Студопедия — ж. № 10 Хаттама
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ж. № 10 Хаттама






 

 

Кафедра меңгерушісі,м.ғ.д. профессор __________C.К. Жаугашева

 

 

Тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің функциясына әсер ететін дәрілер (2 бөлім)

Дәрістің мақсаты: Ұйқы безінің ішкі секреторлық жеткіліксіздігінен болатын ішектік диспепсияда қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерімен таныстыру.

 

Дәрістің жоспары:

1. Ұйқы безінің ішкі секреторлық жеткіліксіздігінен болатын ішектік диспепсияда қолданылатын дәрілік заттар.

2. Ферменттер

3. Пробиотиктер

4. Прокинетиктер

 

 

Ұйқы безі функциясының жеткіліксіздігі кезінде орынбасушы терапия үшін ферменттік препараттар қолданылады.

ПАНКРЕАТИН (Pancreatinum; таблетка және ұнтақ түрінде 0,5) амилазадан, липаза, трипсиннен тұрады.Оны ірі қара малдың және шошқаның ұйқы безінен алады. Ферменттің белсенділігі жоғары емес және оны көп мөлшерде қолданады.

Препарат ұйқы безінің ішкі секреторлық функциясының, асқазан секрециясының жеткіліксіздігінде; гастроэнтероколитте, муковисцидоздың ішектік формасында, бауыр ауруларында және созылмалы энтероколитте қолданылады.

Препарат копрограмманың бақылауымен тағайындалады. Препаратты сілтілік суды (боржоми) ішу арқылы тамақ ішер алдында куніне 3-6 рет қабылдайды.

ФЕСТАЛ (Festalum; драже түрінде)қазіргі уақыттағы панкреатиттік ферменттерден (липаза,протеаза,амилаза және т.б) және негізгі компоненті өттен тұратын жаңа преперат. Препаратты гастритте,энтероколитте, асқазанның және ішектің сіңіру қызметінің және секреторлық жеткіліксіздігінде; панкреатитте, гепатитте, холециститте, асқазанға, ішекке, ұйқы безіне операция жасаудан кейін; диета және тамақтан уланумен байланысты астың қорытылуының бұзылуында қолданылады.

Препаратты күніне 3 реттен тамақ уақытысында 1 дражеден тағайындайды.

ПАНЗИНОРМ (форте) Panzynorm-forte) екі қабатты таблетка түрінде босатылатын аналогтық препарат. Сыртқы қабаты асқазанда еритін, ірі қара малдың асқазанының шырышты қабатынан алынған экстракт (асқазан сөлі ферменттері, ұйқы безі және ішек ферменттері). Ішкі қабаты ішекте ыдырайтын, панкреатин және өт сығындысынан тұратын қышқыл тұрақты қабат.

Панзинорм фестал көрсеткіштеріндегідей қолданылады.

 

МЕКСАЗА - құрылысы бойынша үш қабаттылығына байланысты ферменттік және антибактериальдық әсер көрсететін препарат:

1. Ішкі қабат -энтеросептол.

2. Ортаңғы қабат -панкреатин және дигидрохольдық қышқыл.

3. Сыртқы қабат -ферменттік препарат бромелин.

 

Препарат асқорыту сөлінің жеткіліксіздігі, АІТ, бауырдың және өт қапшығының инфекциясына байланысты, асқорытылудың бұзылуында эффективті әсер көрсетеді.

 

МЕЗИМ-ФОРТЕ –күрделі ферменттік препарат. Көрсеткіштері мексазадағыдай.

АНТИФЕРМЕНТТІК ПРЕПАРАТТАР (ферменттер ингибиторы).

Протеазалардың инактивациясы биологиялық белсенді полипептидтердің (кининдер) босап шығуын ескертеді. Нәтижесінде:

- кининдердің инактивациясы (калликрин).

-капиллярлар өткізгіштігінің стабилизация жолымен ісіктің тоқтауы.

Бұл ауырсынудың, интоксикацияның төмендеуі, науқастың жалпы жағдайының жоғарылауы, аутолиз процесінің тоқтауы, эксудацияның төмендеуімен қамтамасыз етеді.

Препараттар:

  1. Пантрипин. Жедел және созылмалы панкреатитте, операциядағ ұйқы безінің жарақаттануында қолданылады.
  2. Гордокс. (“Гедеон Рихтер”, Венгрия).
  3. Трасилол.
  4. Контрикал.

Соңғы екі препарат шокта, перитонитте, миокардтың абдоминальдық инфекциясында қолданылады.

  1. Ингитрил.
  2. Трасколан.

 

Асқазан моторикасына әсер ететін дәрілік заттар.

 

Асқазан моторикасын күшейтетін дәрілік заттарға (прокинетикалық заттар), метоклопромид – шеткері және орталықтық дофаминдік D2- рецепторлардың антогонисті, серотониндік 5-HT-рецепторлардың агонисті, цизаприд- (шеткері холинергиялық нейрондардың тонусын жоғарылатады; серотониндік 5-HT-рецепторлардың агонисті), домперидон –(мотилиум; шеткері дофаминдік D2- рецепторларды тежейді) және тағы басқа да препараттар жатады. Оларды асқазанның эвакуацияланудың кедергісінде және де гастроэзофагеальды рефлюкс кезінде қолданады.

Асқазан моторикасы жоғарылағанда холиноблокаторларды (атропин тәрізді және ганглиоблокторларлық дәрілік заттарды, яғни екі түріне де әсер ететін, мысалы бускопан, пробантин) және миотроптық әсер көрсетуші спазмолитиктерді қолданады (папаверин, но-шпа және т.б препараттар).

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Reilly M.A Pharmacology.- Philadelphia, 1977 p. 325
  2. Harvey R.A., Champe P.C. Pharmacology.- Philadelphia, 1977 p. 514
  3. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.- Edinburgh. 1999, p 830
  4. Katzung B. C. Basik and Clinikal Pharmacology.- New- Jork, 2003, 1215
  5. Закусов В.В. Фармакология центральных синапсов.М.: Медицина 1973
  6. Харкевич Д.А. Фармакология. 4-е изд. М.: Медицина 1993
  7. Баранов Н.П., Баранова Г.В. Интерпритация важнейщих биохимических показателей. Караганда, 1995,160с.
  8. Каркищенко Н.Н. Фармакологическое основы терапии. М.:Медицина,1996
  9. Сергеев П. В., Галенко –Ярошевский П.А.. Шимановский Н.А. Очерки биохимической фармакологии.М.: Фармединфо,1996
  10. Крыжановский С.А., Вититнова М. Б. Современные лекарственные препеараты. М., 1998
  11. Бертрам Г. Катцунг Базисная и клиническая фармакология. Санкт-Петербург, 1998
  12. Машковский М. Д. Лекарства ХХ века. М.: Изд. “Новая волна ”. 1998

 

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

  1. Фармакотерапияның қандай түрлерін білесіз?
  2. Ұйқы безінің фементтерін атап шығыңыз.
  3. М-холиноблокаторлардың классификациясы.
  4. Наркотикалық емес анальгетиктердің классификациясы.
  5. Холецистокининнің оргагизмдегі ролі қандай?
  6. Калекрен-протеазалық жүйе туралы не білесіз?
  7. Соматостатин, оның организмдегі ролі қандай?






Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2612. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.028 сек.) русская версия | украинская версия