Студопедия — Лекция. Қарым-қатынас ережелері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция. Қарым-қатынас ережелері






Қарым-қатынас ұғымының мағынасы тереңірек. Қарым-қатынас өзіне: -топтар арасындағы, топтар мен ұйымдардағы әріптестер, әрекет субъектілері арасындағы ақпарат алмасуын; -қатынас субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін; -бірлескен міндеттерді шешу процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуін топтастырады. Екі немесе бірнеше субъектілер арасындағы қатынастар барлық жағдайда олардың арасындағы қатынассыз байланыстар қатарына жатқызылмауы керек – бірлескен әрекетті жүзеге асырушы топтарда, олар бірлескен әрекеттің мақсаттары, құндылықтары және мазмұнынан алшақтап кете алмайды, бірлескен белсенді әрекет нәтижесінде ұжым құндылық-бағдарлы біртұтастыққа жете алады. Құндылық-бағдарлы біртұтастық – бұл әрекет мақсаты мен міндеттеріне деген бағыттарында, ұжым тіршілігі үшін маңызды болып табылатын адамгершілік және іскерлік аумақтарда, бағалау және сұрақтар позицияларында жақындасу. Ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартудың көптеген басқа нақты тәсілдері бар. Біз өз зерттеулерімізде оқыту үдерісінде оқытушы мен студенттердің қарым-қатынастарын қалай қалыптастыруға болатындығын тәжірибе нәтижелері бойынша жинақтап қорытындылап, оқытушыларға арналған тәжірибелік нұсқаулар түрінде ұсынамыз.

1. Бастапқы кезеңнен бастап жылы шырайлы қалыпты ұстануға тырысу.

2. Алғашқы сабақтарда қатарлардың арасынан жүрмеуге тырысу (студенттердің психологиялық кеңістігіне кірмеу).

3. Алғашқы сабақтарды өткізу кезінде, қолайлы сәттер болғанда, қолдарын екі жаққа жаюға болады, бірақ қолдарын кеудесіне қусыруға мүлдем болмайды.

4. Оқытушы оқу материалын тиянақты түрде және дауысынан шаршағанын білдірмей түсіндіру қажет.

5. Егер сабақ барысында қателік жіберсеңіз немесе студенттің сұрағына бірден жауап бере алмасаңыз, қатеңізді дереу жөндеуге тырысу керек немесе студенттерден ойлануға уақыт беруін өтіну қажет (келесі сабаққа дейін қалдыруға да болады).

6. Бірінші сабақтарда, сәті келген қолайлы жағдайда студентті тақтаға шығару керек, осы арқылы бірден тәртіп және дәрісханамен қарым-қатынас орнайды, бұдан кейін осы әдісті ұстануға болады.

7. Студенттердің жұмыс істеу қабілетін тиісті деңгейде ұстау үшін, сабақ барысында студенттің көңілін көтеретін әзілдер айтуға және тақырыптан уақытша ауытқуға болады. Педагог жақсы тыңдаушы да бола білуі керек. 8. Сабақтың аяғына қарай үзіліс уақыты жақындағанда, студенттердің назарын өзіне аударту үшін «Тағы бірнеше сөйлемді жазып қойыңыздар», «Енді мына мәселеге тоқталу қалды» деген сияқты сөйлемдерді қолдануға болады.

9. Егер студент сұраққа жауап беруде қателессе, оны қатал сынға алудың қажеті жоқ. Байсалды қалыппен «Жақсы» немесе «Болдыңыз, рахмет» деп айту жеткілікті болады. Студент оны сынамай-ақ түсінеді. Оның есесіне, студенттің дұрыс жауап беруге тырысқаны үшін оны мақтап қойған дұрыс. 10. Студент жауап беріп отырған кезде оның сөзін бөлмеу қажет.

11. Студенттің аты-жөнін атап, «сіз» деп сөйлеу қажет, бұл тәсіл арадағы қатынастың мәденилігін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай негізгі ойды тұжырымдауға болады: студентке әрдайым сыйластық көзқараспен қарау қажет. Біз зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқу топтарында тұлғааралық қарымқатынасты қалыптастырудың тағы бір тәжірибелік нұсқауларына: оқыту үдерісіндегі дидактикалық қарым-қатынас саласындағы шиеленіс түрлерін; оларды жоюдың әдістәсілдерін; оқыту үдерісіндегі студенттердің оқытушы қызметіне кері әсерін және оларды тиімді шешу тәсілдерін де жатқызамыз: 1. Дидактикалық қарым-қатынас саласындағы шиеленістер. Педагогтердің студенттермен қарым-қатынасы барысында кездесетін елеусіз оқиғалармен қатар, қақтығысқа түсетін екі жаққа да жағымсыз салдарлары болуы мүмкін шиеленістер де кездеседі. Қайталану жиілігі жағынан екінші орында оқытушының дидактикалық қателіктері, атап айтқанда, студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістемесіндегі қателіктері тұрады. Бұл жерде педагог-зерттеушілер ұсынған студенттерде интуициялық педагогикалық кәсіпқойлықтың қалыптасу заңдылықтарына назар аудару қажет. Педагогикалық әріптестік нәтижесінде студенттерде оқытушы еңбегінің нәтижелілігін студенттердің оқу пәндерін меңгерудегі табысқа жету деңгейі бойынша бағалау критерийлері қалыптасатыны дәлелденген. Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық еңбегінің стилі мен ерекшеліктерін бақылай отырып және әр түрлі оқытушылардың жетекшілігімен когнитивтік операцияларға қатысу барысында студенттер өз ісінің шебері болып табылатын білікті оқытушыларды, өз пәнін меңгерте алмайтын нашар оқытушыларды қатесіз анықтайды.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1859. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия