Студопедия — Ысқаша мазмұны. 2.1 Табиғатты пайдалану (шаруашылық салалары) түрлері бойынша жіктеу.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ысқаша мазмұны. 2.1 Табиғатты пайдалану (шаруашылық салалары) түрлері бойынша жіктеу.






2. 1 Табиғатты пайдалану (шаруашылық салалары) түрлері бойынша жіктеу.

Экологиялық жобалау және экспертиза объектілерінің белгілері сан алуан. Олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық қызметтер атқарады. Олар сонымен бірге табиғи-антропогендік ландшафттардың құрамдас бөліктері ретінде де әрекет етеді. Осыған сәйкес оларды классификациялаудың көптеген түрлері ұсынылуы мүмкін. Анағұрлым конструктивтісі болып келесілер табылады:

Ø Шаруашылық салалары бойынша (немесе адамның өндірістік-шаруашылық әрекетінің түрі бойынша);

Ø Табиғи геожүйелер (ландшафттар) мен инженерлік-техникалық сооружениелер арасында энергия және зат алмасу типі бойынша;

Ø Адам және табиғатқа экологиялық қауіптілік дәрежесі, яғни ластану дәрежесі бойынша.

Осылардың біріншісін пайдаланудың артықшылығы мен қажеттілігі жобалаудың салалық ҒЗИ-мен, жобалық мекемелермен, ведомстволар мен министрліктер фирмаларымен жүзеге асып келе жатқандығымен байланысты. Екінші сыныптау физико-географтарға қажет. Оны пайдалану функционалды-динамикалық қадам жасауға және географиялық болжам жасауға мүмкіндік береді. Үшінші сыныптау объектілердің адамның өмір сүру ортасына, ландшафттың жекелеген компоненттеріне және түгелдей ландшафтқа әсерін бағалауды жүзеге асыру үшін қажет.

Шаруашлықтың негізі – материалдық өндіріс, ол келесілерден тұрады:

ü Тікелей материалдық құндылықтар жасайтын салалар – өнеркісіп, ауылшаруашылығы, құрылыс;

ü Дайын материалдық құндылықтарды тұтынушыға жеткізетін салалар – материалдық өндіріске қызмет көрсетуші көлік және байланыс;

ü Айналым сферасында өндіріс процессін жалғастырумен байланысты салалар;

ü Сауда-саттық, материалдық-техникалық қамтамасыздандыру, қоғамдық тамақтану.

Өндірістік емес салаларда жобалау объектілері болып келесілер саналады:

Тұрғындарға қызмет көрсетуші көлік пен байланыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері;

Қорғаныс полигондары мен мекемелері;

Мәдени-әлеуметтік қызмет көрсету салалары – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, ғылым және оның инфрақұрылымы.

Сонымен, шаруашылық салалары бойынша жобалау объектілерінің келесідей түрлерін ажыратады:

1. Қала құрылысы және ауылдық жерлер.

2. Дәстүрден тыс, атом, жылу және гидроэнергетикаға бөлінген энергетика объектілері.

3. Қара және түсті металлургияға, химиялық, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, агроһнеркәсіп кешенінің салаларына бөлінген өнеркәсіп.

4. Теңіз, өзен, темір жол, әуе және құбыр жолдар объектілеріне бөлінген көлік объектілері.

5. Ауылшаруашылық объектілері, соның ішінде мелиоративті.

6. Қорғаныс.

7. Рекреациялық.

8. Табиғат қорғау.

9. Мәдени тарихи объектілер.

10. Табиғат қорғау және биотехнологиялық.

2.2 Геотехникалық жүйелер концепциясы. Процесстерді қоршаған ортамен Зат және энергия алмасу типі бойынша жіктеу.

Адамның табиғатпен қарым-қатынасы тікелей және әртрлі техникалық жән инженерлік құрылғылар арқылы жанама түрде жүзеге асады, және бүгінгі таңда соңғысының ролі айтарлықтай өсуде. Техниканы қоршаған ортға ықпал етуші ерекше түр ретінде мүшеліктен шығаруды (вычленение) ХХ ғасырдың 30-шы жылдары А.Е.Ферсман қабылдады және «техногенез» деген терминді ұсынды.

ХХ ғасырдағы ғылыми техникалық революция дәуірінің материалдық мәдениетінің анағұрлым маңызды және сипаттық белгілерін білдіретін «техника» ұғымы зор мәнге ие. Техника анықтамасының көптеген түрлерінің ішінен екеуіне ғана тоқталайық. Ю.С. Мелещенко (1970) бойынша «техника – ол адамдардың мақсатты әрекетіне қажетті жасалатын және пайдаланылатын материалдық құралдарың жиынтығы». Келтірілген анықтамаға мағынасы жағынан жақын, бірақ толығырақ келтірілген Г.Н. Волковтың анықтамасы (1970): «Техника – табиғаттың заңдылықтары мен күштерін тану және пайдалану арқылы білім, тәжірибе, еңбек функцяларын табиғи материалда заттандырудың тарихи процесі көмегімен дамитын қоғам әрекетінің жасанды мүшелерінің жүйесі».

Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғатты пайдалану шаруашылық салаларының түрлері бойынша қалай жіктеледі?
  2. Геотехникалық жүйелер концепциясы қандай?
  3. Ортамен энергия және зат алмасу типі бойынша процесстер қалай жіктеледі?
  4. Адам және табиғатқа экологиялық қауіптілік дәрежесі бойынша ауыл шаруашылығы мен өндіріс бөлімдері қалай жіктеледі?
  5. Экологиялық экспертиза объектілеріне не жатады?

Әдебиеттер:

1. Н.М.Ларионов, А.С. Рябышенков. Промышленная экология. Учебник. М.: Изд-во юрайт, 2014. – 495с.

2. Дьяконов К.Н., Дончева А.В. Экологическое проектирование и экспертиза: Учебник для вузов – М.: Аспект Пресс, 2002. – 384с.

3. Ю.А.Израэль. Экология и контроль состояние природной среды. Книга. – Москва, Гидрометеоиздат, 1984 – 560с.

  1. Платонов А.П. Основы общей и инженерной экологии№ Учебное пособие№ Ростов н/Д: «Феникс», 2002 – 352с

 

 

№ 3 Тақырып: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

Лекция мақсаты: Экологиялық жобалаудың принциптері мен ережелерін меңгеру







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1371. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия