Студопедия — Дәріс-13
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс-13






ҚР ҚК 14 б:

1. Қылмыстық жауапкершілікке тек есі дұрыс, жасы осы кодексте белгіленген жасқа жеткен жеке тұлға тартылады.

2. Қылмыс жасаған тұлғалар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.

Жеке тұлға - ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар және шет ел азаматтары.

Жеке тұлға субъект ретінде 2 міндетті белгісі болуы тиіс:

1. Есі дұрыс болуы.

2. Заң бойынша қылмыстық жауапкершілік бекіткен жасқа жетуі.

Бұл белгілер қылмыстық жауапкершіліктің міндетті шарттары және олар қылмыс құрамының белгілері ретінде болады.

Кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту тек қосымша белгілері болған жағдайда іс асырылады. Мысалы, пара алу - тек лауазымды тұлға. Бұл белгілер де міндетті белгілерге кіреді және қылмыс құрамының арнайы субъектісін сипаттайды.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі болып қасақана немесе абайсыз қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған, жасы жеткен, есі дұрыс кейбір жағдайларды нормалармен көрсетілген кейбір арнайы белгілері бар тұлға болады.

Қылмыстың субъектісі болып тек жеке тұлға болады, яғни заңды тұлғалар қылмыс субъектісі бола алмайды.

Қылмыстың субъектісі тек есі дұрыс тұлға болады.

Есі дұрыстық деп жалпы айтқанда заң алдында өз әрекеті үшін жауап бере алатындығы. Есі дұрыстық - бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау барысында өз ісіне есеп бере алатын оларды басқара алатын психикалық жағдайы.

ҚК 16 б сәйкес есі дұрыс еместік 2 критеримен белгіленеді: медициналық, заңды. Медициналық критерий - адамның созылмалы психикалық ауруын, психикалық қызметінің уақытша бұзылуын, басқа аурумен ауыратын жағдайын айтамыз. Олардың 4 түрі:1) созылмлы психикалық ауру 2) уақытша психикалық ауру 3) кем ақылдық және т.б. ұқсас аурулар.

Созылмлы психикалық аурулар ұзақ ауру және қиын жазылатын немесе жазылмайтын аурулар. Кейде олар приступ арқылы көрінуі мүмкін, бірақ өзінен кейін дефект қалдырады. Бұл аурулар: мизефрения, эпилепция, паралич.

Уақытша психикалық аурулар - бұл уақытша психикалық аурулар, яғни жазылатын аурулар. Бұлар: потологиялық, психикалық істен шығуы.

Кем ақылдылық - психикалық іс-әрекеттің түсуі, адамның интеллектуалдық қабілетіне әсер етілуі. Бұл ауру адамның ми қабілетілігінің жоғалтуы немесе ол туылғаннан немесе психикалық ауру арқылы пайда болады. Кем ақылдылықтың 3 түрі бар: 1) жеңіл 2) орта 3) ауыр.

Басқа да психикалық аурулар - бұл аурулар психикалық ауруларға жатпайды, бірақ соған қарамастан психиканың бұзылуымен бірге келеді. Мысалыға, гомоцинацияға әкелуі мүмкін және сол уақытта аурудың ақыл ойының немесе еркінің жұмыс істеуі бұзылуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайлар бас миының травмалануы немесе мидың ісігі ауруларында болады.

Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін тек медициналық критерий жеткілікті емес. Мысалы, кейбір деңгейдегі кемақылдылықтың әрқашанда оның іс-әрекетін және тәртібін басқара алу қабілеттілігінен айыра алмайды. Егер кем ақылдылық деңгейі а) болса және құқықтық критеридің болмау себебінен ол адам есі дұрыс деп танылуы мүмкін. Дәл осылай адам мысалыға мас болуының себебінен өз іс-әрекетінің қабілеттілігін түсінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды және есі дұрыс емес деп танылмайды. Яғни тек құқықтық және медициналық критерилердің қосындысы ғана тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алады.

Есі дұрыстық сияқты, есі дұрыс еместік те құқықтық түсінік. Сол себепті тұлғаның есі дұрыс немесе есі дұрыс еместігі туралы қорытынды нақты қылмыстық іс бойынша сот (алдын ала тергеу барысында анықтау органы, тергеуші, прокурор) береді. Бірақ өз шешімдерін заңгерлер сот-психиаторлық эксперт қорытындысымен негіздейді. КІЖК байланысты бұндай экспертиза жүргізуге міндетті, егер айыпталушының немесе сезіктінің есі дұрыстығына немесе іс бойынша іс жүргізу кезінде өз әрекеттеріне есеп беру немесе оларды басқару туралы күмән туса. Бірақ анықтаушы тергеуші сот үшін бұндай қорыиынды барлық экспертизалардың қорытындылары сияқты міндетті емес. Олар сот психиатордың экспертиза қорытындысымен келіспеуі мүмкін, бірақ бұндай келіспегендіктің нақты негіздері болуы керек.

1997 ж ҚР ҚК бірінші рет Қазақстанның қылмыстық құқығында ерекше боп пайда болды, есі дұрыстығын нақтылайтын психикасы бұзылған тұлғалардың жауапкершілігі. (17 б).

17 б 1 б сәйкес қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық уақытымен толық көлемде ұғына алмаған не оған не болмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Сонымен бірге осы баптың 2 бөліміне сай есінің жоқтығын сыртқа шығармайтын психикалық бұзылуы сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және медициналық мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.

Сол себепті психиканың бұзылуы деп ҚР ҚК 17 б 2 б сәйкес есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалың бұзылуы әрқашан қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін жеңілдетуге міндетті емес. Яғни ҚР ҚК басқа мемлекеттің ФРГ, КР және басқа мемлекеттің КК сияқты тікелей формулировкада жасалған емес. Бұл дұрыс болып табылады, өйткені жазалау барысында сот істің барлық мән жайларын және қылмысекрдің жеке міндеттемелеріне сүйене отырып тиісті жазасын белгілеуге тиіс. Егер психикалық анамалиялар қылмыс жасауға және оның нәтижелерінің болуына әкеліп соқтырған себепті байланыстың негізі болған жағдайда бұл адамның жазасы жеңілдетуі мүмкін. ҚР ҚК 18 бабы былай дейді: Алькоголді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

ҚК бұл бабы паталогиялық емес мастылықтың жай түрін айтып отыр. Жай мастану кезінде өз әрекетіне есеп беру қабілеттілігінен айырылса да өз әрекеттерін басқара алмаса да есі дұрыс еместік деп қарауға жатпайды. Өйткені бұл жағдайда медициналық критерий жоқ, яғни бұл адамда есін шектейтін психикалық бұзушылық жоқ. Мастылық алкогольдік ішімдікті немесе наркоткалық затты пайдаланудан болады және оның мөлшеріне байланысты мастылық жағдайдағы тәртібі болуы. Бұл басқа да факторлармен ерекшеленеді мысалыға оның тәрбиеленуі, культуралық деңгейі және т.б. Бұның барлығы мастылықты психикалық аурудан ажыратуға жол береді.

Жай мастылықтан паталогиялық мастылықты ажырата білу тиіс. Паталогиялық мастылық - алкогольді қабылдаудан пайда болатын ауру жағдайы. Психиатриада бұл мастылық психиканың бұзылуына жатқызылады.







Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 1147. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия