Студопедия — Сурет 107. Торакостомия.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сурет 107. Торакостомия.






а-қабырғаны резекциялау; б-қабырғаның жұмсақ кабын тіліп, плевра қуысына кіріп іріңді аспирациялау; в-қабырғаның жұмсақ қабын тері жарасының шетіне тігіп, торакостоманы қалыптастыру. 1,2-қабырғалардың сыртқы ұштары сүйек қабығы және жұмсақ тіндермен жабылған, барлық тіндер арқылы өтетін шешілетін тігіс салынған.

Іріңді перикардит (pericarditis purilenta)

Іріңді перикардит (pericarditis purilenta) – жүрек қабының іріңді қабынуы.

Этиологиясы - стафилококтар, энтеробактериялар, гонококк, туберкулез таяқшасы т.б. патогенді микрофлора.

Патогенезі – көбінесе перикардит іріңді хирургиялық инфекциялардың асқынуы ретінде пайда болады. Іріңді медиастенит, бауыр абсцесі, іріңді плеврит, перитонит, тілме, остеомиелит, флегмоналардың көптеген локализацияларында инфекция көбінесе лимфа жолдарымен, кейде қан арқылы перикардты зақымдайды. Жүректің ашық жарақаттарында біріншілік перикардит дамиды. Қабыну қызарудан, ісінуден басталып, перикардта түзілген серозды экссудат іріңдейді. Жүрек қабында 500 – 1500 мл. экссудат түзілуі мүмкін. Инфекция миокардқа таралса, екіншілік миокардит дамиды. Эпикард пен перикард беттерінде фибрин түзілсе, олар бір-бріне жабысып, перикард қуысы бітеледі.

Клиникалық көріністері – жүрек қабына экссудаттың түзілуіне байланысты, жүрек жұмысының әлсіреуі және іріңді интоксикациямен сипатталады. Перикард қуысында экссудат көбейген сайын, науқастың жағдайы нашарлай түседі, жүрегі қағып, қысып ауырады, тынысы тарылады. Стенокардия ұстамасы сияқты аурсыну сезімі сол жақ қолға тарайды. Тамыр соғысы әлсірейді, ырғағы бұзылады. Науқас ентігіп, беті көгереді, мойынның көктамырлары ісініп, айқындала түседі. Ауа жетпегендіктен науқас басын көтеріп отырып, иығынан дем алады, денесі суи бастайды. Перикардтағы сұйықтық трахея мен өңешті артқа қарай ығыстырса, жөтел пайда болып, жұтыну қиындайды. Перкуссия кезінде жүректің тұйықтық шекарасы кеңейіп, үшбұрыштана түседі. Перикардиттің бастапқы кезеңінде жүрек аускультациясы перикардтың үйкелу шуын анықтаса, экссудат жиналғаннан кейін жүрек үні бәсеңдеп, жүрек түрткісі де анықталмайды. Іріңді перикардитте айтылып өткен белгілерден басқа іріңді интоксикация белгілері қатар дамиды: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, қан анализдерінде лейкоцитоз, нейтрофилез. Рентгендік зерттеуде жүрек көлеңкесінің үшбұрышты кеңеюі – экссудативті перикардиттің белгісі. Диагнозды анықтауда электрокардиография, эхокардиография, ультрадыбыстық зерттеулер қолданады. Перикардтағы экссудаттың түрін, мөлшерін анықтауда және бактериологиялық зерттеу жасау үшін ең нәтижелі тәсіл – перикард пункциясы. Шалқайыңқырап отырған науқасқа, жергілікті жансыздандырудан кейін пункция жасалады. Пункциялау нүктелері 108-суретте көрсетілген.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 837. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.027 сек.) русская версия | украинская версия