Студопедия — Инновациялық үрдіс ұғымыжәне экономикалық дамуы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инновациялық үрдіс ұғымыжәне экономикалық дамуы.






1. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады. Көлік ел экономикасының инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады. Нақты әрі үздіксіз жұмыс істейтін көліктік кешен болмайынша мемлекеттің экономикасы ойдағыдай дами алмайды. Бұл ең алдымен, теміржол көлігіне қатысты, сол арқылы халықаралық және аймақаралық жүктер мен жолаушылар тасымалының негізгі бөлігі жүзеге асырылады. Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық жобаларды жүргізу мәселелеріне барынша көп назар аударылуда. Жүзеге асырылатын негізгі инновациялық жобалар ҚР 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясында сипатталған. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсаты - бәсекеге қабілетті ұлттық көлік инфрақұрылымын құру, бұл теміржол көлігі саласын басым дамытуды көздейді. Инновациялық үдерістер үздіксіз қозғалыстар мен өзгерістерге толы, оларды басқару жүйесі ішіндегі барлық үдерістері бір-бірімен байланысты бірыңғай тұтастықты білдіреді; инновациялық қызметті басқару нақты тұрақтылықпен сипатталатын ұйымдастырушылық формалармен жүргізіледі. Инновациялық дамудың стратегиялық екпіндері: көлік технологияларын жетілдіру және заманауи техника мен жабдықтарды енгізу; өндірістік және көліктік үдерістерді кешенді ақпараттандыруды интеграциялау мен қамтамасыз ету. Теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің сұраныстарына қарай жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар, темір жолдардың қолда бар желілерін қозғалыс қауіпсіздігі мен жылдамдығының әлемдік стандарттарына сәйкестікке келтіруге бағытталатын болады. Теміржол кешенін дамытудың инновациялық саясатының басымдықтары әлеуетті бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту болып табылады. Теміржол көлігін дамытудың маңызды бағыты аймақтар арасындағы тасымалдау қашықтығын қысқартатын жаңа желілерді салу, бұл қысқартылған желілер есебінен өнімдерді өндіру мен өткізу кезінде көлік шығындарын төмендетіп, ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан теміржолдардың ішкі желілерін оңтайландыру шараларын жүргізу қажет. Транзитті потенциалды арттыру мақсатында басқа елдерге шығуды халықаралық стандарттар деңгейінде колея ені бірдей елден елге тиісті ауысулармен жарақтандыру қажет, бұл теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етіп, жүктер мен жолаушыларды жеткізуді тездетеді.

2. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен кездесулерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады – біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс істеуге тарту («риsһ») және екіншісі тұтынушыларға бағытталған («рull»). Кәсіби көрермендер көрменің үшін бірінші күн арналады. Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық карточкаларды қажетті көлемде дайындайы қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті жасауы қажет. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінң құралдарын жетілдіруге мүмкіндік берерді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.
Туристік фирмалардың қызметін жетілдіру үшін туристік фирмаларға тек қана маркетингпен айналысатын бөлімдер ашу қажет. Бұл маркетингтік бөлімдердің қызметтері келесідей болуы тиіс:1. Бәсекелестерді зерттеу; 2. Агенттік тораппен жүмыс істеу; 3. Арнайы көрмелер мен кездесулерге қатысу; 4. Презентацияларды ұйымдастыру; 5.Ұйымдарға демеушілік көмек көрсету; 6. Оперативті маркетинг; 7. Жарнамалық әрекет.

3. Әлем елдерінің барлығының экономикасының сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі ретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми–техникалық прогрес (ҒТП) батыс және отандық әдебиеттерде инновациялық процесс ұғымымен байланыстырылады. Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуының оның комерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс, айырбас, тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды. Инновациялық процесс, инновациялық іс-әрекет сияқты ҒТП–пен тығыз байланыста болады, бірақ оның ерекшелігі бар инновациялық процестер енгізілумен, яғни нарықта жаңа өнімнің, қызмет көрсетудің пайда болуымен немесе жаңа технологияның жобалық қуатқа жетуімен аяқталмайды. Бұл процесс пен іс-әрекет енгізуден кейін де тоқтамайды, өйткені тарау барысында жаңалық жетілдіріледі, неғұрлым тиімді бола бастайды, жаңа салаларын, жаңа нарықтарды, демек, жаңа тұтынушыларды ашады. Инновациялық үрдіс нәтижесі – бұл экономиканың әр түрлі салаларында қолданылатын және халықаралық саудада ерекше тауар болып табылатын технологиялық жаңалықтар. И нновациялық процеске келер болсақ, инновациялық процесс жаңа идеяның зерттелуі, дайындалуымен оның практикалық қолданысқа енуіне дейінгі мерзімді қажет етеді.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 249. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия