Сатымбаева Ұрхия Қалтайқызы3. Дәулетбекова Гүлжан Тоғанқызы. Мектебіміздің оқу тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары. 1 жүргізуші:Елбасы өз сөзінде:«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді» деген болатын. 2 жүргізуші: «Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. 1 жүргізуші:Қазіргі жастарға патриотизм тән бе? «Қазақстандық патриотизм» сөзіне тоқталсақ: Оқушы(Әсел): Қазақстандық патриотизм - ұлттық табысының маңызды құрамы болып келеді. «Патриотизм» - (грек тілінен patriotes – отандас patrio – Отан, туған жер.) Бұл өз отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш - жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы.Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз елінің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Оқушы(Наурызбай): Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты Оқушы(Аймира): Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән. Себебі, көріп отырғанымыздай «Дипломмен - ауылға», «Жас Отан - жастар қанаты», «Студенттік құрылыс жастары» бағдарламаларда жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады. Сонымен, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады десек, туған қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек. 2 жүргізуші: Қонақтардың сөзін тыңдасақ: 1 жүргізуші: Патриотизмді әсіресе, жастардың арасында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт. 2 жүргізуші: Патриотизммен тығыз байланысты маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл жөргектен бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. 1 жүргізуші: Қазақ тілін білмейтіндер ел патриоты бола ала ма? Оқушы(Дамира): Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы: «Елбасының биылғы Жолдауында қазақ халқының көптен күткен ойы айтылды. Бабаларымыз тірі болу үшін күрессе, біз ірі болу үшін күресеміз. Ұлт ірі болуы үшін әрбір қазақ ірі болу керек. Ірі болу – өзіңді-өзің тану, өзіңді-өзің мойындау, жұртқа мойындату. Әр қазақ өзінің Алаштың ұрпағы екендігін мойындауы һәм терең сезінуі керек. Бүгінгі күні жетіп жатқан жетістіктерімізбен бірге жүрегімізді ауыртатын, қынжылтатын нәрсе – әлі де болса кейбір қандастарымыздың қазақ тілін мойындамауы. Кез келген патриотизмнің басында тіл тұрады. Қазақ қана өзінің тілін «ана тілім» деп атайды... Дана халқымыз: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның қарызын өтей алмайсың» дейді. Яғни кез келген перзент анасының алдында борыштар. Оқушы(Айханум): Сондықтан ана тілімізді құрметтеп, оның дамуына атсалысуымыз керек. «Тілдер туралы» заң қабылданған 23 жыл ішінде өзінің санасын оятып, кім екенін әлі де тани алмаған әрі ұлтын мойындай қоймаған азаматтардың көзін ашып, өмірге деген немқұрайлығын өзгертудің жолын ойлап табуымыз керек. Бұған дейінгі мақтанышымыз ешқандай мақтанышқа жатпайды. Керемет көлік мініп, жақсы киінгенмен адамның рухы биік, ұлттық ұстанымы жоғары болмаса қиын. Рух тілмен оянады. Елбасының 2006 жылы да мемлекеттік тілге қатысты айтқан «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн» деген сөзді биылғы Жолдауында тағы да қайталады. Соны ұғынып, енді қайталатпай іске асыру керек» деген болатын. Оқушы(Ақтілек): Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты осы тіл жайында «Ата-бабаларымыздың бұрыннан көксеген біртұтастық жайын айтар болсақ, онда тілдің, діннің тұтастығы мен жердің, ұлттың тұтастығының негізінде Қазақ елі көкке самғайды. Оның ішінде айтылып отырған басты мәселе – тәуелсіз сана қалыптастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Алаш жұртынан бастап, барша ата-бабаларымыздың арманы не еді? Осыны ұғынып алған абзал.Әр халықтың бақыт шекарасын айқындайтын өлшемдер бар десек, оның ең біріншісі – тілі, екіншісі – асыл діні, үшіншісі – ащысы мен тұщысы араласқан тарихы. Міне, осы кезеңнің бәрінен өттік. Президенттің өзі: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіліміз үш тілдің бірі емес, бірегейі» деген еді. Міне, біздің ұлт болып ұйысуымыздың тілі – қазақ тілі. Ол – бірлік тілі. Ағылшын тілі – дамудың, әлемдік технологияларды игерудің тілі. Орыс тіліне ешкім қысым жасай алмайды. 2 жүргізуші: Осы сұраққа жауапты қонақтарымыздан білсек. 1 жүргізуші:Қазақ мақалдары «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Ер бір өледі, ез мың өледі» деп жас ұрпақты елін сүюге, намысты таптатпауға насихаттаса, 2 жүргізуші:Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» өлеңінде еліміздің рәміздерін құрметтеуге үндейді. Себебі, әр нышанның өзіндік қасиеті жас өскелең ұрпақты елін сүюге, оның қасиеттерін ұлықтауға, тарихының маңызын білуге шақырады. Оқушы(Мадияр): Мәселен, елтаңба. Көгідір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен жан жаққа күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Осы шаңырақтың белгісі біздің Отанымызда тыныштыққа өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Еліміздің елтаңбасының маңызды бір бөлігі қанатты тұлпар – бұл ата-бабамыздың көшпенді халық болғанын білдіреді. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – жол сілтейтін жарық жұлдыз белгісі. Масақтың бейнесі –Отанымыздың байлығы іспеттес. Оқушы(Сералы): Ал, туымыз – тіктөртбұрышты көгілдір түсті мата. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді. Тудың дәл ортасындағы сәулесін шашқан күн – тыныштық пен байлықтың, берекенің нышаны болып саналады. Астындағы қыран бүркіт қырағылықты, еркіндікті, бостандықты білдіреді. 1 жүргізуші:Құрметті қонақтар бүгінгі жастардың осы мемлекетіміздің рәміздеріне деген құрметі қандай деп ойлайсыздар? 1 жүргізуші:Елбасы осы Жолдауда: «Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін танытты»,-деп атап көрсетті. Спорт және патриоттық рух жайында кім қалай түсінеді және қандай байланыс бар? Оқушы(Мақсат): «Тәуелсіз Қазақстанның қуатты ел екенін мойындап жатқандардың саны күн сайын артып келеді. Оған дәлел Лондон олимпиадасы. Спортшылардың жетістігі – нағыз еңек сүйгіштіктің белгісі. Бұл жеңістер мыңдаған жас жеткіншектердің патриоттық рухын оятады. Лондон төрінде еліміздің әнұраны шырқалып, туы көкке желіреді. Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Қазақстанда 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады. Мен біздің спортшыларымыздың үлгі-өнегесі стадиондарға жүздеген болашақ чемпиондарды алып келетініне сенімдімін. Жастарымыз салауатты өмір салтымен өмір сүруге бет бұрып, осы чемпиондардан үлгі алуы тиіс». Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін танытты. Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тәсілді талап етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ. Үкіметке әлемдік озық тәжірибені есепке ала отырып, Бұқаралық спорт пен жоғары жетістікке жеткізетін спортты дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.» деген болатын. 2 жүргізуші:Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. 1 жүргізуші:Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да. Оқушы(Ақерке): Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал - мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер: дық тәрбиемен алмастырды. Оқушы(Жәнібек): Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз. Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс. Оқушы(Қанат): Әйтеке Би: 2 жүргізуші:Ұлттық тәрбие жөнінде ойларыңызды білсек. 2 жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің қорытындысы ретінде ақындарымыздың өлең жолдарымен аяқтасақ.
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар! Біз бүгін жаңа оқу жылының алғашқы күнінде «Патриотизм» сөзіне мағлұмат алдық. Келешекте қазақ елінің патриоты болайық!
|