Студопедия — Бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар






1. Жердi, жер қойнауын, суды, орманды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
2. Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуына, тiрi организмдердiң генетикалық қорының жойылуына, халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi қоршаған ортаның басқа да өзгерiстерiне әкеп соғатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.

Тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

Бап. Жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегi экологиялық талаптар

Ескерту. 208-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiк пен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалы жай-күйi қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу критерийi физикалық тозу мен химиялық ластану болып табылатын экологиялық қолайсыздық дәрежесiнiң көрсеткiштерiне негiзделедi.
3. Жердiң химиялық ластану деңгейiн айқындау қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органдар бекiткен топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан әрi – жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Бап. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Елдi мекендердiң жерiн басқа санаттағы жерлерге ауыстыру кезiнде ластаушы заттардың осы аумақтардағы ауа мен суға өту мүмкiндiгi және олардың халық денсаулығына тiкелей әсер етуi ескерiледi.
3. Төтенше экологиялық жағдайдағы аймақ үшiн экологиялық ахуалдың одан әрi нашарлауына әкеп соқпайтын ерекше пайдалану режимi белгiленедi.

Бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк және жердi ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi.
2. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға ықпал ететiн, аталған жердi пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерiле отырып, аймақтар белгiленедi
3. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде өз шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне шек қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескерiледi.
4. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде олардың химиялық заттармен жерлердi бағалаудың экологиялық критерийлерiнде белгiленген деңгейлерден артық ластануы қосымша экологиялық критерий болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейiне жатқызылған жер консервациялануға тиiс және босалқы жер құрамына ауыстырылады.

Бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер кодексiмен және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
2. Сауықтыру мақсатындағы жерде қолайлы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды сақтау мақсатында оларды аймақтарға бөлу кезiнде санитарлық қорғаныш аймақтары белгiленедi.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 634. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия