Студопедия — Грам теріс облигаттық - анаэробтық таяқшалар (бактероидтар, превотеллы, порфи-ромонады, фузобактерии).
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Грам теріс облигаттық - анаэробтық таяқшалар (бактероидтар, превотеллы, порфи-ромонады, фузобактерии).






Бактероидтар /Васteroides тұқымдастығы/. Спора түзбейтін грам-теріс анаэробты және микроаэрофилді таяқша тәріздес бактериялар, олар негізінде қызыл иек қалталарында тіршілік етеді. 3 туыстастыққа болінеді: меншікті бактероидтар, фузобактериялар, лептотрихиялар.

Бактероидтар /Вacteroides туыстастығы/. Қозғалғыш /перитрихтар/ немесе қозғалмайтын таяқшалар, қатаң анаэробтар. Хемоорганотрофтылар. Көмірсулардың ашыту метаболизмінің нәтижесінде майлы, сүтті, кәріптасты, пропионды, сірке, құмырсқа қышқылдары мен газ пайда болады. Пептондарды ферменттеу барысында жағымсыз иіспен сипатталатын амин қышқылдар пайда болады. Сондықтан бактероидтардың ауыз қуысында көбеюі әдетте халитозиске /қалыпсыз тыныс алу/ әкеліп соғады. Ең қолайлы өсу температурасы — 37 °С, рН - 7,0.

Гемин және менадион қажет еткендіктен В. melaninogenicus тек қаны бар агарларда жақсы өседі. Инкубация /5-14 кұн/ кезінде қара пигмент түзеді. Ферменттік белсенділігіне байланысты В. Melaninogenicus үш түршесін ажыратады:

1. В. Melaninogenius subsp melaninogenicus - көмірсуларды ыдырату қасиеті жоғары, ақуыздарды ыдыратпайды;

2. В. Теlaninogenicus subsp intermedius - көмірсуларды және ақуыздарды ыдырату қасиеттері орташа;

3. В. Теlaninogenicus subsp asaccharalyticus - көмірсуларды ыдыратпайды.

В. оralis қара пигмент түзбейді, көмірсуларды кәріптасты және т.б. қышқылдарға дейін белсенді тұрде ыдыратады. Өсуіне гемин қажет етпейді. Тығыз қоректік ортада 2 күннен кейін домалақ, беті тегіс, шығынқы, жартылай мөлдір, көлемі 0,5-2,0 мм колониялар түзеді. Адам денесінің қалыпты микрофлора өқілі болып табылса да, бактероидтар үлкен патогендік потенциалға ие. Бактероидтардың протеолитикалық ферменттері /коллагеназа, хондроитинсульфатаза, гиалуронидаза, липаза, нуклеаза, протеиназа ж.т.б./ пародонтта аурулардың дамуында үлкен патогенетикалық рөлді атқарады. Бактероидтардың метаболизм нәтижесінде пайда болатын майлы қышқылдары және протеаза деген ферменті секреторлық антиденелерді бұзып ауыз қуысының шырышты қабығының жергілікті иммунитетің нашарлатады. Ауыз қуысының гигиенасын сақтамаған, тістері зақымдалған адамдардан көп мөлшерде бөлінеді.

Порфиромонадалар Porphyromonas туыстастығы. Қысқа жылжымайтын өлшемі 1,0-3,0х0,5-0,8 мкм таяқшалар түзеді. Қанды орталарда қоңыр-қара пигмент түзеді 6-14 тәуліктерде. Өсу үшін гемин және К витаминіне тәуелді.

Порфиромонадалар көмірсуларға инертті, индол түзеді. Ауыз қуысында 3 түрін ажыратады: Porphyromonas asaccharolytica, Porphyromonas endodontalis, Porphyromonas gingivalis. Зақымдалу патогензі бактериоидтық инфекцияларға байланысты, сонымен қатар Porphyromonas gingivalis фибриногенді байланыстырады және бұзады, дентиннің зақымдалуына қатысатын коллагеназаны секреттейді және эритроциттерді агглютиндейді. Адамдарда порфиромонадалар гингивит, периодонтит ауруларын тудырады және бастың,мойынның жұмсақ тіндерін зақымдайды, аспирациялық пневмония тудырады.

Превотеллалар грам терісполиморфты таяқшалар, жылжымайтын, облигатты спора түзбейтін анаэробтар, көпшілігі күңгірт пигмент түзеді.

Prevotella melaningogenica және Prevotella intermedia сонымен қатар эпителиалды жасушалардың мембраналарының бүтіндігін бұзатын және олардың өліміне әкелетің А фосполипазасын бөледі.

Превотеллалар пеницилиндер мен цефалоспориндерге өте резистентті.

Адамда бастың,мойынның жұмсақ тіндерін зақымдайды, плевропневмония, остеомелит тудырады, әйелдердің жыныс органдарын зақымдайтын инфекцияларды тудырады.

Фузобактериялар /Fusobacterium туыстастығы/. Биотоптың анаэробтық флорасының 1 %-на дейін құрайды. Қозғалмалы /перитрихтар/ және қозғалмайтын ұршық тәрізді таяқшалар. Қатаң анаэробтар. Хемоорганотрофтылар. Пептондарды, көмірсуларды ферменттеген кезде сүт, май, сірке қышқылдары көп мөлшерде түзіледі. Ең қолайлы өсу температурасы - 37 С, рН - 7,0. ДНҚ құрамында Г+Ц мөлшері 26- 34 мол %. Қызыл иек қалталарында фузобактериялар спирохеталармен бірге тіршілік етеді. Ультрамембранозды стоматит, тамырлық гранулемаларды, қызыл иектің қабынуын тудыруы мүмкін. Ғusobacterium plauti, Ғ. nucleatum түрлерінің патогенетикалық маңызы жоғары.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 268. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.025 сек.) русская версия | украинская версия