Студопедия — ШЖМ-де білім берудегі педагогикалық технологиялар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ШЖМ-де білім берудегі педагогикалық технологиялар






Технология - бұл әдістеме емес, одан күрделірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда.

Педагогикалық технологияның түрлері өте көп солардың ішіндегі дәстұрлі технологияларды жетілдіру, модернизхациялау барысында С.В.Кукушин математика сабағында қолдануға болатын педагогикалық технологияның төмендегідей түрлерін ұсынады:

педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру және демократияландыру негізіндегі (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы);

оқушының әрекетін белсендіру және интенсифтендіру (ойын технологиясы; проблемалық оқыту; В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы; Е.И.Пассовтың коммуникативтік (құзіреттілік) оқытуы);

оқу процесін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі (бағдарламалық оқыту; дифференциялап оқыту технологиясы; саралап оқыту технологиясы; талдау барысында басқаруда тірек схемаларды қолдана отырып, оза оқыту (Лысенкова С.Н.); топтық және ұжымдық оқыту; компьютерлік технология);

оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технология (дидактикалық бірлікті ірілендіру П. М. Эрдниев);

оқушының білім деңгейін жетілдіру (денгейлеп оқыту Ж. Қараев, Т. Қ. Оспанов, Б.М.Қосанов);

дамыта оқыту технологиясы (В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. В. Занков).

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру, демократияландыру, гуманитарландыру ұстанымдарының ролі зор.

Ізгіліктендіру - мектеп назарын баланың жеке басының тұлға ретінде дамуына, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, мейірім мен бақытты тілейтін ішкі жан дүниесіне үңіле білу.

Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз - оларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау, баланың болашағына сену, олардың қабілеттеріне сену, ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі, балаларды ынталандыру, келешегіне алаңдау, шыдамдылық, дер кезінде түзету, көмек беру деген сөз.

Демократияландыру дегеніміз мұғалім мен оқушының тең құқықтығы, оқушылардың оқыту формаларын еркін таңдауы, оқушылардың өзіндік көзқарас құқығының болуы, қарым – қатынас стилі, оқушыларға бағып беру, оқу процесін бірге басқару, бірге ұйымдастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, «демократияландыру – оқушы деп аталатын адамға бұрылу»

(П.И. Пидкасистый).

Гуманитарландыру ұстанымының негізгі мақсаты - жеке тұлғаның өзін - өзі анықтау, яғни оның өз табиғатын айқындау, өз ісін көрсете алуы, жүзеге асырылуы және өзектендіре алуы болып табылады.

Ынтымақтастық - балалар мен үлкендердің өзара түсіністік, бір – бірінің ішкі жан дүниесіне үңілу негізіндегі біріккен дамыту іс-әрекетінің барысы мен нәтижелерін ұйымды, ұжымды түрде талдау жасаудың гуманистік идеясы. Осының негізінде мектептің барлық іс-әрекеті мұғалім мен оқушының іс-әрекетін жеке тұлға - оқушыға қызмет етуге бағытталады.

Ынтымақтастық педагогикасы оқушыны әр түрлі өзара тығыз байланыстағы іс - әрекеттердің, ең алдымен оқу – білім, қоғамдық-пайдалы еңбек, ақыл – ой шығармашылық, т. б. іс-әрекеттердің субьектісі ретінде түсінеді. Осы аталған педагогикалық технологиялардың түрлерін математика сабағында қолданудың әдістемесіне тоқталайық.

Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.

Педагогикалық технологияның келесі түрі - проблемалық оқыту технологиясы. Бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы. Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, білікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Проблемалық оқыту кезінде оқушылардың алдына бір проблема қойылады. Олар оның шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны практикада қолданады, мысалы, 4-сынып оқулығының 49 – бетіндегі № 9 жаттығу.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2353. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия