Студопедия — Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы жалпы ережелер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы жалпы ережелер






Сенiмгерлiкпен басқарудың қазiргi қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетедi. Олар бiздiң заманымызға дейiн пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлiкке иелiк ету, жасфы кiшi ханзадалар мен ханшайымдардың меншiгiне қамқоршы болу сенiм хат бойынша үшiншi тұлғалардың мүдлелерiн бiлдiру бойынша қатынастар кеңiнен таралған. Фараондардың мүлкiн жəне олардың балаларын көне египеттiк шiркеулердiң абыздары, яғни монархқа жақын адамдар басқарған. 1 Сенiмгерлiкпен басқару идеясы, құқықтың бiр затқа бөлуiне байланысты (мысалы, супервация мен энфитевзис кезiнде) рим құқығында нақтырақ көрiнiс табады. Бертiн келе ол англоамерикандық құқық жүйесiмен қабылданған болатын. 2 Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық кодексiн қабылдағанға дейiн мүлiктi сенiмгерлiк негiзде басқару қатынастарына аталас қатынастар да болған. Мысалы, бұл хабарошарсыз кеткен деп танылған тұлғаның мүлкiне, мұралық мүлiкке белгiленетiн қамқоршылық жағдайларына қатысты. Сонымен бiрге, оларды құқықтық реттеу тəжiрибе жүзiнде болмады. Осы жəне осыған ұқсас кейбiр басқа қатынастардың құқықтық мəнiсi нақтыланбаған болатын. Мүлiктi оның меншiк иесiмен басқа тұлғаның берудi қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиiмдi түрде реттеудi табу қажеттiлiгi жеке меншiктiң, сондайақ меншiктiң мақсаты бойынша мемлекеттiкке қарамақайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды. Жеке меншiктiң қалыптасуы бөтеннiң мүлкiне тұрақты негiзде иелiк етудiң, комиссия, тапсырма, сақтау жəне басқа да шарттардың дəстүрлi механизмдерiне қарағанда анағұрлым жетiлген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажеттiлiктi анықтады. Меншiктiң жеке жəне мемлекеттiк нысандарын бекiту, мемлекеттiк экономиканың iшкi тұйық жүйесiндегi қатынастарға қолданылатын оралымды басқару мен шаруашылық жүргiзу, мемлекеттiк меншiк жеке тұлғалардың қолына берiлуге тиiс болатын қатынастарды бiрдей реттей алмайтындыққа алып келедi. Оларды беру қажеттiлiгi əртүрлi себептерге байланысты болар едi. Ол мүлiктi жеке меншiкке түпкiлiктi жəне қайтарусыз беру туралы шешiм қабылдау кезiнде аралық кезең рөлiн атқара алады. Сенiмгерлiкпен басқару меншiктiң мемлекеттiк нысанына негiзделген шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуi кезiнде сөзсiз туындайтын шығындарды өтеуге қабiлеттi. Мəселен, ол кəсiпорын қызметiн оңтайлы жəне сауатты басқару үшiн құрылуы мүмкiн. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару түсiнiгi тiкелей заңнамадан туындайды. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару қатынастары əрекет етушi азаматтық заңнамада ҚР АК 44тарауының нормаларымен реттеледi. Ол “мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару” 883894баптар. Кейбiр заңды актiлерде мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға қатысты жекелеген нормалар бар. Мəселен, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы” Заңы. Бұл заң ақшамен сенiмгерлiк трасталық операцияларды жасау мүмкiндiгiн көздейдi (аталған заңның 30бабы) Қазақстан Республикасының 17 сəуiр 1995 жылғы Заңы аталған қызметтi лицензиялауды көздейдi. Жергiлiктi нормалар Қазақстан Республикасының 20 маусым 1997 жылғы “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заңында бар. Зейнетақылық активтердi басқару жөнiндегi қызмет те лицензиялауға жатады. Қазақстан Республикасының 21 қаңтар 1997 жылғы “Банкроттық туралы” Заңы да мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға қатысты. Сенiмгерлiкпен басқару туралы нормалар Қазақстан Республикасының өзге де заңды актiлерiнде бар. Заңға сəйкес нормативтiк актiлер де бар. Мəселен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк мұүлiк жəне жекелендiру Департаментiнiң 22 қазан 1998 жылғы қаулысымен бекiтiлген, кəсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк паеттерiн сенiмгерлiкпен басқаруға беру Ережелерi, қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 20 қаңтар 2000 жылғы 99 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенiмгерлiкпен басқаруға беру тəртiбi туралы Ережелер жəне т.б. əрекет етедi. Сенiмгерлiкпен басқару мiндеттемелiк құқықтық қатынастарының аясында сенiмгер басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе. Өзiнiң иеленуiне, пайдалануына жəне билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесi үшiн өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi. Заңнамалық анықтама сенiмгерлiкпен басқарудың мазмұнын толық қамтымаған. Сенiмгер басқарушының өкiлеттiгi мүлiктi иелену, пайдалану жəне билеу жөнiндегi құқықтарды жүзеге асыруға əкелмейдi. Басқаша айтсақ, сенiмгер басқарушы сенiмгерлiкпен басқаруға орай бұл өкiлеттiктердi жүзеге асыра алмайды. Сенiмгерлiкпен басқару осы құқықтарды оның иесi үшiн жүзеге асыруды бiлдiредi. Сенiмгерлiкпен басқару меншiк иесi үшiн оның құқықтарын, сондайақ мүлiктiң осы түрiмен тығыз байланысты құқықтарды жүзеге асыруды бiлдiретiн жағдайлар орын алуы мүмкiн.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 873. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия