Студопедия — Ызылиектің өліеттеніп жаралана қабынуын емдеу.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ызылиектің өліеттеніп жаралана қабынуын емдеу.






Қызылиек қабынуынң бұл түрінің негізгі себебі микроорганизмдер болғандықтан, жергілікті емдеу шараларының құрамында бактерияларға қарсы дәрілер қолданған жақсы нәтиже береді. Қызылиегі өліеттеніп-жаралана қабынған науқасты емдеу кезінде көзделетін мақсаттар: ауыру сезімін азайту, өліеттену үрдісін және қабынудың қызылиектен ауыздың басқа аймақтарындағы кілегей қабыққа жайылуын шектеу, жараның жазылуын жылдадату,жергілікті және жалпылай ммунитетті көтеріп, аурудың қайталанбауын қамтамасыз ету.

Емдеу жоспары:

1. Ауыру сезімін басу (аппликациялық немесе аэрозольанестезия, қажет болса инъекциялық анестезия қолдануға болады). Аппликациялық анестезия үшін новокаиннің 2% ертіндісі, лидокаиннің 2-10% ертінділері, тримекаиннің 2% ертіндісі және 10% лидокаин-эорозоль пайдаланылады.

2. Құрамынан хлор мен оттегі иондары бөлінетін және нитрофуран қатарындағы (фурагин, фурациллин, фуразолидон) антисептиктердің жылы ертінділерімен ауыз ішін, тісаралық кеңістіктерді мұқият жуып тазалайды.

3. Тіс беттеріндегі жұмсақ және қатты шөгінділерді алып қызылиекті өліеттенген тіндерден тазалайды (антисептиктерге малынған мақта анжының немесе экскаватордың көмегімен. Қажет болса зарарсыздандырылған кішкентай өткір қайшыларды пайдалануға болады). Толық ыдырай қоймаған өліетті тіндерді ыдырату үшін ферменттер ертіндісімен (трипсим, химотрипсин, лидаза, лизоцим, лизоамимаза) аппликат жасауға болады. Осы мақсатта, Ируксолл жақпасын да қолдану тиімді.

4. Өліеттен тазарған жара беттеріне құрамында антибиотиктер немесе антибактериалды дәрілер, кортикостероидтар бар жақпалардан аппликат қояды. Ол үшін құрамында фурациллин, синтомицин, анестезин бар «Фастин 1», «Фастин 2», фунгицидті және фунгистатикалық әсері бар 3% октатион, құрамында метронидазол бар «Метрагил-Дента», «Гиоксизон» жақпаларын пайдалануға болады. Жаралы ошақта саңырауқұлақтардың дамуына ыңғайлы жағдай туатын болғандықтан, құрамында саңырауқұлақтарға қарсы әсер ететін дәрілер бар жақпаларды да (нистатин, леворин, клотримазол, Ларинден-А жақпалары) пайдалануға болады

 

Қызылиектің өліеттеніп-жаралана қабынуын емдеу үшін құрамында норсульфазол, стрептоцид, тимол, эвкалипт және жалбыз майлары, спирт, қант, глицерин, тұрақтандырушы беткейлік-белсенді заттар бар «Ингалипт-аэорозоль» қолданса, емдеу шаралары өте тиімді болады.

Ауызды жуып-шаюды, қызылиекке дәрілерден аппликат қоюды күніне 3-4 рет қайталаған жөн. Сырқат адам күніне 3-4 рет дәрігер-стоматологқа келе алмайтын болғандықтан, жергілікті емдеу шараларын жүргізуді мүмкіндігінше өзінің үреніп алғаны дұрыс.

Емдеу шаралары дұрыс жүргізілген жағдайда 2-3 күннен кейін-ақ қызылиектегі жаралы ошақ өліеттен тазарып, қабыну үрдісінің беті қайта бастайды. Бұл кезде құрамында кортикостероиды бар жақпаларды қолдануды тоқтатып, жараның азылуын жылдамдататын жақпаларды (3% солкосерил, 5-10% метилурацил, 3% апилак жақпалары, 1-2% тезан, алой линименттері) пайдалана бастайды.

Ауруды жалпылай емдеу.

Егер науқас адамның дене қызуы жоғары болса, оны төмендететін дәрілер (аспирин, парацетомол, пирамидон және соңғы кезде әртүрлі фирмалар ұсынып жүрген әртүрлі ауырусыздандырушы және дене қызуын төмендетуші дәрілер қоспалары), антибактериалдық дәрілер (трихопол, флагил, бисептол), қажет болса аноэробтарға қарсы антибиотиктер тағайындайды. Трихополды 10 күн қатарынан қабылдау керек: алғашқы төрт күнде 0,25 г. 3 рет, қалған 6 күнде 0,25 г. күніне екі рет қабылдау қажет. Организмнің уыттануы мен сенсибилизациялануына да қарсы әрекет жасау керек. Ол үшін антигистаминдік дәрілер, гипосенсибилизациялаушы препараттар – кальций глюконатын, натрий тиосульфатын қабылдау керек. Организмнің уыттануын азайту үшін жылы минералды суды, таңқұрай тоспасы (варенье) қосылған шайды көбірек ішу керек.

Жергілікті иммунитетті көтеру үшін көпвалентті антигенді кешен – «Имудон» тағайындау қажет. Имудон сілекейдің фагоцитоздау белсенділігін күшейтіп, ондағы лизоцимнің мөлшерін жоғарылатады, күніне бір таблеткадан 8 рет ауызға салып сорады. Организмнің жалпы иммунитетін көтеру үшін витамин-минералды кешендер, иммунал тағайындаған тиімді болады.

5. Физиотерапиялық емдеу шараларын (лазер, ультракүлгін сәулелерін, ультражоғары жиіліктегі айнымалы ток - УВЧ) алғашқы күннен бастап тағайындауға болады.

6. Мүмкіндігінше тағамды жиі қабылдау керек; тағам көбіне быламық, сорпа, жас көкөністерден жасалған салат түрінде болғаны дұрыс және ас қабылдар алдында ауызға анестетиктер ертіндісін ұрттап алып, 5-7 минөт ұстап тұру арқылы қызылиекті уақытша жансыздандырып алған жөн.

7. Қабыну үрдісі толық басылғаннан кейін ауыз ішін сауықтырып, сырқатынан сауыққан адамға ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйретіп, ақыл-кеңес беру керек.

Ескерту: қызылиектің өліеттене – жаралана қабынуының жайылған және ауыр түрімен сырқат адам аурухана жағдайында емделгені нәтижелі болады және әртүрлі асқынулар (іріңді лимфоаденит, абсцесс, флегмона) туындамайды.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1360. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия