Студопедия — Сан есімнің түрлері,жасалу жолдары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сан есімнің түрлері,жасалу жолдары






Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі.Сұрақтары:қанша, неше, нешеу, нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. ( Неше жас? Жүз жас). Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. ( Нешеу? – төртеу, алтау).

Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім.

1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы: үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т. б.

2. Күрделі сан есім:

а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.

ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.

б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша, неше?Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.

Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:

-ыншы –қырықтоғызыншы, алпысыншы, онынш, т. б.

-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т. б.

-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т. б.

-нші – қырық екінші, жетінші, т. б.

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы:нешеу?Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жетісан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.

4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы:қанша, неше, қай шамалы, қаншадан?

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:

а) жұрнақ арқылы: -лаған–жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген;

-лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап,

-деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп;

-дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей; т. б.

ә) Есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауыныңжалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т. б.

б) Есептік сан есімдердің қосарлануыарқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден, т. б.

в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық,жақынсөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге жақын, т. б.

5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де нешеден, қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауыжалғануы арқылы жасалады. Мысалы: дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б. қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден; т. б.

6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектіксанын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екітүрде қолданылады:

а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т. б.

ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық, (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т. б.

1. Күрделі сан есімнің әр сыңарыбөлек жазылады: жетпіс жеті, он екінші, мың тоғыз жүз сексен алты, он алтыдан, т. б.

2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғау дефисарқылы жалғанады:13-ке, 7-ден, 63-ке.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, --ншы, -нші жұрнағының орнынадефисқойылады: 11-сынып, 2-қатар, 16-орын, 51-тапсырма, 7-бөлме, т.б. ал рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы, ХІ сынып, ХХІғасыр, ІV том, т. б.

4. Екі, алты, жетісандарына жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы ы, і дауысты дыбыстары түсіп қалады: екі – екеу, алты – алтау, жеті – жетеу.

5. Цифрмен жазылған сан есімдерге болжалдық сан есімнің қосымшалары дефис арқылы жалғанады: 100-деп, 5-те, 6-ларда, 1000-даған, 70-тей, т. б.

6. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да арасына дефисқойылады: екі-үш бала (2–3 бала), 70-80 қой (жетпіс-сексен қой), 5-6 кітап (бес-алты кітап).

7. Бөлшектік және болжалдық сан есім жасайтын сөздерге өзі тіркескен сандар сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлекжазылады: жүз қаралы – 100қаралы, елу шақты – 50 шақты, 30-ға таман – отызға таман, он екі жарым – 12 жарым, бір ширек –1 ширек.

8. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефисарқылы жазылады: 7-7-ден – жеті-жетіден, 30–30-дан – отыз - отыздан, бір-бірден – 1-1-ден.

9. Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де дефис қойылмайды: 1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз, 1989 жыл, 1 мамыр.

Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. Мысалы, Сегіз қызым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе. Сегіз (қанша?) қызым. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып таанықтауыш болады. Қазақ ұғымында жетінің өзіндік орны бар. Жетінің (нешенің?).

2. Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш болады. Келген адамдар алтау екен. Алтау екен (нешеу екен?). Біз бәріміз тоғызбыз. (нешеуміз?)

3. Сан есім атау тұлғада тұрып бастауыш болады. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Кім түгел болса?, Кім ала болса?). Жетеуі де өнерлі екен (Кім өнерлі?).

4. Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауыш болады: Тоғызда басталады (қашан басталады?), бес-бестен бөліну керек (қалай бөліну керек?), алтыдан (қалай?) топтадық;.

5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгерсе, толықтауыш болады. Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті (нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі.

6. Сан есім зат есіммен не қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесіболады. Жарысушылар он түрлі тапсырма орындайды (қандай тапсырма – он түрлі тапсырма). Сағатына 70-80 км жылдамдықпен жүреді. (қанша жылдамдықпен? – 70-80 км жылдамдықпен).







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2271. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия