Студопедия — ДӘРІС № 7
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДӘРІС № 7






 

Тақырып: Пластикалық массалар және басқа да металл емес материалдар

Мақсаты: Медицинада қолданылатын пластикалық массаларды және басқа да металл емес материалдарды қарастыру (артықшылығы және кемшілігі және т.б.).

 

Дәріс жоспары:

1. Полимерлі материалдар.

2. Пластикалық массалар және пластикалық материалдан жасалған бұйымдар.

3. Пластмасса материалдардың артықшылығы.

4. Пластмасса материалдардың кемшілігі.

 

Дәріс тезисі:

Медиицнада ең жиі қолданылатын органикалық материалдарға әртүрлі олигомерлер мен жоғары молекулярлы қосылыстар негізіндегі полимерлі материалдар жатады.

Полимерлер – молекулалары өзара химиялық байланыстармен біріккен көптеген топшалардан тұратын жоғары молекулярлы қосылыс.

Мономер – төменгі молекулярлы зат, молекулалары бір-бірімен немесе басқа заттардың молекулаларымен полимерп түзе отырып байланысқа түсе алады

Олигомерлер – гомологиялық қатардың сүшелері, молекулаларының мөлшері бойынша жоғары молекулярлы қосылыстар мен мономерлердің арасында орнгаласқан.

Полимерлі материалдар – жоғары молекулярлы қосылыстардың негізіндегі материалдар, әдетте көп компонентті және көп фазалы болып келеді. Полимерлі материалдардың келесідей топтары болады: пластикалық массалар, каучук, латекс, резеңке, желім, талшық, полимерлі плёнкалар, бояу материалдар және жабындар және т.б.

Пластикалық массалар (пластмассалар, пластиктер) – жоғары икемді және созылмалы күйде болатын негізін полимерлер құрайтын материалдар, ал эксплуатация кезінде «йнек тәрізді және жоғары кристалды түрлерде болады.

Қазіргі кезде пластмассаларрдан көптеген медициналық саймандарды және олардың детальдарын дайындайды, мысалы буждар, катетерлер, трахеостомиялық түтіктер, стетоскоптар, шприцтер, сонымен бірге науқастарды күту бұйымдары.

Пластмассаларға құрамына жоғары молекулярлы қосылыстар кріетін органикалық және бейорганикалық текті материалдар жатады.

Пластмассалар негізгі заттан (байланыстырушы негіз), толықтырғыштардан, қатайтқыштардан, тұрақтандырғыштардан және бояғыштардан тұрады.

Пластмассаны түзетін негізгі зат – жасанды шайыр. Термопластикалық (термопластар) және термореактивті (реактопластар) шайырлар болады.

Термопластардан бұйымды қалыптау кезінде қатаю жүрмейді, сондықтан материал өзінің созылғыш қалпына келу қабілетін сақтайды.

Реактопластардан бұйымды жасау торлы полимер түзілетін химиялық реакциямен жүреді, яғни қатаяды. Және пластик өзінің созылғыш қалпына қайта келу қабілетін жоғалтады.

Пластмассаға толықтырғыштарды оның беріктігін ұлғайту, арнайы қасиеттерді бері және құнын төмендету үшін енгізеді. Толықтырғыштар ретінде органикалық және бейорганикалық текті табиғи жетімді материалдарды қолданады

Жоғары температура кезінде қатайтқыштар вулканизациялайтын әсер көрсетеді, нәтижесінде шайыр және барлық композиция қатады. Әрбір шайыр үшін өздерінің қатайтқыштары қолданылады.

Бояғыштар ретінде бейорганикалық пигменттер, температураға тұрақты органикалық пигменттер және лактар қолданылады.

Пластмассалар көптеген өздерінің қасиеттерімен басқа конструкциялық материалдардан тиімді ерекшеленеді.

· Орташа алғанда пластмассалар алюминийден 2 есе, болаттан, мыс, қорғасын, қоладан 5-7 есе жеңіл.

· Көптеген пластмассаларда беріктік көрсеткіштері металдарға қарағанда төмен. Бірақ кейбір пластмасса түрлерінің шартты беріктігі болаттың жоғары маркаларына қарағанда жоғары болады.

· Пластмассалардың негізгі түрлері металдарға қарағанда тек атмосфералық коррозияға ғана емес, сонымен бірге әртүрлі қышқылдардың, сілтілердің, еріткіштердің әсеріне тұрақты болады.

· Көптеген пластмасса түрлерінің тозуға төзімділігі жоғары.

· Көптеген пластмассалар – жақсы диэлектриктер, яғни электр тогын нашар өткізеді немесе мүлде өткізбейді.

· Пластмассадан жасалған бұйымдардың беттері қатты, мөлдір болады, оларды бояудың және тегістеудің қажеті жоқ. Дайындау процесінде әртүрлі пигменттерді енгізу арқылы кез келген түстегі бұйымдарды алуға болады, соның ішінде көп түсті табиғи тастарды, теріні, перламутрды имитациялай отырып.

· Пластмассалардың негізгі артықшылығы – олардан бұйымдарды әртүрлі әдістердің көмегімен қалыптау мүмкіндігі.

Осы аталған құнды қасиеттерміен бірге пластмассалардың кемшіліктері де бар.

· Белгілі бір температура интервалында ғана қажетті қасиеттерін сақтауы (-60°С-ден +120°С-ға дейін).

· Жылу өткізгіштігінің төмендігі.

· Металдармен салыстырғанда беріктігінің және қаттылығының төмендігі.

· Жүктің, жылудың, жарықтың, судың әсерінен және атмосферадлық жағдайда ұзақ уақыт болғанда қасиеттерін өзгертуі.

 

ДЕБИЕТ

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Полимерлі материалдар және олардың түрлері.

2. Пластмасса массаларының құрамы.

3. Пластмасса массаларының артықшылығы мен кемшіліктері.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 534. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия