Студопедия — Негізгі клиникалық тексеру әдістері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Негізгі клиникалық тексеру әдістері.






Анық диагноз қою үшін дұрыс мәлімет жинай алу керек. Бұл мәліметтерді науқастан сұрау нәтижесінде, тікелей физикалық тексеру тәсілдерін қолдана отырып және қосымша зертханалық, құрал –жабдық аппарат арқылы зерттеу әдістерін қолдана отырып анықтауға болады.

Субъективтік тексеру әдісі Сырқаттанушыдан ауруды сұрастыру диагнозды дұрыс қою үшін, аурудың не себептен болғанын, аурудың мінездемесін, ағымын білуге көп көмек береді. Сұрастыруды арнайы бейнелемемен жүргізеді, демек дәрігер науқасқа сұрақты белгілі тәртіп бойынша қояды. Сұрастыру бейнелемесі келесі бөлімдерден тұрады: науқас туралы жалпы мәліметт; науқас шағымдары; нағыз осы ауру тарихы (anamnesіs morbі); науқастың өмір баяны (anamnesіs vіtae);

Ауру тарихының бірінші бөлімі құжат бөлім болып табылады. Онда науқас адамның аты-жөні, толық жасы, жұмыс орны, мамандығы, тұрмыс жағдайы (әлеуметтік, материалдық) анықталады. Науқас жолдамамен келіп түскені немесе жедел жәрдем көлігімен жеткізілгені көрсетіліп жазылады. Қандай диагнозбен түсіп отырғаны тіркеледі.

Науқастың шағымдары. Шағым деп науқас адамның өзі сезетін аурулық түсінігін айтады. Шағымның екі түрі бар: негізгі және қосымша. Негізгі шағым деп әр мүшенің не әр жүйенің ауруына тән белгіні айтады. Мысалы, тыныс алу мүшелерінің ауруларына қатысты шағымдар: жөтел, тұншығу, ентігу, қақырық тастау. Қосымша шағымдар әр түрлі ауруларда кездесе береді. Мысалы, әлсіздену, дене қызуының көтерілуі, ұйқының бұзылуы, бастың айналуы т.б. Науқас шағымын айтқанда кейде бәрін бірдей айтпауы мүмкін. Сондықтан да науқастан сырқатын сұраған кезде оның әр бір күдікті шағымдарына көңіл бөлуі тиіс. Бұл дерт анықтамасындағы басты шешім болып саналады. Егерде науқастан шағымдарын көңіл бөліп дұрыс сұрастырған жағдайда, бастапқы кезеңінде сырқаттың білінуін ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Аурудың даму тарихы. Осы аурудың дамуын сұрастыру керек. Алдымен ауру қалай басталғанын білген жөн. Кейде ауру жедел, кейде біртіндеп басталады. Мысалы, крупті өкпе қабынуы жедел басталады, ауырған адам күнін және уақытын да біледі. Кейбір сырқаттар, мысалы, қант сусамыры, туберкулез, жәй, біртіндеп басталады. Сұрағанда аурудың қандай жағдайда басталғанын, себебіне, алғашқы белгілеріне көңіл бөлу керек. Содан соң аурудың өсінкілік мәлімін білу қажет. Ауру басталған кезеңнен өзінің сезім қабілетінің қалай өзгергенін байқай алды ма. Ауырсыну күшейді ме, тыйылды ма немесе науқастың уақытша оңалуы білінді ме. Ауырғалы бері қандай тексерістер өткізілді, олардың берген қорытынды нәтижелерін қайтадан қарастырып, ескереді. Нақты түрде қолданылған емін сұрастыру керек.

Аурудың өмір тарихы. Бұл бөлімнің ерекшелігі аурудың дамуын анықтауға ықпал етеді. Науқастың қай елді мекенде туып өскеніне көңіл бөлу керек. Кейбір аудандарда йод тапшылығынан қалқанша без ауруларының, бруцеллез, безгек сырқаттарынының да дамуы жиі байқалады. Сол аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік және материалдық жағдайлары ескеріледі. Әйел адамның етеккір циклінің өтуін, қанша құрсақ көтергендігін, жүктіліктің өту кезенің барысын, босануын сұрастыру әдісін қолдана отырып жүзеге асырады. Сырқаттың жалпы денсаулық жағдайын анықтау үшін оның мамандығын, қызметтегі талаптарды орындауын, тамақтану тәртібін сұрастырып қолданады. Бұдан басқа қандай сырқаттар түрімен ауырғандығын, жан ұясында тұқым қуалаушылық ауруларын анықтайды. Науқастың дәрі-дәрмектерге, әр түрлі тағамдар және тағы басқа заттарға аллергия серпілісін анықтайды. Жағымсыз қылықтар туралы сұрап білу басты көрсеткіш болып табылады.

Объективтік тексеру әдістері Науқасты қарап тексеру объективті деп саналады, өйткені қараған кездегі анықталынған белгілердің негізгісінде нағыз патологиялық дәрістер жатады.Тікелей тексеруді науқасты қараудан бастайды, жалпы науқастың жағдайын бағалайды, содан кейін пальпация, перкуссия, аускультация тексеру түрлеріне көшед Қарау (инспекция) Қарау ең қарапайым методтардың қатарына жатады. Оның диагностикалық мүмкіншілігін тек дұрыс пайдалана білгенде ғана анықтауға болады. Ол үшін қарау кезінде төмендегідей ережелерді мұқият сақтау керек.

1. Ауру күннің жарық мезгілінде қарау керек. Себебі жасанды жарықта аурудың кейбір белгілері байқалмайды, ол кейбір белгілердің түсі өзгеше болып көрінеді. Егер күн жарығын пайдалануға мүмкіншілік жоқ болса, онда күн жарығын (ақ жарық) беретін электр шамын қолданады. Ауруға жарық қарсы және бүйірінен түсіп тұру керек.

2. Ауру толық шешініп, алдында 2-3 м қашықтықта тұру керек. Жарық сәулесін тура және жанынан түсіріп отырып, ауруды жан-жақты толық қарап шығады

3. Қарауды бір ретпен (жүйелілікпен) жүргізу керек. Қарау тәсілі жалпы қарау және әр мүшені қарау болып екіге бөлінеді.


Жалпы қараудан науқас адамның;:

1. санасын

2. төсектегі қалпын

3. жалпы пішінін (келбетін)(habitas)

4. сырт жамылғы келбетін (тері мен көрініп тұрған кілегей қабықтарды) анықтайды

 

Ауруды мүшелеп қарағанда қолданылатын жүйелік төмендегідей:

1. басты қарау 4 мойынды қарау

2. бетті қарау 5 кеудені қарау

3. ауыз ішін қарау 6 қол аяқты қарау







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 12630. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия