұны

· 1 Этиологиясы:

· 2 Эпидемиологиясы:

· 3 Инфекция көзі:

· 4 Таралу механизмі:

· 5 Мерзімділігі:

· 6 Иммунитет:

· 7 Патогенезі:

· 8 Патоморфологиясы:

· 9 Клиникасы:

· 10 Бубонды түрінде

· 11 Жаралы-бубонды

· 12 Көз-буббонды

· 13 Өкпелік түрі.

· 14 Пневманиялық түрі.

· 15 Генерализденген түрі.

· 16 Асқынулары:

· 17 Диагностикасы:

· 18 Емі:

· 19 Дереккөздер

§Этиологиясы:

Қоздырғышы-Frahcisella tularehsis, Francezella туысы, Brucellaceae тұқымдасына жатады. Екі антигендік комплексі бар:

· қабықтық Vi антиген

· соматикалық О антиген

Ұсақ кокк тәрізді және таяқшалар, капсула түзеді, эндотоксин бөледі, сыртқы ортада төзімді. Гр «-». Қоздырғыштың 3 түрі бар:

· арктикалық емес (американдық)

· орта азиаттық

· галарктикалық (европа-азиаттық)

§Эпидемиологиясы

Туляремия кең тараған, спородикалық вспышкамен өтетін, табиғи ошақты болып кездесетін ауру. Табиғи ошақтың 5 түрі бар: орманда, қырда, таулы-өзенді, тоғайсыз, тундралық. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар.

Francisella tularensis жиынтығы.

§Инфекция көзі:

· әр түрлі жабайы омыртқалы жануарлар (кеміргіштер, қояндар, тышқандар)

· ауылшаруашлық жануарлар (қой, шошқа, ірі қара малдар, солтүстік бұғысы)

· үй жануарлары (иттер)

· инод кенелері (қосымша резервуар)

§Таралу механизмі:

· контактілі, қарым-қатынас арқылы (зақымдалған тері жабыны, шырышты қабат арқылы).

· тағам арқылы

· ауа-шаң

· трансмиссивті (тістеп алса немесе кене, масаны езіп жіберсе жұғады)

§Мерзімділігі:

жаз-күз айлары.

§Иммунитет:

өмір бойы сақталады.

§Патогенезі:

туляремия патогенезінде 3 маңызды фактор бар:

1.. инфекциялық

2..токсикалық

3..аллергиялық

Қоздырғыш ағзаға жарақатталған тері арқылы немесе тыныс жолдарының және көздің шырышты қабаты арқылы енеді. Кіру қақпасы аурудың клиникалық түрін анықтайды. Кіру орнында инфильтрация мен қабыну ошағы дамиды, жиі қоздырғыш жергілікті лимфа түйіндеріне түседі, онда көбейіп, біртіндеп өледі. Эндотоксин бөледі, ол қанға сіңіріліп (токсинемия), интоксикацияға әкеледі. Регионерлік лимфа түйіндерінде некрозбен іріңді қабыну дамиды (біріншілік бубондар). Инфекциялық процестің дамуына байланысты ЖСБТ бойынша организмнің аллергиялық құрылысы өзгереді.

Туляремия

§Патоморфологиясы:

Туляремияда патоморфологиялық өзгерістер спецификалық туляремиялық гранулема түзілумен (ортасында некроз болады), олар ішкі мүшелерде лимфа түйіндерінде және әсіресе біріншілік бубондарда түзіледі.

§Клиникасы:

Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, кейде 10 күн болады. Туляремияның клиникалық жіктелуі: Клиникалық түрі Жұғу жолдары бубонды түрі көздің шырышты қабаты, тері арқылы жаралы-бубонды осы сияқты көз-бубонды осы сияқты ангинозды-бубонды ауыз арқылы өкпелік (бронхиттік және пневмониялық түрлері) тыныс жолдары арқылы генерализивті немесе біріншілік септикалық түрі кез-келген жұғу түрінде кездеседі, әлсіз адамдар ауырады Ағым ұзақтығы бойынша:

· жедел (3 айға дейін)

· жеделдеу (6 ай және ұзақ)

· рецедивтер

Ағым ауырлығы бойынша:

· жеңіл түрі

· орташа ауыр түрі

· ауыр түрі

Клиникасында 2 синдром бар:

1..интоксикация

2..жергілікті өзгерістер

§1

Интоксикациялық симптомдар: қалтырау, дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, бұлшық еттердегі ауырсыну (аяқ, бел, арқа бұлшық еттері), ұйқысының бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, құсу, галлюцинация. Беті, коньюктива, ауыздың шырышты қабаты, жұтқыншақтың бозаруы және гиперемиясы және склера тамырларының иньекиясы байқалады. Гепатомиенальды синдроммен жүреді. Кейбір науқастарда эритема, разеола, петехиялар симметриялы кездеседі.

§Бубонды түрінде

ауру басталғаннан 2-3 күні біріншілік бубон түзіледі. Жиі қолтық асты, жақ асты бубондары болады, түйіндер қатты, ауырсынбайды, қозғалмалы, шеті айқын.

§Жаралы-бубонды

түрі: қарым-қатынас және трансмиссивті жолмен жұққанда дамиды. Қоздырғыш енген орнында дақ түзіледі (біртіндеп 6-8 күнде папулеға айналады) 5-15 мм.

§Көз-буббонды

түрі коньюктива арқылы түскенде 1-2% жағдайда кездеседі. Біржақты зақымдалу тән. Коньюктива қызарады, одан кейін папула жараға айналады, қабақтың ісінуі, алдыңғы мойын, құлақ маңы, жақ асты лимфа түйіндері ұлғаяды. Бірніші аптадан айға созылады. Тамағында аздаған ауырсыну болады, аурудың 4-5 күні бадамша безі ұлғаяды, кір-сұр түсті жабынмен жабылады. Баспамен біргі біржақты лимфаденит болады. Мезантериальды лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталады. Науқастар іштегі қатты ауырсынуға, құсу, іш өтуге шағымданады. Пальпацияда сезіледі.

§Өкпелік түрі.

Бронхтық және пневмониялық варинтпен жүреді. Құрғақ жөтел, кеуде артында ауырсыну, құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Субфебрильді қызба. Ауру ұзақтығы 8-12 күн.

§Пневманиялық түрі.

Қабыну мен ауыр ағыммен сипатталады, кеудеде ауырсыну, құрғақ жөтел, шырышты іріңді немесе қанда қақырық болуы тән. Рецидив болуы тән.

§Генерализденген түрі.

Ауыр ағымды, тиф тәрізді немесе септикалық вариантпен жүреді, регионарлы лимфаденит тән. Жиі бөртпе, полиморфты эритема, гепатоспленомегалиямен жүреді. Өте ұзақ, рецидив болу мүмкін.

§Асқынулары:

· екіншілік туляремиялық пневмония

· менингит, менингоэнцефалит

· миокардиодистрофия, перикардит

· жедел өкпе немесе жүрек тамыр жетіспеушілігі

§Диагностикасы:

· биологиялық

· серологиялық

· аллергиялық

§Емі:

· этиотропты препараттар

· патогенетикалық дезинтоксикациялық заттар

· физиотерапия

 

 

Сөзжұмбақ;


Сұрақтары.

1.Туляремия қандай ошақты ауру?

2.Аурудың таралу жолдары?

3.Туляремия ауруының негізгі клиникаларының бірі.... ісінуі болып табылады.

4.Туляремия қандай аурулар тобына жатады?

5.Туляремияға қандай иммунитет пайда болады?

6.Аурудың қайта өршуі?

7. Туляремияның тістеп алу арқылы жұғу жолы қалай аталады?

8. Үй жануарларының ішіндегі инфекция көзі болып табылады?

9.Туляремияның патологиялық факторларының бірі?

жауаптары:

1.табиғи

2. ауа-шаң;

3. лимфа түйін

4.инфекциялық;

5.тұрақты

6.рецедив

7.трансмиссивті

8.иттер

9.аллергиялық;







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1560. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия