Студопедия — Тақырып. Деректер қоры және деректер қорын басқару жүйесі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Деректер қоры және деректер қорын басқару жүйесі.






Жоспар:

1. Деректер қоры жайлы түсінік. Деректерді ұйымдастырудың моделі.

2. Деректер қорын басқарудың бағдарламалық жүйесі. ДҚБЖ-ны экономикада қолдану. Жалпы характеристика. Acсess ортасында деректерді өңдеудің бастапқы кезеңдері.

3. ДҚБЖ Acсess-ке экономикалық қосымша. Кесте және деректер сызбасын жасау. Деректер қорына сұраулар жасау.

4. Деректер қорымен жұмыс жасау үшін экранның формасын жасау. Есептерді конструкциялау.

Кілттік сөздер:деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі, кесте, жазба, өріс, кілт, санауыш, индекс, конструктор, SQL, шебер.

Иллюстрациялық материал:Балапанов Е. «Информатикадан 30 сабақ», Жаролдина Г.Қ.Абдилдаева М.М. Тертюбаева С.С. «Информатика» электрондық оқулықтары

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [10, 16, 20, 22, 26]

1. Дженнингс Роджер. Использование Microsoft Office Access 2003. Специальное издание / Р. Дженнингс; Пер. с англ. И.Тараброва.- М.: Вильямс, 2005.- 1312с (с компакт диском).

2. Коупстейк С. ACCESS 97. Шаг за шагом / С. Коупстейк; Пер. с англ. под ред. В. Кошелева.- М.: БИНОМ, 1998.- 208с.

3. Михеева В. Microsoft Access 2003 (+CD) / В. Михеева, И. Харитонова.- СПб.: БХВ-Петербург, 2006.- 1072с.

4. Сергеев А. Access 2007. Новые возможности / А. Сергеев.- СПб.: Питер, 2008.- 176с.

5. Хомоненко А. Microsoft Access. Быстрый старт / А. Хомоненко, В. Гридин.- СПб.: БХВ-Петербург, 2002.- 304с.

Қосымша әдебиеттер: [24, 25, 26, 27, 28, 29]

1. Голицына О.Л. Базы данных: Учеб.пособие для техникумов и профессиональных школ / О.Л. Голицына, Н.В. Максимов.- М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2004.- 352с.

2. Голицына О.Л. Системы управления базами данных: Учебное пособие / О.Л. Голицына, Т.Л. Партыка, И.И. Попов.- М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2006.- 432с.- (Профессинальное образование).

3. Кузин А.В. Базы данных: Учеб.пособие для студ. вузов / А.В. Кузин, С.В.

Левонисова.- 3-е изд., стер.- М.: Издательский центр"Академия", 2008.

4. Сеннов Андрей. Access 2003. Практическая разработка баз данных (+CD): Учебный курс / А. Сеннов.- СПб.: Питер, 2005.- 256с.

5. Харитонова И. Програмирование в ACCESS 2002: Учебный курс / И. Харитонова, Н. Вольман.- СПб.: Питер, 2003.- 480с.

6. Word 97мәтiн редакторы: Лабораториялық практикум.- Алматы: БОРО, 1999.- 86 б.

 

Деректер қоры (ДҚ) – ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.

Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен бағаналардан тұрады.

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

 

 

Microsoft Access – Windows ортасында жұмыс істейтін, 32- разрядты, реляциялық ДҚБЖ, мұнда бір мезетте бірнеше деректер қорының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляция­лық мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрас­тырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Access кестесін басқа компьютердегі немесе сервердегі мәліметтермен байланыс­тыруға және де мұнда Paradox немесе Dbase ДҚБЖ -лерінда жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Access мәліметтері Excel кестелерімен де оңай мәлімет алмаса алады.

Access Windows-технологияның барлық мүмкіндіктерін сүйемел­дейді және оның тұтынушының жұмыс істеуіне қолайлы графикалық интерфейсі бар.

Деректер қорының ортақ түсініктері (терминдері):

Кесте – деректер қорымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, деректер қоры. Ол өрістер (field – поле) мен жазбалардан (record – запись) тұрады.

Жазба – кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол ДҚБЖ мәліметтерін сақтайтын негізгі бөлік болып табылады.

Өріс – кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін қатарды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.

Түйінді өріс (ключевое поле) – кестедегі жазбаларды таңдап алу мақсатында мәндері қолданылатын негізгі өріс.

Түйін немесе кілт (ключ) – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше негізгі өрістер.

Санауыш (счетчик) – кестедегі жазбалардың реттік нөмірлері орналасатын өріс.

Индекс – индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі.

Жазбаны белгілеу аймағы – кесте жолын толық белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.

Өрісті белгілеу аймағы – өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.

Конструктор – деректер қоры объектілерінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.

SQL – құрылымды сұраныстар тілі (structured query language). Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып саналады. Бірақ SQL мүмкіндік­терінің шектеулілігі оны бірсыпыра программа­ларда кеңейтуге әкеліп соқтырады.

Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындай­тын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып, қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс істеуді жеңілдету үшін Шебер жұмысы бірнеше қадамдардан немесе кезеңдерден тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсіз кезеңді аттап кетуге болады. Программаға Шебер мүмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.

Гиперсілтеме – белгілі бір файлға сілтеме рөлін атқаратын көрсеткіш сөз. Гипер­сілтемелер Access деректер қорын Іnternet файлдарымен немесе басқа файлдармен байланыстыру үшін қолданы­лады. Сондай файлдарды қарап шығу, көру үшін арнайы программа жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс барысында гиперсілтемелер басқа түспен (көк) боялып көрсетіліп тұрады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2500. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия