Студопедия — Клиникалық көрінісі және диагностикасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Клиникалық көрінісі және диагностикасы






ЖА клиникалық көрінісі аурудың түріне, құрт тәрізді өсіндінің орналасуына, асқынулардың бар-жоқтығына және науқастың қорғаныс қабілетіне байланысты әр қилылығымен сипатталады.

Ауру сезімі ЖА негізгі және тұрақты белгісі болып есептеледі. Ауру әдетте жедел түрде, аяқ астынан басталады. ЖА типтік ағымы кезінде ауру сезімі эпигастрий аймағынан, кіндік айналасынан басталады, аурудың әрі қарай дамуына байланысты, 2-3 сағаттан кейін ауру сезімі оң жақ мықын аймағына ығысып, сол жерде тұрақталады (Кохер-Волкович және Кюммель симптомдары). Құрт тәрізді өсіндінің орналасуына байланысты ауру сезімі іштің кез-келген аймағында анықталуы мүмкін. Мысалы, өсінді жамбас қуысында орналасқан жағдайда ауру сезімі іштің төменгі бөлігінде, ретроцекалды және ретроперитониалды орналасуы кезінде – бел аймағында, жоғары орналасқан кезде – оң жақ қабырға астында анықталады және т.б.

Ауру сезімінің сипаты аурудың түріне байланысты болады. Катаралды аппендицит кезінде іштің аздап ауырғаны байқалады, флегмонозды түрінде – ауру сезімі интенсивті болады, ал құрт тәрізді өсіндінің эмпиемасы кезінде ауру сезімі өзінің күштілігімен және солқылдап ауруымен сипатталады. Ал өсіндінің дестркциясы (гангренасы) кезінде, рецепторлардың өлуіне байланысты, ауру сезімі бәсеңдейді. Қабыну процесінің прогрессивті түрде дамуы кезінде және диффузды немесе жайылмалы перитониттің дамуына байланысты ауру сезімінің белгілі бір локализациясы болмайды, ауру сезімінің анықталу аймағы ұлғайады және іштің барлық жерінде анықталуы мүмкін.

Ауру басталған кезде науқастардың жүрегі айнып, кейбір жағдайларда бір- немесе екі рет құсады, ол рефлекторлы түрде болады.

Ішек парезіне байлансыты ауру басталған сәттен бастап науқастарда үлкен дәрет болмайды, алайда құрт тәрізді өсінді жамбас қуысында орналасқан кезде, тік ішектің тітіркенуіне байланысты, іштің өтуі мүмкін.

Дене температурасы әдетте субфебрильді көрсеткіштерге дейін көтеріледі (37,2-37,80С), кейде дене дірілімен қатар байқалады.

Объективті түрде қарау кезінде науқастардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық болатынын айта кету керек, бірақ ауру әрі қарай прогрессивті түрде дамыған кезде және асқынулар пайда болған кезде науқастардың жағдайы нашарлайды. Басқа хирургиялық аурулары бар науқастармен салыстырғанда ЖА ауырған науқастар төсекте ыңғайлы қалып іздемей-ақ тыныш шақасынан немесе оң жақ қырында жатады, мәжбүрлі қалыпта болмайды.

Әлсіздік, тәбетінің төмендеуі сияқты жалпы симптомдар да кездеседі. Ішті қарау кезінде оң жақ мықын аймағы тыныс алудан қалып отырады немесе мүлде қатыспайды.

Беткей және салыстырмалы пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы бұлшық еттің қатайғаны (defans musculare) анықталады. Терең пальпация кезінде қабыну процесінің шектелгенін және инфильтраттың бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.

ЖА негізгі симптомдары: Кохер-Волкович, Кюммель, Ровзинг, Раздольский, Образцов, Ситковский, Бартомье-Михельсон, Щеткин-Блюмберг және Воскресенский.

Құрт тәрізді өсінді төмен орналасқан жағдайда (жамбас қуысында) ректалды немесе вагиналды зерттеулердің, қолтықасты мен тік ішек температураларын өлшеудің диагностика үшін маңызы зор. Егер екеуінің температураларының арасында 1 градус өзгеріс болса, өсіндінің жамбас қуысында орналасқаны жөнінде ойлауға болады (Маделунг симптомы).

Лабораторлық зерттеулерден ЖА диагностикасы үшін жалпы қан және жалпы зәр талдаулары міндетті түрде жасалуы тиіс. ЖА кезінде лейкоцитоз және лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, аурудың соңғы сатыларында – ЭТЖ артқаны байқалады. Құрт тәрізді өсіндідегі патологиялық процестің сипатына байланысты лейкоцитоз аздаған (8-10 мың) немесе айтарлықтай (14-20 мың) болады. Лейкоцитарлық формуланың солға қарай ығысуы қабыну процесінің тереңдігін көрсетеді.

ЖА кезіндегі зәр талдауындағы патологиялық өзгерістер (белок, пиурия, микрогематурия және т.б.) өсінді ретроцекалды, ретроперитониалды немесе жамбас қуысында орналасқан кезде пайда болуы мүмкін, сонымен қатар зәр талдауы зәр шығару жолдары мүшелерінің ауруларын нақтылауға және жоққа шығаруға мүмкіндік береді.

ЖА қиын жағдайлары кезінде аурудың клиникалық көрінісімен қатар құрал-аспатық зерттеу әдістері де маңызды рөл атқарады: құрсақ қуысының УДЗ әдісі, лапароскопия.

ЖА ағымының балаларда, қартайған және кәрі адамдарда, сонымен қатар жүкті әйелдерде өз ерекшеліктері болады.

Аурудың типтік ағымы кезінде ЖА анықтау көптеген жағдайларда қиындықтар туғызбайды. Алайда, ЖА атипті ағымы да байқалады, ол өсіндінің орналасуына, аурудың басталу уақытына, асқынулардың бар-жоқтығына, науқастардың жасына, жынысына, сонымен қатар жеке ерекшеліктеріне байланысты болады.

Бүгінгі күнге дейін ауруханаға дейінгі және госпиталды кезеңдерде диагностикалық қателіктер көптеп жіберіледі. Сол себептен И.Л. Ротковтың «Диагностические и тактические ошибки при остром аппендиците» (1980, 1988) деген кітабы бекерге шыққан жоқ.

ЖА ажыратпа диагнозы төмендегідей аурулармен жүргізілуі тиіс: асзан мен он екі ішектің перфоративті ойық жарасы, жедел холецистит, жедел панкреатит, ішектің жедел түйілуі, жедел оңжақты аднексит, жатырлықемес (түтікті) жүктілік, зәртас ауруы, оңжақтық плевропневмония, миокард инфарктісінің абдоминалды түрі, мезентериалды тамырлардың тромбозы, Крон ауруы, Меккель дивертикулиті, жедел ішек инфекциясы және басқ.

Емі: «Жедел аппендицит» деп қойылған диагноз шұғыл операцияға – аппендэктомиға абсолютті көрсеткіш болып табылады. ЖА кезінде операция жергілікті инфильтрациялық анестезиямен жасалынады, ол үшін оң жақ мықын аймағында Мак-Бурней нүктесінен өтетін Волкович-Дьяконов кесілімі қолданылады. Жалпы жансыздандыруды қолдану көрсеткіштері: 15 жасқа дейінгі балалар, психикалық аурулары бар науқастар, эмоционалды лабильді пациенттер, ЖА перитонитпен асқынулары және операция кезіндегі кездесетін қиындықтарды алдын ала болжау (құрсақ қуысындағы жабыспа процесі, теріасты клетчаткасының айтарлықтай дамуы және т.б.).

Операцияданкейінгі асқынулар: Операциялық жараның инфильтраты мен іріңдеуі, лигатуралық жыланкөздер, құрсақ қабырғасындағы жарадан қан кету. Ішектің түйілуі, құрсақ қуысындағы қан кету, құрт тәрізді өсінді қалдығындағы тігістің шешіліп кетуі, перитонит сияқты асқвнулар сирек кездеседі.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2077. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия