Студопедия — Л.Н. Гумилевтің Еуразия тұжырымдамасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Л.Н. Гумилевтің Еуразия тұжырымдамасы






Лев Николаевич Гумилев – еуразиялық кеңістіктегі халықтар тарихын жүйелі түрде зерттеген XX ғасырдың көрнекті ғалымы. Оның мұралары тарихи, философиялық, этностық және саяси ойдың перспективалық бағыты ретіндегі еуразиятанудың терең негіздемесіне айналған. Қазақстан үшін оның Еуразия халықтарының бірлігі контексіндегі түркілер мен славяндардың өзара қарым-қатынасы, түркі-моңғол әлемінің тарихын тану мәселесі бойынша жұмыс істегені аса маңызды.Л.Н. Гумилев «Күміс ғасырдың» атақты ақындары-Анна Андреевна Ахматова мен Николай Степанович Гумилевтің ұлы. Шыққан тегіне байланысты өмірінің көп бөлігінде ол саяси сенімсіз деп саналып,заңсыз қудаланды және 1930-1950 жылдары,өмірінің 14 жылын сталиндік түрмелерде және лагерьлерде өткізді.Алайда, осыған қарамастан ол табандылық көрсетіп, өзі таңдаған сүйікті ғылымына адалдығын сақтап қалды.Л.Н. Гумилев 1961 жылы Ленинградта тарих ғылымдарынан, ал 1973 жылы география ғылымдарынан диссертация қорғап, екі рет ғылым докторы атанды.1960-1980 жылдар аралығында Ленинград мемлекеттік университетінде(қазіргі Санкт-Петербург) жұмыс істеді. Л.Н. Гумилевтің аты мен мұрасы ол тұрған мемлекетке ғана емес, бүкіл әлемге тән. Ол тек орыс ғалымы емес,сонымен қатар еуразиялық,планетарлық масштабтың зерттеушісі. Оның есімі (түрік халықтарының тарихшысы ретінде) Қазақстан Республикасында ерекше құрметтеледі. Мұның дәлелі, 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Жарлығымен ашылған Еуразия ұлттық университетіне Л.Н. Гумилевтің есімі берілді. Өткен жылдардан бұл университет ғылым мен білімнің астаналық үлкен орталығына айналды. Оның аясында 2002 жылдан бастап (яғни, Л.Н. Гумилевтің 90 жылдығынан), Л.Н. Гумилевтің мұрасын дәріптеуге, Еуропа мен Азияның, Батыс пен шығыстың өзара байланысына арналған алты халықаралық «Еуразиялық ғылыми форумдар» өткізілді. Еуразия ұлттық университетінде ғалым Л.Н. Гумилевтің мәскеулік пәтерінен алынған түпнұсқалы жұмыс кабинеті, кейбір жеке заттары, әріптестеріне хаттары сақталған мұражай-кабинеті құрылған.Кеңестік ресми тарихи ғылым мен этнография өткен онжылдықта Л.Н. Гумилевтің еңбектеріне сенімсіздікпен қарады, ал көбі оның түпнұсқалы ғылыми әдістеріне қарсы болды. 1970-1980 жылдары Л.Н. Гумилевтің идеологиялық түсінік бойынша жұмыстары КСРО-да жарияланбады. Тек 1980 жылдардың аяғында, КСРО-да «жариялылық» және басып шығару еркіндігі келгенде ғана оның еңбектері көп тиражбен шыға бастады. Л.Н. Гумилевтің жұмыстарының осылай көп данамен шығу тенденциясы оның 1992 жылы қазасынан кейін де жалғаса берді. Осы уақытқа дейін де бұл тенденция сақталуда. Міне,20 жыл бойы Л.Н. Гумилевтің кітаптары ғылыми бестселлер болып келуде.Л.Н. Гумилев тек жергілікті мәселелердің зерттеушісі ғана болған жоқ. 1930 ж.студенттік шағынан Түрік қағанатының (VI-VIII ғ.) тарихын оқуды бастап,нәтижесінде өзінің зерттеу салаларын кеңейтті және түркі халықтарының тарихынан бүкіләлемдік, планетарлы тарих деңгейіне көтерілді.Л.Н. Гумилевтің Еуразия халықтарының тарихы бойынша еңбектері («Древние тюрки», «Хунны», «Открытие Хазарии», «Этногенез и биосфера Земли», «География этноса в исторический период», «Поиски вымышленного царства», «Древняя Русь и Великая Степь», «Тысячелетие вокруг Каспия» және т.б.) в совокупности әлемдік ғылымның көрнекті үлесін құрайды. Оның еңбектерінің біршамасы еуропалық және шығыс тілдеріне аударылған. Л.Н. Гумилев гуманитарлық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының жақындасу керектігі туралы айтып,этникалық тарихта табиғи-географиялық фактормен санасу қажеттігін маңызды деп санады.Ол ғылымға этногенез фазалары туралы түсінікті енгізді.Ол Еуразияның түрік,славян,финн-угор халықтарының позитивті этникалық «комплиментарлы» идеясының авторы.Ол Азия мен Еуропа халықтарының әлемдік тарихта теңдігі идеясында нық тұрды.Оған уақытта және кеңістікте тарихты тануда стереоскопиялық, көлемді көрегендік таланты дарыған еді.Зерттеуші-жаңашыл ретінде Л.Н. Гумилев шығыстану мен ортағасырлық тарих,тюркология мен славянтану,ориентализм мен еуропеизм арасындағы формальды дәстүрлі ғылыми шекараларды жеңуге тырысты. Негізінде ол ғылымда бүгінде «еуразиятану» деп толық негізбен айтуға болатын инновационды бағытты дамытты.Тереңдетілген тарихи-географиялық және этнологиялық ізденістер оған еуразияшылдықтың теориялық іргетасын мағыналы жетілдіруге, оның іс жүзіндегі потенциалын еуразиялық халықтардың бүгіні мен болашағы үшін көрсетуге мүмкіндік берді.Л.Н. Гумилев тек ғалым ғана емес,сонымен қатар ірі ойшыл. Оның мұрасы халықаралық-саяси және практикалық мағынада өте өзекті,ол аймақтық интеграция мен жаһандану аясында қазіргі заманғы әлемге толерантты еуро-азиялық ықпалдың ғылыми-тарихи негізі болып табылады. Дәл осы жерде Л.Н. Гумилевтің ғылыми әдістері Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеяларымен одан да жақынырақ жанасады.Л.Н. Гумилевтің идеясының мәнділігі мында:ол өзінің төл еңбектерімен Еуропа мен Азияның,батыс пен шығыстың халықтарын бөлмеді,бір-біріне қарсы қоймады,ал керісінше жақындастырды.Ол әлемнің барлық халықтарының,этностарының ұлттық-мәдени мұраларын сақтауға шақырған ғалымдарының бірі болып табылады.Л.Н. Гумилев өзінің істерінде соңғы онжылдықта сондай өзектіге айналған және БҰҰ мен ЮНЕСКО аясында белсенді іргелілеп келе жатқан өркениет пен мәдениеттің Диалогы мен Альянсы идеясын күні бұрын болжап қойған. Ол өркениеттің Диалогы мен Альянсы идеясының интеллектуалды бастамашысы болып табылады.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 2211. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия