Студопедия — Рамында фенолгликозидтер, лигнандар, кумариндер және хромондар бар дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаттар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рамында фенолгликозидтер, лигнандар, кумариндер және хромондар бар дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаттар.






Фенолгликозидтер – агликондары, фенолды радикалмен берілген табиғи гликозидті құрылымды биологиялық белсенді заттар.Фенолгликозидтер әсересе талдар, тасжарғандар, жасаңшөптер, итбүлдіргендер тұқымдасының өсімдіктерінде жиі кездеседі.

Фенолгликозидтер ақ қиыршықты заттар,суда, этил спиртінде, ацетонда жақсы ериді, хлороформ мен этил эфирінде ерімейді.

Барлық фенолгликозидтер – оптикалық белсенді заттар, олар қышқылдық және ферментативті гидролизге ұшырайды. Фенолгликозидтер бос гидроксил тобына ие бола отырып фенолдарға тән барлық реакцияларды береді, мысалыға темір – амионий квасцылары, диазоттау реакциясы.

Фенолгликозидтерді өсімдіктерден сапалық реакциялар мен хроматографиялық сынама (ЖҚХ) арқылы дәлелдеуге болады. Сандық анықтау үшін спектрофотометриялық және титрометриялық әдістер қолданылады.

Лигнандар – фрагменттері бүйір тізбегіндегі (С3 аралығындағы) ортаңғы көміртегі атомдарының С-С байланыстарымен байланысқан фенилпропан (С63) туындыларының димерлі фенолқосылыстары болып табылатын табиғи биологиялық белсенді заттар.

Лигнандар өсімдік әлемінде кең таралған. Олар әсіресе, тұқымда, жерасты органдарында, сүректе және ағаштанған сабақтарда жиі кездеседі.

Лигнандар – түссіз қиыршық заттар. Олар өсімдіктерде бос күйінде және гликозидтер күйінде, жиі жағдайда майлы немесе эфир майларында және шайырларда еріген күйінде кездеседі. Лигнандар бензолда, эфирде, төменгі спирттерде ериді, суда ерімейді.

Лигнандар – оптикалық белсенді заттар, олар УК – аймағында ерекше жұтылу спектрі болады.

УК – жарықта лигнандар көгілдір немесе сары түсті флюоресценция береді. Лигнандердің құрамындағы фенолды гидроксилдердің болуы олардың қышқылдық қасиетін, сілтілі ортада феноляттардың түзілуіне, темір оксиді хлоридімен реакцияға түсуге бейімдейді. Лигнандарға тән қасиет галохромия яғни концентрлі қышқылмен (жиі күкірт қышқылы) әсер еткенде түрлі түсті қосылыстар түзуі.

Дәрілік шикізатта лигнандарды табу үшін сілтімен, темір оксиді хлоридімен реакциясын, және хроматографиялық талдауды қолдагады.

Қумариндер –құрылысының негізіне бензо-L-пирон (лактон, цис-орто-корич қышқылының) жататын табиғи, биологиялық белсенді заттар.

Кумариндер сельдерейлер, руталар, бұршақтар тұқымдасының өсімдіктеріне тән. Басқ тұқымдас өкілдерінде сирек кездеседі. Кумариндердің өсімдік шикізаттарындағы мөлшері 0,2 ден 10%-ға дейінгі аралықта. Кумариндер жиі жерасты органдарында, қабықта, жемісінде ал жапырағы мен сабағында кемдеу кездеседі.

Кумариндер өсімдіктерде агликон күйінде, сирек гликозид күйінде кездеседі. Кумариндер қиыршық заттар,түссіз, немесе аздап сарғыш, органикалық еріткіштерде (хлороформ, эфир, этилді, спирт ж.б), майларда және май қышқылдарында жақсы ериді.Суда көпшілік кумариндер ерімейді. Кумариндер оптикалық белсенді заттар, көпшілігі УК-жарықта ерекше флюоресценция береді. Кумариндердің лактонды циклы өте тұрақты суда ұзақ қыздырғаннан ыдырамайды. Қышқылдармен жәнеаммиакпен кумариндер өзара әсерлеспейді.

Ыстық ерітілген сілтімен әсер еткенде кумариндер гидролизге ұшырап сары түсті кумар қышқылын түзеді. Сілтілі ерітінділерін қышқылдағанда немесн оларды СО2-мен қанықтырғанда кумариндер өзгермеген күйде регенерацияланады. Кумариндер әлсіз сілтілі ортада диазониятұздарымен әрекеттесіп, қызғылт-сарғыш – қызғылт түсті боялған қосылыстар түзеді. Бұл реакция кумариндерге спецификалық реакция болып табылмайды. Себебі мұнда басқа да фенолды қосылыстар қатысуы мүмкін.

Кумариндерді өсімдік шикізатында анықтау үшін олардың лактонды қасиеттері, УК – жарықта флюоресценциялық қабілеті, диазоқосылыстармен боялған қосылыстар беруі және хроматографиялық талдау қолданылады. Кумариндерді сандық анықтау үшін гравиметриялық, колориметриялық, флюорометриялық, полярографиялық, спектрофотометриялық әдістер қолданылады.

Хромондар – құрылысының негізі бензо-L-пирондардан тұратын табиғи, биологиялық белсенді заттар.

Хромондар – қиыршық заттар, органикалық қосылыстарда ериді; олардың гликозидтері суда және сулы – спиртті ерітінділерде ериді. Олар биологиялық белсенді хаттар және УК – жарықта флюоресценцияланады. Сілтімен әрекеттескенде хромондардың - пирон сақинасы,қайтымсыз ашылатын 0-окси- дикетондар түзеді. Диазореактивтермен хроматограммада көрінбейді, ерітінділерде сары түске боялады.

Хромондарды микрохимиялық реакциялардың көмегімен анықтайды. Концентрлі қышқылдармен цитрус – сарғыш түске боялған оксони тұздарын түзеді. Концентрленген сілтілермен хромондар әрекеттесіп күлген-қызыл түсті ерітінділер береді. Хроматографиялық талдау кеңікен қолданылады. Шикізатта сандық талдау жасау үшін спектрофотометриялық талдау қолданылады. Хромондардың бізге белгілі туындыларынан медицинада кеңінен қолданылатындары тек фуранохромондар.

11.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 35мин

1-тапсырма. Альбомда жазбаша түрде келесі есептерді орындаңдар:

1-есеп. Итбүлдірген жапырақтары мен үлкен амми жемістерінің дайындау және кептіру үлгісін құрыңыз:

Дәрілік өсімдік шикізат Дайындау мерзімі Дайындау техникасы Шикізатты кептіру жағдайлары Түсініктеме
         

2-есеп. Төмендегі кестеге шикізаттың барлық түріне мәліметтер толтырыңыз:

Дәрілік өсімдік шикізаты Өндірілетін өсімдік, тұқымдасы Ареалы, тіршілік мекені (мәдени өсімдіктер үшін - өндірілу аймағы Дайындау мерзімі
       

3-есеп. Төмендегі кестеге тақырып бойынша шикізаттың барлық түріне мәліметтер толтырыңыз:

Дәрілік өсімдік шикізаты Химиялық құрамы Сандық анықтау әдісі
     

4-есеп. Пастернактың,қызғылт кестежусанның шикізатының сақталу кестесін толтырыңыз:

Дәрілік өсімдік шикізат Дайындау мерзімі Дайындау техникасы Шикізатты кептіру жағдайлары Түсініктеме
         

 

5-есеп. Төмендегі кестеге тақырып бойынша шикізаттың барлық түріне мәліметтер толтырыңыз:

Тұрғындарға рецептсіз дәрі босататын,үй жағдайында тұнба мен қайнатпа дайындайтын дәріхана Препараттар өндіретін фармацевтикалық өнеркәсіп
ДӨШ Әсері ДӨШ Препараттың аты дәрілік формасы Әсері
         

 

6-есеп. Төмендегі кестеге тақырып бойынша шикізаттың барлық түріне мәліметтер толтырыңыз:

Қосылыс Құрылымдық формуласы Жіктелу бойынша тобы Қайсы ДӨ-де кездеседі?
Арбутин      
Салидрозид      
Элеутерозид В      
Силибин      
Бергаптен      
Ксантотоксин      
Изопимпинеллин      
Келлин      

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4469. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия