Студопедия — Дәріс. Банк балансының активтерін талдау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Банк балансының активтерін талдау






Банк активтері мен пассивтері бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асырғанда, яғни өз клиенттеріне несиелер бергенде, басқа да қызметтер көрсеткенде, бағалы қағаздар мен валюта нарықтарында пайда табуға бағытталған операцияларды жүзеге асыруда өз пассивтерінің құрылымын үнемі бақылап отырады. Активтер мен пассивтер арасындағы қатынас өте күрделі. Сондықтан, банк қызметінің барлық салалары айқын, тиімді түрде үйлестіріліп отыруы керек.

Демек, банк өз қызметінде активтік, пассивтік операцияларды жүзеге асыруда келесі үш қағиданы ұстануы керек:

Ø Активтерді диверсификациялау қағидасы. Ресурстарды бір-біріне ұқсас операцияларға немесе несие алушылардың аз бөлігіне беруге болмайды;

Ø Ресурстарды мерзімі бойынша реттеу қағидасы. Егер сырттан тартылған қаражаттардың мерзімі негізінен қысқа мерзімді болса, онда орта, ұзақ мерзімді несиелерді шектеу қажет;

Ø Ақша қаражаттарының күнделікті белгілерінің бір бөлігі үнемі банк қолында қалып отыратындықтан, сол қысқа мерзімді қаражаттарды барынша тиімді пайдалану керек.

Банктің активтік операцияларын негізгі 4 топқа бөліп талдайды:

1. Кассалық операциялар;

2. Бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар;

3. Несиелік операциялар;

4. Басқа да активтер.

1) Банктің клиенттері кез келген уақытта өздерінің сақталған ақша қаражаттарын кері қайтарып беруге немесе басқа біреуге төлеуге талап қоюы мүмкін. Сондықтан, банк кассасында кез келген уақытта белгілі бір ақша сомасы үнемі сақталып тұруы керек. Кассадан бөлек, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік және резервтік шоттарда өз қаражаттарын сақтайды. Сол себепті кассалық операцияларды жүзеге асырғанда банктер өздерінің қолында қалатын ақша қалдықтарын барынша тиімді пайдалануға тырысады.

2) Банктер өз қаражаттарының бір бөлігін мемлекеттік немесе корпоративтік бағалы қағаздар сатып алуға жұмсай алады. Сол арқылы дивиденд, пайыз түрінде пайда табуға тырысады.

3) Несиелік операциялар негізгі 2 топқа бөліп қарастырылады. Ол активтік операциялардың ең үлкен, әрі табысты бөлігін құрайды:

- талап етілгенге дейін берілген несиелер мен қысқа мерзімді несиелер;

- клиенттерге берілген несиелер мен басқа да шоттар.

4) Еншілес кәсіпорындардың, акциялардың құны, банк ғимараттары мен басқа да негізгі қорлар, материалдық емес активтер, басқа да айналымнан тыс активтер кіреді.

Баланс қорытындысын есептеу үшін активтер келесі топтарға жіктеліп қарастырылады:

1. Ақша қаражаттары және оған теңестірілген қаражаттар:

Ø Банк кассасындағы ақша қаражаттары және оған теңестірілген қаражаттар;

Ø Кәсіпорын мен ұйымдардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында сақталған ақша қаражаттары;

Ø Валюталық құндылықтар, соның ішінде, қымбат бағалы металлдар, қолма-қол шетел валютасы және шетелдік банктерде ашылған шоттар;

Ø Банктің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттары;

Ø ҚР ҰБ-де ашылған резервтік шоттардағы қаражаттар;

Ø ҚР ҰБ-гі депозиттік шоттарға орналастырылған қаражаттар;

Ø ҚР ҰБ-гі корреспондеттік шоттардағы қаражаттар.

2. Несиелік операциялар және соған теңестірілген активтер:

Ø Басқа банктерге берілген несиелер;

Ø Заңды тұлғаларға берілген несиелер;

Ø Жеке тұлғаларға берілген несиелер;

Ø Банктің берілген кепілдіктері, яғни басқа заңды тұлғалар үшін берілген әртүрлі кепілхаттар т.б.;

Ø Факторингтік операциялар;

Ø Форфейтингтік операциялар;

Ø Лизингтік операциялар.

3. Оқшауланған (иммобилизацияланған) активтер:

Ø Дебиторлық қарыздар:

а) банктің операциялық қызметі барысында қалыптасқан қарыздар;

ә) күрделі қаражаттар бойынша қалыптасқан қарыздар;

б) шетелдік операциялар бойынша қалыптасқан қарыздар.

Ø Инвестициялық активтер:

а) капитализацияланған активтер;

ә) қаржылық инвестициялар.

Ø Есептесулерге жұмсалған қаражаттар:

а) клиенттердің клирингтік операцияларын жүзеге асыру;

ә) банкаралық есептесулер.

Банктің іскерлік белсенділігін талдау үшін олардың келесі қызмет бағыттары бойынша талдау жасалынады:

1. Экономиканың әртүрлі салаларына несие беру;

2. Валюталық операциялар;

3. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүзеге асыру;

4. Басқа банктерге несие беру;

5. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1293. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия