Студопедия — Жалпыға білім беру мектеп жағдайында қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқыту шарттары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жалпыға білім беру мектеп жағдайында қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқыту шарттары.






«Қимыл-қозғалыс аппаратының қызметтік бұзылыстары» түсінігі жинақы мінезді және органикалық орталық немесе аралық (перифериялық) негізді қозғалыс бұзылыстарынан тұрады.

Қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар балалар келесі категорияларға (топтарға) бөлінеді:

- церебралды сал ауруы бар балалар (ЦСА);

- қалыпқа келетін немесе резидуалды деңгейдегі полиомиелит әсерлерімен;

- миопатиямен;

- қимыл-қозғалыс аппаратындағы туа біткен және жүре пайда болған жетілмеу мен өгерістермен.

Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар оқушылар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе мамандардың арнайы психологиялық-педагогикалық көмегімен жалпы сыныпта, сонымен қатар өз үйінде оқиды.

Қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыс түрлері:

1. Жүйке жүйесінің аурулары: БСА (ДЦП), полиомиелит.

2. Қимыл-қозғалыс аппаратының туа пайда болған ауытқушылығы (қисық мойын, маймақ аяқтық, аяқ–қолдарының жетілмеуі мен кемістіктері, артрогрипоз, сан сүйегінің туа шығып кетуі, табан сүйектерінің өзгеруі).

3. Қимыл-қозғалыс аппаратының жүре пайда болған аурулары мен зақымдануы: бас миы, арқа миы және аяқ-қолдардың зақымданулары, полиартрит, қаңқа аурулары (туберкулез, сүйектердің ісінуі, остеомиелит).

Балалар сал ауруы – эмбрионның, баланың жатырда даму және енді

туылуы кезінде ішкі және сыртқы зиянды мінезді түрлі әсерлерге шалдығу себебінен пайда болған миының ауыр түрде зақымдануы. БСА түрлі қозғалыстық, психикалық және тілдік бұзылыстар арқылы көрініс табады.

Қимыл-қозғалыс аппаратарында бұзылыстары бар балаларды

оқытатын жалпыға білім беру мектебінің арнайы жабдықталған ғимараты болуы керек (пандустар, кең есіктер, мүгедек креслосын көтергіш, текпешек жанындағы көтергіш, есіктердің автоматтандырылған ашқыштары және т.б.). Партаның жанында мүгедек арбасын, балдақтар мен таяқша және т.б. салып қоюға арналған қосымша кеңістіктік болуын қарастырған дұрыс. Балаға арбасымен немесе балдақтармен тақтаға еркін жете алуға жағдай жасау тиіс, ол тақтаға жақын отырғаны дұрыс. Балалар сал ауруы бар оқушы мектеп табалдырығын аттамас бұрын басқа балалармен (үлкен назарды ата-аналар қоғамына аудару керек) БСА бар оқушыларға толерантты қатынасты қалыптастырумен байланысты дайындық жұмысын жүргізген дұрыс.

Мұғалімдердің құзырлығын жоғарылату мен ата-аналардың педагогикалық білімдерін толықтыру үшін мектептің әдістемелік кеңестерінде, ата-аналар жиналыстарында және педагогикалық кеңестерде қимыл-қозғалыс аппараттарында бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері туралы таныстыру-әңгімелесу жұмысын жүргізу пайдалы. Жұмыстың бұл түрін өткізуге медициналық мекемелер мен реабилитациялық орталықтардан, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінен мамандарды шақыруға болады.

Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мен түзету жұмысын іске асыру үшін, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуге арнайы жағдай және кедергісіз орта жасау керек. БСА шалдыққандарды ерте анықтау мен жүйелі емдік-педагогикалық жұмысты ерте бастаудан тұратын көмек беру жүйесін әрі қарай жетілдіру қажеттілігі артады. БСА бар балалар медициналық көмекті денсаулық сақтау Министрлігінің мекемелері жүйесінде ала алады, нақтырақ: алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру мекемелерінде, стационарларда, балалар үйлерінде, диспансерлерде, арнайы санаторийлер мен реабилитациялық орталықтарда. Бұл мекемелерде қалыптандыру емі мен мамандардың кәсіби көмегі (логопедтер, дефектологтар, психологтар, тәрбиешілер, дәрігерлер мен т.б.) ұзақ мерзімді жүргізіледі.

Тіл бұзылыстары бар оқушыларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары.

Тіл бұзылыстары бар оқушылар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау алу сыныптарында оқи алады.

Тіл бұзылыстары бар балалар қоршаған орта туралы білімдерінің

аздығы, сенсорлық, уақыттық және кеңістіктік елестерінің жеткіліксіздігі, көру мен есту материалдарын есте сақтау қабілеттілігінің төмен болуы, зейіндерінің мақсатсыздығы мен тұрақтылығының жеткіліксіздігі, психикалық жалпылау деңгейінің төмендігі және т.б. тән. Бұл балаларда артикуляциялық моторика мен ұсақ моторика әлсіз дамыған.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4518. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия