Студопедия — Рылыс материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі араластырғыштардың түрлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рылыс материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі араластырғыштардың түрлері






Құрылыс материалдар өндірісінде құрғақ, жартылай құрғақ және пластикалық сұйық компоненттерді араластыруға арналған көптеген аппараттармен қондырғылар қолданылады. Олардың негізгі түрлері мен сұлбалары оқулықта және дәрісте көрсетілген

а) саз араластырғыш;

б) сазды қоспаны өткізуге арналған күректі араластырғыш;

в) айналмалы араластырғыш;

г) периодты гравитациялық бетонды араластырғыш;

д) мәжбүрлі ығыстырушы бетон араластырғыш;

е) үзіліссіз жұмыс істейтін қос білікті араластырғыш;

ж) ерітінді араластырғыш;

з) ағысты араластырғыш

Құрылыс материалдардың бұйымдарын көптеген түрлері арнайы жылумен өндеу арнайы жылу қондырғыларында өнделеді. Жылу қондырғыларының төмендегі түрлері болады:

1) өртеу, күйдіру, қондырғылары

2) ылғалды жылумен өңдеу қондырғылары

3) балқыту қондырғылары

4) кептіру қондырғылары

Материалдарды өртеуге, және күйдіруге арналған қондырғыларға әр түрлі пешті қондырғылар жатады. Пешті қондырғыларда өңделетін материалдардың физикалық химиялық қасиеттері өзгереді. Пешті

қондырғылар өртелетін материалдардың түріне байланысты шахталы, айналмалы, агломерациялық тор, қайнаған қабатты пеш деген түрлерге бөлінеді. Бұйымдарды жылумен өңдеуге арналған пеш түрлері камералы, сақина тәрізді, тунельді және тізбекті тасымалды деген түрлері болады.

Ылғалды жылумен баптау қондырғылары бұл жоғары температурада және ылғалды қысымның әсерінде жабық күйде материалдарды өңдейді. Өндірісте жылумен баптау қондырғылардың үнгірлі, тунельді және тік камера, касеталы қондырғылар және автоклавты деген негізгі түрлері пайдаланылады.

Балқытқыш жылу қондырғылары қатты күйдегі материалдарды сұйық немесе балқымалы түрге айналдырады. Мұндай қондырғылар арқылы әр түрлі балқымаларды шығарады. Құрылыс материалдары өндірісінде вагранка және ванна түріндегі негізгі балқытқыш қондырғылары пайдаланылады

Кептіргіш қондырғыларда өңделетін материалдар құрғақ, қатты, сусымалы және ұсақталған түрге айналдырылады.Кептіргіш қондырғылар барабанды және шандатқыш деген негізгі түрлерге бөлінеді. Шандатып кептіргіштер тізбекті, тунельді және камералы деген түрлерге бөлінеді.

Ылғалды жылумен баптау қондырғылары

Ылғалды жылумен баптау қондырғылары бұйымдарды қысқа мезгілде қатайтып жоғарғы беріктік шегіне жеткізуге арналады. Ылғалды жылу баптау қондырғылары арқылы бетонның және басқа да бұйымдардың жобалық беріктігін 70% дейін жеткізуге болады. Ылғалды жылу баптау қондырғылары ерекшеліктері бойынша төмендегі түрлерге жіктеледі:

1)жұмыстың тәртібі бойынша үзілісті, үзіліссіз

2)қолданылатын жылутасымалдағыштың түріне байланысты атмосфералық, су буымен, ыстық сумен, электр энергиясымен, жылуөткізгіштік арқылы.

 

Құрылыс материалдарын ылғалды жылумен өңдеуге арналған қондырғылардың есептеулері

Кез келген жылу қондырғыларда технологиялық есептеулер жүргізіледі. Бұл есептеудің мақсаты материалды жылумен өңдеуге жұмсалатын жылу шығынын және қондырғы жұмысының тиімділігін анықтау болып табылады. Есептеуді жүргізу үшін қондырғының құрылымын жобалайды, жұмсалатын материалдар және жылу балансының теңдеулерін құрастырады. Бұдан өнім бірлігіне тиесілі меншікті жылу шығының анықтайды. Жылудың меншікті шығынының негізінде қондырғының 1 сағатта немесе 1 ауысымда жұмсалатын бу немесе электр энергиясын есептейді. Жылу есебін жүргізбес бұрын жұмыс ауысымының уақыты жылумен өңдеу тәртібі қондырғының өлшемдері және жылу энергиясын көзін таңдау қажет.

Үзілісті жұмыс істейтін камераны есептеу тәртібі.

а) Камераның құрылымдық есебі.

Жылу қондырғысының жобалау бұйымдарды жайғасында орналасуын сызудан басталады. Бұл бұйымның әр қайсысын камера ішіне орналастыру және шығару белгілі бағытта қозғалту әркеттерін негізделеді. Ол үшін өңделетін материалдардың әр жағынан мөлшеріне орын қалтырады. Бұл өлшем қондырғының еркін және автоматты қозғалыстына негізделеді.

Камера жобалағанда камерада орналасатын материалдар санын, кранның көтеру қуатына байланысты таңдайды. Камераның биіктігі тұғырдың өлшеміне және қалыптағы пішінделген бұйымның қабаттар санына байланысты таңдалады.

Егер камерадағы қалыптың ұзындығы Lф,камераның екі жанында қалдырылытын нормативтік қашықтықты L1 белгілесек, камераның ұзындығы келесі формуламен есептеледі:

(1)

Камераның ені:

(2)

Мұндағы: n1- камераның ені бойынша орналасқан бұйымның саны

Егер камерадағы қалыптың биіктігі онда қойылған бұйымның биіктігі белгілесек, камераның биіктігі келесі формуламен есептеледі:

Hk= n2* hф+ (n2-1)* hn+h1+h2 (3)

Мұндағы: Hn- формалар арасындағы қашықтық биіктік бойынша

h1- төменгі формадан бұйымға дейінгі қашықтық

h2- жоғарғы формадан камераның қақпағына дейінгі қашықтық

Қызметтік әрекеттерге ыңғайлы болу үшін камераның биіктігі 3м-ден жоғары емес, және цехтің еденінен шамамен 0,7м-ден жоғары болу тиіс. Камераның көлемі келесі формуламен есептеледі

Vk= Lk*Bk*Hk (3)

Орналасатын бұйымның санына байланысты камераның сыйымдылығы келесі формуламен есептеледі

Еkемкость=n1*n2 (4)

Камераның жұмыс айналымының ұзақтығы норма бойынша қабылданады. Жұмыс айналымының уақыты төмендегі уақыттар қосындысымен анықталады:

τцзпиор (5)

Мұндағы: τц-камераның бір циклдегі; τз-жүктемеден уақыты

τп-қыздыру; τи-изотермиялық қыздыру;

τо-салқындату; τр – түсіру уақыты;

Камераның тәуліктік айналу коэффициенті келесі формуламен есептеледі

К= (6)

Егер тәуліктік өнімділік белгілі болса, берілген бұйым үшін бір ауысымдағы қажетті камера саны келесі формуламен анықталады

N= (7)

Цехта орналасатын әрбір 10 камера сайын бір резерфтік уақыт белгіленеді.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 157. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия