Студопедия — Оқытудың соңғы нәтижесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оқытудың соңғы нәтижесі






  Рөлдермен берілген компетенциялар Оқытудың соңғы нәтижелері
  Клиникалық ойлау қабілетінің шебері (1+2 деңгей) · Анамнез жинайды · Физикалық тексерулерді өткізеді · Клиникалық талдауды және синдромдар туралы шешімді қабылдауды көрсетеді · Клиникалық белгілердің айқындалу дәрежесін бағалайды және түсіндіреді · Сәйкес тексеру жоспарын тағайындайды және тексеру нәтижелерін сараптайды · Тиімді емдеу жоспарын тағайындайды · Тағайындалған дәрілер мен әрекеттердің әсер ету механизмдерін түсіндіреді · Дифференциальды диагноз жүргізеді · Негізгі жедел жағдайлар кезінде жедел жәрдем көрсетеді
  Коммуникация және коллаборация шебері (1+2+3 деңгей) · Сараптама жүргізбейтіндерге маңызды негізгі ақпараттарды хабарлау қабілетін көрсетеді · Командада жұмыс істеу қабілетін көрсетеді · Жақсы коммуникация біліктілігінің дәрігер үшін негізгі клиникалық дағды екендігін түсінеді · Нәтижелі тыңдайды · Вербальды емес белгілерді қабылдауға бейім · Медициналық сұхбаттасуды нәтижелі атқарады · Агрессия және басқа да психологиялық қиын жағдайларда коммуникацияға бейім · Жағымсыз ақпараттарды хабарлай алады · Мүгедектермен және түрлі еңбекке жарамсыздық кезінде адамдармен тіл табыса алады · Аудармашы арқылы басқа тілдес адамдармен тіл табыса алады · Түсіністік, сенімділік, сыйластық, адалдық арқылы науқастармен және оның жанұясымен жағымды терапиялық қарым-қатынас орнатады · Құпиялық сақтай біледі · Науқастарды күту үшін этикалық принциптерді және анализді қолданады · Науқастың ақпаратты келісімін алып, оны құжаттай алады · Науқаспен қарым-қатынас кезінде сұхбаттасуды, сұрақтарды және бірлесіп жұмыс істеуді мақтап отырады · Науқасты тексеру және емдеу жоспарлары бойынша бірігіп шешім қабылдау үшін науқастарды, олардың жанұясын және денсаулық сақтау жүйесіндегі басқа да мамандарды араластырады · Денсаулық сақтау жүйесіндегі басқа да кәсіби мамандармен қарым-қатынасты орнату қабілеттілігін көрсетеді
  Тәжірибелік процедуралар шебері (11 деңгей) · 4-5 курстарда клиникалық оқыту деңгейіне сәйкес мамандандырылған тәжірибелік процедуралар
  Кәсіпқой, менеджер, көшбасшы (1+2+3 деңгей) · Этикалық тәжірибе арқылы науқастарға, кәсібіне және қоғамға деген қызығушылығын көрсетеді · Мәдени және этностық ерекшеліктеріне қарамастан басқалармен тәуелсіз, құрылымды түрде қарым-қатынасты ұйымдастыру қабілеттілігін көрсетеді · Сынау және өзін-өзі сынау, рефлекстік тәжірибеге қабілеттілігін көрсетеді · Ұйымдастыру және жоспарлауға қабілеттілікті көрсетеді (тайм-менеджментті қоса) · Қажет жағдайда автономды түрде жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді · Шет тілін біледі · Жақсы тәжірибеге, сапаны жоғарылатуға деген қабілетін көрсетеді · Проблемаларды шешу және шешім қабылдау қабілеттілігін көрсетеді · Лимиттерді сезініп, көмек сұрай білу қабілеттілігін көрсетеді · Келеңсіздік кезінде әрекет ету және жаңа жағдайларға бейімделу қабілеттілігін көрсетеді  
  Шәкірт, ғалым (1+2+3 деңгей) · Медицинадан тыс ғылым негіздерін біледі (құқық, экономика, саяси ғылымдар және т.б.) · Жеке білімді басқару жүйесінің принциптері мен іске асыру стратегиясын сипаттай біледі · Компьютерді қолданады · Ақпаратты есте сақтау дағдыларын игерген · Оқыту үшін сұрақтарды дұрыс құрастыра алады · Қажетті ақпаратты алуға дұрыс ізденіс жүргізе алады · Ақпаратты сынау арқылы бағалау принциптерін көрсетеді · Ақпарат көздерін бағалайды · Оқу процесін құжаттап отырады · Нәтижелі презентация дағдыларын көрсетеді · Тәжірибеде білімді қолдану қабілеттілігін көрсетеді · Тәжірибеде оқыту, үйрету кезеңдерін білуді және қолдануды біледі · Сынау арқылы бағалау дағдыларын клиникалық тәжірибемен біріктіре алады · Кері байланысты нәтижелі қамтамасыз етеді · Нәтижелерді сараптау үшін статистикалық әдістерді қолданады · Мәліметтерді көрсету үшін кестелер мен сызбаларды құрастыра алады
  Зерттеуші (1 деңгей) · Зерттеу сұрақтарын құрастыра алады · Әдебиеттерді сараптауды жүргізе алады · Зерттеу дизайнын бағалай алады · Басылымға берілген медициналық әдебиетті сынау арқылы бағалай алады · Клиникалық тәжірибеде дәлелдемелі медицина ұстанымдарын қолдана алады

Оқудың соңғы нәтижесін талдау:

Клиникалық ойлау қабілетінің шебері:

Студент білуі тиіс:

1. ҚР акушериялық-гинекологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру принциптерін;

2. Әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін;

3. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексеру ерекшеліктерін;

4. Физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің ағымы

мен жүргізу принциптерін;

5. Акушерия мен гинекологиядағы зерттеудің қазіргі қосымша әдістерін;

6. Ұрықтың (іштегі нәрестенің) жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістерін;

7. Жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық

көрінісін, диагностика принциптерін, шұғыл жәрдем көрсету және алдын алуды;

8. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау

принциптерін;

9. Емшекпен емізу принциптерін;

Студент жасай алуы тиіс:

10. Жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинауды;

11. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің объективті әдістерін

қолдануды;

12. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің жоспарын құру мен зерттеу

нәтижелерін талдауды;

13. Жүктілік пен босану кезінде қауіп факторын анықтауды;

14. Жүктілік пен босану патологиясына дмагноз қоюды;

15. Босанған әйелге баланы емізу техникасына үйретуді;

16. Босанған әйелге босанғаннан кейінгі контрацепцияға, соның ішінде лактационды

аменорея әдісіне үйретуді;

17. Апгар әдісімен нәресте жағдайын бағалауды;

18. Босануда бала жолдасының тұтастығы мен қан жоғалтуды анықтауды;

19. Пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және басқа медицина

қызметкерлерімен сенімді қатынас құруды;

20. Топта жұмыс істеуді;

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

Практикалық процедуралар шебері:

• Акушериялық сыртқы және ішкі тексеруге;

• Арнайы тексеру әдістеріне: жатыр мойынын айнамен қарау, жатыр қабырғасын-

іншекті бимануальды тексеру, ректальды және ректовагинальды тексеруге;

• Емшекті қарау және пальпациялауға;

• Бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеруге сүртінді алу, іншектегі затты онкоцитологиялық тексеруге;

• Жатырішілік контрацептивтерді енгізуге;

• Ұрықтың (іштегі нәрестенің) жүрек соғысының аускультациясын, КТГ;

• Гравидограмманы, партограмманы жүргізу мен түсіндіруге;

• Босанғаннан кейінгі кезеңдегі жағдайын бағалауға;

• Операциядан кейінгі тігістер мен бұтаралықтағы тігістерді өңдеуге;

• Нәрестені біріншілік өңдеуге.

2.5. Пәннің алғы реквизиттері:анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология.

2.6. Пәннің кейінгі реквизиттері:жедел шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік тәжірибе, интернатура.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1358. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия