Студопедия — Кыскаша тусінік
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кыскаша тусінік

Диалектика терминін ақиқатқа жету деп түсінген. Диалектика жалпы, әмбебап байланыс пен даму туралы ең кең тараған және терең ілім ретінде анықталу мүмкін. Бұл анықтамада диалектиканың негізгі екі принципі – барлық құбылыстардың жалпы, әмбебап байланыс қағидасы және даму қағидасы қамтылып көрсетілген. Объективті диалектика және субъективті диалектиканың ерекшеліктерін ажырата білу керек. Объективтік диалектика – бұл ең дамушы дүниенің диалектикасы. Субъективтік деалектика – бұл диалектикалық ойлау. Диалектиканың баламасы метафизика болып табылады. Метафизика өзінің классикалық түрінде заттар мен бұйымдардың өзара байланысын және өзара тәуелділігін теріске шығарады, айрықша формалары болып догматизм және эклектика саналады. Догматизм бәрінен бұрын даму принціпін жоққа шығарады, ақиқаттың жағдайға, орынға, уақытқа тәуелділігін мойындамайды. Эклектика – бұл түрлі, әсіресе қарама-қарсы көзқарастарды, идеяларды, принціптерді және теорияларды сақтау. Өзгеру – және кез келген шындық құбылыстарын сипаттайды. Даму болса өзгерудің ерекше түрі. Даму – күрделі жүйелік нысаналардың уақыттың мейлінше ұзақ үзіктері арасында созылып, жинақталып, алға шығып отыратын өзгерістер процесі. Диалектика жүйесінің элементтері – категориялары, принціптер және заңдар. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы даму механизімін, ескіден жаңаға өтудің жолдары мен түрлерін ашады. Заңның мәні “сапа, сан, өлшем” категорияларын талдау арқылы ашылады. Заттардың анықтығын білдіретін басты мәнді қасиеттердің жиынтығы сапа деп аталады. Сапаның өзгеруі заттың өзінің өзгеруіне апарады. Құбылыстардың ауқымын, көлемін, өсімділігін, өзгеріс қарқынын анықтау және т.б. сан деп аталады. “Өлшем” категориясы сапа мен санның өзара байланысы мен өзара ықпалдылығын көрсетеді. Өлшем дегеніміз сандық өзгерістердің интервалы. Өлшем - жаңа сапаның пайда болуының белгісі. Даму себебін көрсетуші қарама-қайшылықтардың бірлігі мен өзара әсерлілігі заңын диалектика ядросы деп атайды. Заттармен құбылыстардың бойындағы қасиеттер мен ағымдарды өзара жоққа шығарып, өзара мақұлдап тұратын жақтар бірлігін қарама-қайшылық деп атайды. Қарама-қайшылықтардың өзара әсерлігі, қақтығысуы, соның нәтижесінде өзара терістеу пайда болатын көріністі қайшылық даму деп атайды. Қарама-қайшылық тек бір-бірін жоққа шығарумен шектелмей, бір-бірін сүйеп отырулары қажет. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен өзара әсерлілігі заңы терістеуді теріске шығару заңымен органикалық байланыста. Ол табиғат, қоғам және адам ойының дамуындағы бағытты, түр мен әдістерді, сондай-ақ тарихи орын басушылықты белгілейді. Даму заттардың пайда болуының және жойылуының шексіз процесін, бір сапалық жағдайдан басқа сапалық жағдайға өту процесін білдіреді. Диалектикалық терістеу шығару өзара байланысты: ескіні жоюға бағытталған негативтік және заттың қырларын, оның жекеленген элементтерін ұстап, сақтап қалуға бағытталған позитивтік екі аспектіні қамтиді.

Диалектика категориялары жалпыға ортақ және маңызды байланыстарды, шындық қырларын көрсететін неғұрлым жалпы ұғымдар болып табылады.

Жеке тіршілік ететін заттар мен құбылыстарды бекітетін “жеке” категория болады. Жекелеген заттарды қызықтаған адам олардың қайталанбайтынын аңғарады, яғни бірлі-жарымды ғана көреді. Одан соң салғастыру процесінде жекелеген көпшілік заттардың әлдебір жалпылығын байқайды.

Бірлі-жарым мен жалпының арасында “ ерекше ” категориясы болады. Себеп және салдар категориялары құбылыстардың жалпыға бірдей шартын танытады. Себеп дегеніміз – ол алдында жүре отырып өзге құбылысты туғызады. Салдар категор-да өзара әсер процесін жаңа пайда болған себептің нәтижесі бекітіледі. Себептің мұндай заңды әрекетін табиғат детерминизм деп атайды.

Детерминизм қағидасына сәйкес себепсіз құбылыстар болмайды, барлық құбылыстардың себебі бар. Мұндай принціпті индетерминизм дейді. Табиғат детерминизмінің жалпы принціптері мен фактілерді түсіндірудің арасында түсініктеме теорияларымен толтыруға ұмтылатын зор алшақтық қалады. Адамдар себеп-салдар қатынастарын тануға қабілетті, бірақ олар бұл істің алдында дәрменсіз.

Басқа категориялды жұпқа “мүмкіндік және шындық”, “қажеттілік және кездейсоқтық” жатады.

Қортынды тұста тағы бір мәрте диалектиканың ортақтық, жалпылық, әмбебап байланыстар мен даму туралы ілім ғана емес сонымен бірге ғылыми танымның әдісі екенін атап өту ләзім.

 

Контрольные вопросы:

1. Что такое диалектика? В чем ее противоположность метафизике, эклектике и софистике?

2. Может ли следствие стать причиной своей собственной причины?

3. Как соотносятся между собой возможность и необходимость, действительность и случайность?

4. Что является подлинной реальностью – единичное или общее?

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Аркадий Вяткин – Диалектика Кармы | Ароян А.С.

Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 809. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия