Студопедия — Кіріспе. Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы






Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы. Қазақ тілі курсын типтік бағдарламада көрсетілген талаптарға сай жүргізу мақсатында оның мақсат, міндеті айқындалып, осы жұмыс бағдарламасы дайындалды. Бұл жұмыс бағдарламасы В2 – негізгі стандартты деңгейге арналған.

Қазақ тілі пәнін оқыту практикалық сабақтар, «Сөйлесім», СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тілді жоғары оқу орнында оқытуға байланысты ұсынылып отырған бұл бағдарламаның құрамына төмендегідей элементтер кіреді:

· оқытылатын пәннің өзектілігі;

· оқытудың мақсаты мен міндеті;

· пән бойынша алдыңғы және кейінгі деректемелер;

· студентте дамытылатын білім, білік, дағдылар, құзіреттіліктер.

Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру.

Оқытудың міндеттері:

· студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби салалар бойынша сөздік қорларын байытып, қатысымдық құзіреттіліктерін көтеру;

· курс бойынша грамматикалық құзіреттіліктерін дамыту, яғни грамматикалық бірліктерді дұрыс пайдалана білуге үйрету;

· қызмет бабында қарым-қатынасқа қажетті тілдік құралдарды, сөйлеу үлгілерін қолдануға дағдыландыру.

Алдыңғы деректемелер: Студенттер «Қазақ тілі» курсы бойынша белгілі бір көлемде лексикалық қор жинақтаған, қатысымдық, грамматикалық құзіреттіліктері дамытылған болуы керек.

Кейінгі деректемелер:Курсты аяқтаған студенттер ресми ортада ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түсе алатын болып, білімін «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсында жалғастыра алады.

Деңгейлік дескрипторлар:

1. тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

2. дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру:

- өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б.) мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;

- белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;

- күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау).

3. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіру.

3.1.1 Сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушылық таныту.

3.2.1. Айтылым. Монолог түрінде:

- әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби оқу саласында жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

- кітап немесе фильм сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру;

- берілген тақырып бойынша алдын ала дайындалған, аса күрделі емес баяндама жасау.

3.3. Жазбаша түрде:

- қарапайым өзара байланысты мәтіндерді:

- тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттар/объектілерді сипаттау;

- белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу;

- күнделікті өмірдегі фактіге құрылған мәліметтер мен оны түсіндіруге қажетті әрекеттерге қысқаша баяндама жасау;

3.4. Тыңдалым дағдыларын түсінуі керек:

- кәсіби өмірден алынған қарапайым хабарламаларды;

- өтілген тақырыптағы әңгімені анық айыра білуді;

- әңгімелесушінің сөзін аңдай алу;

- дыбысталуы нақты жүйеленген радио және телебағдарламалардағы мәліметтерді;

- радиодан берілген жаңалықтардың негізгі хабары мен таныс тақырыптағы қарапайым баяу берілген мәтіндерді (интервью, қысқа дәрістер, репортаждар);

3.5. Оқылым дағдылары:

- электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметті ала білу;

- күнделікті материалдардан (хат, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпараттарды табу және түсіну;

- мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу;

- газет материалындағы таныс тақырып бойынша негізгі ережелерді көрсете білу;

- қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша қарапайым мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну;

- қарапайым тілде жазылған техникалық ережелердің (қауіпсіздік техникасы)мазмұнын түсіну;

- буклет, каталог, даңғыл, ас мәзіріндегі, кестедегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана алу.

Студенттерге қоғамымыздағы экономикалық өзгерістерді ескере отырып, «Қазақ тілі» курсы бойынша алған білімдерін жалғастырып, қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Бағдарламада берілген тақырыптар деңгей бойынша сұрыпталып, тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қамти отырып құрастырылған. Бағдарламада әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби салалар бойынша тақырыптар, арнайы терминдер меңгертіледі.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 483. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия