Студопедия — Мұнай базасының шаруашылығы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мұнай базасының шаруашылығы.






Мұнай өнімдерін сақтау, қабылдау және өткізу үшін құралған қондырғылар мен ғимараттардың жиынтығын мұнай базасы деп аталады. Атқаратын жұмысына қарай олар екі түрге бөлінеді:

1. Мұнай өнімдерін сақтайтын және олармен тұтынушыларды қамтамасыз ететін дербес шаруашылық;

2. Өз қарамағындағы белгілі бір өнеркәсіпті (авто шаруашылық, теміржол станциялары және т.б) жабдықтайтын мұнай базалары және мұнай қоймалары.

Мұнай базалары өзінің меншікті алаңында орналасқан екінші түрдегі мұнай базалары өзі қарайтын өнеркәсіптер мен шаруашылықтар алаңында орналасқан. Сол сияқты мұнай базалары қызмет атқарудағы шапшаңдылығына өнімдерді әкелу, шығару жағдайларына қарай: қайта тиеуші мұнай базасы, шикізат және товарлық зауыт мұнай базасы, тарату базасы болып үшке бөлінеді.

Мұнай базалары төмендегідей операцияларды орындайды:

1. Теміржол цистерналарымен, мұнай құятын кемелермен, құбырлармен, т.б. келген мұнайды қабылдайды.

2. Мұнай өнімдерін резервуарларда және ыдыс қоймаларында сақтайды.

3. Мұнай өнімдерінің үлкен партияларын теміржол цистерналарына, мұнай құятын кемелерге, құбырларға жібереді.

4.Мұнай автоколонка, ыдыс қоймалары арқылы контейнерлермен, бөшкелермен, бетондармен, тұтынушыларға жібереді.

5.Резервуарлардағы, теміржол цистерналардағы мұнай құятын кемелердегі қатып қалған және тұтқыр мұнай өнімдерін қыздырады.

Сонымен қатар мұнай базаларында жәрдемші операциялар да өткізілуі мүмкін: тазалау, ақшылдандыру, майларды регенирациялау және ұсақ ыдыстарды жасап шығару т.б. Мұнай базаларының барлық алаңы алты зонаға бөлінеді:

I. Мұнай өнімдерін қабылдау және жіберу.

II. Сақтау.

III. Оперативтік (шапшаңдық, тез).

IV. Көмекші техникалық ғимараттар.

V. Әкімшілік шаруашылық ғимараттары.

VI. Тазалайтын ғимараттар.

НӘ /3,5/, ҚӘ /4/







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2872. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия