Студопедия — Тақырыбы: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ГУМАНИСТІК СИПАТЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырыбы: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ГУМАНИСТІК СИПАТЫ






Жоспар:

1. Инклюзивті білім берудің мәні.

2. Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы;

3. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары;

4. Инклюзивті білім беру моделінің принциптері;

5. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың принциптері мен құндылықтары.

Түйінді сөздер: инклюзивті білім, категория, мүмкіндігі шектеулі, қатынас моделі, естуінде кемістік, көруінде кемістік, тірек-қозғалыс аппараты, сөйлеуінде кемістік, ақыл-ойында кемістік, психикалық дамуында ауытқу, эмоционалды-ерікті сферасындағы ауытқу.

 

1. Инклюзивті білім берудің мәні.

Кез келген адамның негіз құраушы және маңызды құқықтары мен еркіндіктері жүйесінде, білім алу құқығы басты болып саналады. Қазақстан Республикасында барлық дамыған елдердегідей, аталған құқық адамдардың әлеуметтік немесе материалдық жағдайына, жыныстық айырмашылығы мен діни көзқарастарына, денсаулық күйіне және т.б. қарамастан барлық балаларға берілген. Біздің еліміздегі бірде-бір баланы, дамудағы дене немесе интеллектуалды ауытқулары себебінен, осы құқықтан айыруға болмайды.

Барлық балалардың білім алуға деген құқығына біздің мемлекетіміз өзінің басты заңында – Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік береді. 1994 жылы біздің еліміз бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялады, өзінің міндетіне ауытқуы және денсаулығы мен дамуында қиындықтары бар балаларға «білім беру саласындағы қызметке тиімді қолжетімділікті» қамтамасыз ету міндетін алды, аталған міндет өз кезегінде баланы әлеуметтік өмірге аса толыққанды дәрежеде, мүмкіндігінше баулуға және оның мәдени және рухани дамуын қамтып, тұлғасын дамытуға әкеледі»

Осы уақыттан бері, Қазақстан Республикасының алдында, жоғарыда аталған балаларды дербес, толыққанды және лайықты өмірге дайындайтын сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті тұрды. Елімізде барлық балаларға қалыпты ортада және қарапайым адамдар ортасында әрі қарай дербес және тең құқылы өмір сүруге, еңбекте, шығармашылықта және жеке өмірінде өзін-өзі барынша жүзеге асыруға теңдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, білім берудің осындай типін іздеу және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар белсенді түрде қабылдана бастады. Мұндай тәсілдердің бірі ретінде инклюзивті білім беру алынды, ол дамуында бұзылысы бар балаларға білім алудағы қолжетімділік пен тең құқықты қамтамасыз ететін, балалардың кез келген дискриминациясына (кемсіту) жол бермейтін және ерекше жағдайларды (материалды-техникалық, кадрлық, психологиялық-педагогикалық, сауықтырушы және т.б.) құратын жалпы білім беруді дамыту үдерісі болып табылады.

«Инклюзивті білім беру – бұл балаларды ажырататын кедергілерді жоюға, барлық балаларды жасына, жынысына, этникалық, діни көзқарасына, дамуында артта қалуына немесе экономикалық мәртебесіне қарамастан, отбасының белсенді қатысуымен, баланың дербес мұқтаждықтарын коррекциялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау арқылы, ортаны балалардың жеке ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне бейімдеу, яғни адекватты білім беру жағдайларын құру арқылы оларды білім беру үдерісіне және әлеуметтік бейімдеуге толыққанды ендіруге бағытталған мемлекеттің саясаты»

Берілген анықтама білім берудің инклюзивті жүйесінің барлық балалардың дене, интеллектуалды, әлеуметтік, эмоционалды, тілдік және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, білім алуды ұйымдастыруға теңдей қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек, бұл өз кезегінде балаларға оқыту мен тәрбиенің бірыңғай үдерісіне толыққанды енуіне мүмкіндік береді. Кең мағынасында, инклюзивті білім беру, қатарластарынан біршама айрықшаланатын балаларды оқытуды білдіреді. Нәтижесінде, бұл өскелең ұрпаққа қоғамның тең құқылы және толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді, оның сегрегациясы мен оқшаулану қаупін төмендетеді.

Білім беру саясатының негізгі қағидалары, бірқатар нормативті-құқықтық құжаттарда көрініс табады, олардың арасында Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңын», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медико-педагогикалық коррекциялық қолдау» туралы Заңын, Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын және т.б. атауға болады. «Мемлекеттік бағдарламаның» негізінде 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасында «дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге мектеп және кәсіби білім берудің, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың деңгейін қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру жүйесін» құруды қарастырады. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында:

1. Инклюзивті білім беруге жағдай жасайтын мектептер санын көбейту 70% (қазіргі уақытта-38 %)







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 11410. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия