Студопедия — Аржылық тұрақтылықты бағалаудың әлемдік тәжірибесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аржылық тұрақтылықты бағалаудың әлемдік тәжірибесі






 

Нарықтық экономика жағдайда ресейлік кәсіпорындардың алдында дербес жоспарлау, бақылау, бағалау және де өзінің қызметін талдау міндеті алдарына қойылған[6]. Басқарушылық шешімдер әртүрлі субъектілер тарапынан қабылданып, талқыланады. Қаржылық жағдайын бағалаудың нақтылығы аталған шешімдердің мазмұнын және сапасын анықтайды.

Шетелдік тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда келесідей өзіндік басым бағыттары көрсетіледі. Бірінші бағыт, «эмпирикалық прагматиктер мектебінің» қызметімен байланысты. Олардың пікірі бойынша, басты мәселе - кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер жиынтығын талдау болып табылады. Бұл бағыттың мақсаты, кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтей ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап беретін индикаторлар жиынын алу болып саналады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда бұл аспект маңызды роль атқарады. Сондықтан да барлық аналитикалық көрсеткіштер, қысқа мерзімді кредиторлық қарыздарының, меншікті айналым капиталы және қор қайтарымдылық көрсеткіштерін қолданудың негізінде құрылады. Жоғарыда аталған мектептің өкілдерінің ұстанымдары - корпоративті қаржылық талдаудың дамуында негізгі үлесі, қаржылық жағдайын басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қолданылатын көпжақты аналитикалық көрсеткіштерді анықтау. Бастапқы кезеңде көрсеткіштерді бөлек анықтайтын, кейінгі кезде талдауда барлық коэффициенттер тобы қолданылады, содан осы топтардың бір - бірімен байланыстарын талдай бастады.

Екінші бағыт «статистикалық қаржылық талдау» мектебі тарапынан анықталған және кәсіпорынның несиеге қабілеттілігінің критерийін өңдеумен байланысты. Бұл бағыттың негізгі идеясы, бухгалтерлік есептің негізінде есептелген аналитикалық коэффициенттерді анықтау пайдалы деп есептейді, егер осы коэффициенттерді нормативті көрсеткіштермен салыстыруға болатын мүмкіндік болған жағдайда.

Әрбір анықталған коэффициенттің рейтингтік реті және деңгейінің негізінде баллдар қойылады, соңында барлық анықталған коэффициенттің баллдары қосылып, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау коэффициентін құрайды.

Үшінші бағыт «мультинұсқалық аналитиктер» мектебінің қызметімен байланысты. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсететін және ағымдағы қызметтің нәтижелілігін (жалпы табыс, активтердегі қор қайтарымдылығын және т.б.) және де қаржылық - шаруашылық қызметінің жалпылама көрсеткіштерін (авансталған капиталдың тиімділігі) сипаттайтын жеке коэффициенттер жиынтығы негізінде қалыптасқан. Бұл мектептің өкілдерінің ұстанымдарының негізгі міндеті - пирамида (жүйе) көрсеткіштерін құру болып табылады.

Қазіргі кезде көрсеткіштер жиынтығы базасында интегралды көрсеткіштерді құру әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда кең қолданылады. Бұл бағыт кәсіпорынның қаржылық жағдайын төрт деңгейде бағалауды ұсынады – қаржылық тұрақтылық, төлем қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі және кірістілігі. Кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы мына шкала арқылы бағаланады: «қолайлы», «қанағаттанарлық», «қолайсыз».

Төртінші бағыт «банкрот болу ықтималдығын болжауын» қарастырады. Осы бағыттың өкілдерінің ұстанымдарында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауға ерекше мән беріледі. Альтман индексі кәсіпорынның экономикалық потенциалын және оның өткен жылдағы жұмысының нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтайды. Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисті Э.Альтман ұсынған 2 модельді әдіс [7]. Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттықтың ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті (К.ж) немесе ағымдағы өтімділік (кАө), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффициентіне байланысты болып табылады. Эмпирикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэффициенттердің салмақтылық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал егер 2 мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді. Осы модельдердің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның кәсіпорын жайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып табылады. Бірақ берілген модель банкроттықты болжауда жоғары дәлдікті қамтамасыз етпейді, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайына басқа маңызды көрсеткіштердің (табыстылық активтердің берілуі, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі) әсерін есепке алмайды. Болжаудың қатесі екі факторлы модельдің көмегімен мына аралықта бағаланады. Нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорынның банкроттық ықтималдылығын болжау үшін қарапайым және артықшылық беретін акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының негізінде есептелетін Э.Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады. 1968 жылы ол болжаудың бес факторлы моделін ұсынған. Басқа да белгілер мәлім болды, мысалы, Британ ғалымдарының бірі Тофлер төрт факторлы болжамдық модельді ұсынды. Сол жылы Э.Альтман банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті факторлы модельді жасады, оның дәлдігі 70%-ға дейін болады. Бұл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:

1) активтердің рентабельділігі;

1) пайданың динамикасы;

2) несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;

3) кумулятивті түсімділік;

4) ағымдағы өтімділік коэффициенті;

5) автономия коэффициенті;

6) жиынтық активтер.

Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ аналитикалық есептің мәліметтері қажет).

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалайтын және талдаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін келесі талдау әдісінің негізгі принциптерін қолдану қажет:

а) талдаудың міндетін және мақсатын қалыптастыру;

ә) қаржылық көрсеткіштердің нәтижелі жүйесінің оңтайлы нұсқасын таңдау;

б) аналитикалық есептеулерді компьютерлік технологияға аударуды қамтамасыз ету мақсатымен көрсеткіштерді есептеу алгоритмін және олардың өзгеруіне әсер ететін факторларды өңдеу;

в) талдау нәтижесі бойынша бағалау және қорытынды жасауда абайлау, себебі барлық қойылған сұраққа нақты жауап алуға мүмкіндік жоқ.

Әдістердің айырмашылығына қарамастан, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалайтын барлық жоғарыда аталған бағыттардың әдістерінде мына қаржылық көрсеткіштер жүйесі есептеледі:

- төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері;

- қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері;

- іскерлік белсенділік көрсеткіштері;

- тиімділік (кіріс) көрсеткіштері.

Тәжірибе жүзінде әрбір кәсіпорын өз бетімен көрсеткіштер жүйесін таңдайды. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін бағалау үшін абсолютті және қатысты көрсеткіштер қолданылады. Абсолютті ол – таза айналым капиталының сомасы, неғұрлым өтімді активтер мен неғұрлым қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы және тез өткізілетін активтер мен қысқа мерзімді пассивтер арасындағы айырма, өткізілуі баяу активтер мен ұзақ мерзімді пассивтер айырмасы, өткізілуі қиын активтер мен тұрақты пассивтер айырмасы.

Қатысты көрсеткіштер коэффициенттері: ағымдағы өтімділік (жабу коэффициенті-ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерге қатынасы), мерзімді өтімділік (ақша қаражаттарының, дебиторлармен есептесудегі мобильді қаражаттардың, қысқа мерзімді қаржылық салымдардың ағымдағы пассивтерге қатынасы), абсолютті өтімділік (ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың ағымдағы пассивтерге қатынасы).

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының анықтамасы қазіргі заманда экономикалық және тәжірибелік проблемаларының бірі болып табылады. Жеткіліксіз қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның төлем қабілетсіздігіне ұрындыруы және банкроттыққа ұшыратуы мүмкін.

Қаржылық жағдайы қалыпты кәсіпорындар, өзінің жоғарғы рентабельділігі мен кәсіпкерлік белсенділігімен ерекшеленеді. Кәсіпкерлік белсенділік келесі көрсеткіштер арқылы бағаланады: абсолютті - өнімді өткізуден түскен түсім мен таза табыс, және қатысты – еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, капитал мен жалпы айналымдылық коэффициенттері, дебиторлық қарыздың қайтарылуының орташа мерзімі, кредиторлық қарыздың айналым жылдамдығы, меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті, экономикалық деңгейінің тұрақтылық коэффициенті. Кәсіпорынның рентабельділігі (тиімділігі) бірқатар көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Оларға: сату тиімділігі, негізгі қызметтен түскен түсім, кәсіпорынның жалпы капитал тиімділігі, кәсіпорынның меншікті капитал тиімділігі жатады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалауда кеңінен қолданылатын әдістерінің бірі, капитал құрылымын және оны қолдау мүмкіндігін сипаттайтын қаржылық талдау коэффициенттерін есептеу болып табылады.

Дәстүрлі әдісте қаржылық тұрақтылықтылықты бағалау батыстағы (Э.Хелферт, Т.П.Карлин, А.Р.Макмин және т.б.) және ресейлік (Н.Булатов, А.Шеремет, М.Крейнина және т.б.) оқымыстылар мен мамандар өңдеген әдіске негізделген. Қаржылық тұрақтылық екі жақты бағалануы мүмкін: қаражат көздерінің құрылымы мен сыртқы көздерге қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Осыған байланысты көрсеткіштердің екі тобы ұсынылады, олар: капитализация коэффициенті мен жабу коэффициенттері.

Капитализация коэффициенттерінің ішінде алдымен меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасын, олардың баланс валютасындағы бөлігін көрсетеді. Бірақ бұл көрсеткіштер кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы бағасын көрсеткендіктен, экспресс-талдауда қолданылады. Ал нақты кәсіпорынның қызметін бағалау үшін әлемдік тәжірибеде келесі көрсеткіштер жүйесі қолданылады: кәсіпорын иелерінің жалпы қор сомасындағы бөлігін сипаттайтын меншікті капитал (автономия) концентрациясының коэффициенті; сырттан тартылған қаражаттар коэффициенті; қаржылық тәуелділік коэффициенті.

Ұзақ мерзімді пассивтерді сипаттайтын капитализация коэффициенттері екінші топ – жабу коэффициенттерімен толықтырылады. Осылар арқылы кәсіпорынның қаражат көздерін тиімді пайдалану мүмкіндігін бағалауға болады. Қаржылық тұрақтылықтың негізі қаржы ресурстарын тиімді және нәтижелі қалыптастырумен анықталады, ал төлем қабілеттілік кәсіпорынның сыртқы бейнесі болып табылады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігімен тығыз байланысты. Сонымен бірге төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар әсер етеді. Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді түрде қарастыру маңызды, бұл талданатын кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді [8].

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік ретінде кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыру. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топтастырылады - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша; қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың негізгі мақсаты- кәсіпорынның ішкі және сыртқы проблемаларын айқындап, оларды шешу жолдарын тауып, ары қарай дамуын, дағдарыстан шығу, инвестиция, несие тарту және басқа да шараларады өткізу.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдаудың мақсаты қандай?

2. Қаржылық талдаудың негізгі міндеттеріне нелер жатады?

3. Қаржылық талдау мен басқарушылық талдаудың қандай ерекшеліктері бар?

4. Қаржылық талдаудың қазіргі заманда қандай негізгі теориялық бағыттары мен мектептері бар?

5. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қалай сипатталады?

6. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаушы көрсеткіштерді қандай топтарға бөлуге болады?

7. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына ықпал етуші қандай негізгі факторлар бар?

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2402. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия