Студопедия — Ілияс 1935-1937 жылдары Қазақтың көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ілияс 1935-1937 жылдары Қазақтың көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.






1937 жылы Ілияс үйелменімен жазғы демалыстарын Алматы мен Фрунзе аралығында, Дегерес жайлауында өткізіп жатқанда тамыздың 11-де Жазушылар одағының парторгі Әбдіқадыров Қалмақан Ілиясты Алматыға шақыртады. Екі күннен кейін Алматыға жеткенде, олардың «Ғаббас Тоғжановтың орнынан алынғандығына байланысты» шақыртқанын біледі. Сол күні үйлеріне қонаққа келген Мұхтар Әуезовпен шай ішіп, кешке ол кісіні шығарып салып, үйлеріне кіргенде, арттарынан НКВД-ның адамдары да еніп, ордер көрсетіп, үйдің ішін тас-талқанын шығарып тінтіп, қолжазбаларды, кітаптарды тәркілеп, Ілиясты 1937 жылы 11 тамыз күні жікшілдер мен «шаш ал десе, бас алатын» қаныпезерлер қамауға алады. Ақ пен қызылдың қырғынынан енді ғана есін жинап, оң мен солын танып, өркениетті елдер көшіне ілесіп келе жатқан ұлы қазақ халқының сүт бетіне шығар қаймағы 1937 жылғы репрессия кезінде тұтас қалқып алынды.

Алматыдағы Виноградов пен Дзержинский (қазіргі Шапырашты Наурызбай) көшелерінің қиылысындағы сұр тас үйде Ілияс 1937 жылдың тамыз айынан 1938 жылдың 26 ақпанына дейін алты ай қамауда ұсталған. Бекболат Мұстафин қамауда отырған кезде тас қабырғада әлденемен қашап жазылған «Ілияс» деген жазу болыпты. Бірақ оны кімнің жазғаны белгісіз. Өйткені тап сол уақытта осы абақтыда Ілияс есімді үш адам отырыпты. Олар: Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Ілияс Исатаев. Десек те, бұл тас қабырғаға ақын алақанының табы сіңгені айдай ақиқат.

«1937-1938 жылдар – бірін-біріне атыстырып - шабыстырып, «халық жауы» дегізіп, қазақтың жауқазындай қаулап шыққан биік саналы, беделді асыл азаматтарын бір-бірлеп ұстап, атқанын атып, айдағанын айдап, қансыратып, қоғадай жапырып, қамыстай қырыққан, дүбірі мен дүрбелеңі жалпақ даланы қара құйын дауылға ораған шырғалаң шақ. Зобалаң сойқанға толық зорлығы шектен асқан зәрлі кезең. Адамды адам қасқырдай талаған кез. Біреудің біреуді аямауы, бірін-бірі құзға құлатуы жыртқыш аңнан да бетер еді. Голощекин тұсында, тіпті одан әлдеқайда бұрын, жүргізілген бір-біріне айдап салу, қырғидай қырқыстыру саясаты ел ішіндегі алауыздықты үнемі қоздырып отырды»,- деп, бейімбеттанушы ғалым Т.Бейісқұлов сол заманның сұрқайы бейнесін ашына жазады.

Қисынсыз жала–жабулардың, өтірік іс-құжаттардың негізінде ҚазССР Ішкі істер халық комиссары Реденске Горячев «Аса құпия» қатынас қағаз жолдайды. Онда: «Сіздің КСРО Жоғарғы Соты әскери алқасының 1938 жылғы 26 ақпанда болған көшпелі сессиясының ең жоғарғы қылмыстық жаза – ату жазасына кесілгендерге шығарған үкімін орындауға нұсқау беруіңізді сұраймын», – делінген де, атылатын адамдардың тізімі берілген. Соңына Горячев қол қойған, мөр басылған. Сөйтіп бір күнде 37 адам атылады. Олардың ішінде І.Жансүгіров болған.

Ақын 1937 жылы 7 қаңтарда жазған өмірбаянында: «Я очень хорошо чувствую себя, здоров. В основном занят литературной работой и она мне доставляет большое удовольствие» деп жазыпты. Алаңсыз шығармашылық еңбектің ләззаты енді бірер айдан соң абақтының азабына айналарын ол кезде ақынның өзі де білмеді.

...Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай,

Я көрсін, я көрмесін тұрғыласым.

Халқымның қуанышты бұлбұлымын,

Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін,

Көтеріп көптің көңілін күнде тауып

Жүлде алар жұма сайын туды күнім,-

деп, шаттанып, құлашын құздарға сермеген шабытты шағында ақын өмірі қиылып кете барды.

Алдымда Құлагердей бүкіл еңсең,

Тұратын жыр бәйгесін күтіп өңшең.

Қазақтың маңдайына өлең бітсе,

Өлеңнің маңдайына бітіп ең сен.

 

Оралып аяғыңа дала гүлі,

Еліңнің қол соққанда бар ауылы,

Ат басын аңырата жіберіп ең,

Мерт етті Батыраштың қарауылы...,-

деп, жоқтады артындағы ақын інісі Тұрсынзада Есімжанов.

Елімізде отызыншы жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың құрбаны болған аса көрнекті қазақ ақыны, жазушы, журналист Ілияс Жансүгіров тек 1957 жылы 12 сәуірде толықтай ақталып, туған халқымен қауышады.

1993 жылы Қазақстанның республикалық «Әділет» қоғамы Алматы облысының Талғар ауданы, Жаңалық ауылының маңында отызыншы жылдардың аяғында атылғандардың сүйектері жерленгенгендігін анықтайды.

Тапсырма: Ілиястың қызметкерлік, қайраткерлік өмір жолын таблицаға түсіру.

Ілияс өмірі,шығармашылығы жайлы тың деректер іздестіру.

«Аңызға бергісіз ғұмыр» (Талдықорған, 2007ж. Құрастырушы Ш.Ә.Кыяхметова) естеліктер жинағымен танысу.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2111. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия