Студопедия — Тақырып. Отандық философиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Отандық философиясы






Дәріс жоспары:

1. Қазақ философиясы қалыптасуының алғы шарттары.

2. Қазақ ағартушылары философиясының ерекшеліктері.

3. Ш. Құдайбердиевтің философиялық көзқарастары. Үш анық.

4. Қазақ ақын – жырауларының философиясы.

 

Дәріс мазмұны:

ХХ ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. ХХ ғасырдың басында Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқаев, М. Дулатов, Н. Төреқұлов сияқты озық ойлы бір топ қоғам қайраткерлері саяси аренаға шықты. Олар ең алдымен “Зар-заман” атанған дәуір өкілдерінің ой-пікірлерін ілгері дамытты. Оларды ойландырып, толғандырған ежелгі проблема отыршылдық бұғаудан құтылу, қазақтарды өз алдына тәуелсіз ел ету, қолдан кеткен мүмкіндіктер мен айырылған жерлерге өкініш білдіру, халықтың санасын ояту болатын (ХХ ғасырдың басында түрлі саяси-әлеуметтік проблемалар көтерген “Айқап” журналыныңда аты соны аңғартады).

М. Дулатов “Қазақ жеріне” деген өлеңінде патшалық Ресейдің Қазақстан жерінде жүргізген отаршылдық саясатын әшкерелей келіп, былай деп жазды: “Қазағым, жерің қайда атамекен, қазақ – қазақ болғалы мекен еткен. Қазірде бәріңізді қуып шығып, орнына қала салып хохол жеткен. Шығуға жер, өлшеуге землемерлер, бұл үшін кеткен біздің жақсы жерлер. Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда, табатын бұған хайла, қайда ерлер?”. Дәл осы өлеңдері үшін патша өкіметі М. Дулатовты қуғынға салып, түрмеге жапты. Бірақ ол өлеңді де, оның авторын да құрта алмады. Өйткені, бұл өлеңдер бүкіл зиялы қазақ азаматтарының көкейтесті, бостандықты тілеген ой-армандары еді. Әрине, осы ой оларды 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа, “Алашорда” өкіметін орнатуға бастады.

ХХ ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Ш. Құдайбердиев болды. Ол Абайдың “Қырық бес қара сөзіндегі” ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, еңбек етті, сөйтіп “Үш анық” деген философиялық еңбегін жазып шықты. Ол еңбегінде Шәкәрім түрлі философиялық мәселелерге арнайы тоқталады. Бұлар – дүние, таным, тән мен жан, жану мен шіру, ождан, т.б. сияқты мәселелер. Ождан, дейді Шәкәрім, адамдағы нысап, әділет, мейірім, осы үшеуінің қосындысы. Оны тілейтін жан, деп түсінеді Шәкәрім. Бұл еңбегінде ол бірде материяны мойындаса, бірде идеяны алғашқы санап, идеализмге бас иеді, бірде ғылымға жүгінсе, бірде спиритизмді қуаттайды.

Ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің аңсаған армандарының бірі – дербес тәуелсіздік мемлекет болу, өнеркәсіп орындарын, қалалар салу, мәдени ошақта ашу, түрлі оқу орындарын ашып, олардың жұмысын жолға қою, елдің сауатын ашу, ұлттық зиялыларды өсіріп, жетілдіру болды. Солардың бірі А. Байтұрсынов Қазан революциясы қарсаңында араб алфавиті негізінде 29 әріптен тұратын қазақ әліппесін жасап, тезірек хат танытудың төте жолын салды. “Тіл ашар”, “Тіл құрал”, “Сауат ашқыш”, “Тіл жұмсар” деген кітаптар жазып, грамматика құрастырды, үлкен ғылыми реформа жасады.

Әдебиеттер:

1. Аюпов Н.Г. Религиозная система древних тюрков. – А., 1998.

2. Григориян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана VІІ-ХІІ вв. – М., 1960.

3. Ғарифолла Есім. Хакім Абай. – А., 1994.

4. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1994.

5. Қасабеков А.К., Алтаев Ж.А. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – А., 1994.

6. Қазақ даласының ойшылдары ІХ-ХІІ ғғ. Қорқыт, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ.А. Иассауи. – А., 1995.

7. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – Л., 1991.

8. Нурланова К. Человек и мир: казахская национальная идея. – А., 1994.

9. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. – А., 1996.

 

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1038. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия