Студопедия — Жылдық жиынтық табысты (ЖЖТ )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жылдық жиынтық табысты (ЖЖТ )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?






Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

3) мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

4) салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

5) басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру.

7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс.

Жылдық жиынтық табыс заңды тұлғалардың 1 жыл ішінде түрлі көздерден алынған табыс.

Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері: 1) өткізуден түсетін табыс; 2) құн өсімінен түсетін табыс; 3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс; 4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; 5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;6) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс; 7) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс; 8) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс; 9) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс; 10) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар; 11) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;12) дивидендтер; 13) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 958. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия