Студопедия — Жылдардағы аграрлық сектор экономикасындағы реформа
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жылдардағы аграрлық сектор экономикасындағы реформа






КОКП-ның қыркүйек (1953 ж.) пленумы ауыл шаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтауға арналды. Пленумда жаңадан ғана Орталық Комитеттің бірінші хатшысы болып сайланған Н. С. Хрущев баяндама жасады.

Қыркүйек пленумының шешімдері мен Кеңес үкіметінің одан кейін қабылдаған қаулы-қарарларында ауыл шаруашылығының артта қалуын жою жөніндегі шаралар жүйесі белгіленді:

1. Ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды;

2. Ауылшаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді;

3. Аграрлық секторды техникамен жабдықтау жақсарды;

4. Етті, сүтті, жүнді, картопты, көкөністі сатып алу бағасы артты;

5. Колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды.

Партиялық мемлекеттік аппарат экономиканың барлық саласына, ең алдымен оның шешуші салаларының бірі – ауыл шаруашылығын басқаруға хабары жоқ болса да, араласуын тоқтатпады. Ал мұндай жағдай бұрынғысынша елдің ауыл шаруашылығының экстенсивті жолмен дами беруіне әкеп соқты.

КОКП ОК-нің 1965 жылғы наурыз пленумында тиімді аграрлық саясат талдамасын түзеуге кезекті талпыныс жасалды. Пленум шешімдерінде колхоздар мен совхоздар экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесін жүзеге асыру көзделді:

1. Бірнеше жылға арналған берік жоспарлар белгіленді;

2. Ауылшаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасы 2 есе өсірілді;

3. Жоспардан тыс сатылған өнім үшін үстеме ақы төлеу енгізілді;

4. Колхоздардан табыс салығын алу шарттары өзгертілді;

5. Ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды.

1967 жылдың сәуірінде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі "Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы” қаулы қабылдады. Ауыл шаруашылығына эксперимент жасау одан әрі жалғасты. Үкімет шешімдеріне сәйкес Қазақстан бойынша 18 совхоз толық шаруашылық есепке көшірілді. Шаруашылық басшыларының құқылары кеңейтілді және әр совхоздың өндірістік нәтижелері үшін жауапкершіліктері арттырылды. Совхоздарды шаруашылық есепке көшіру жағдайды біршама жақсартты. Астық, сүт, жұмыртқа, ет өндірудің өзіндік құны төмендеді.

Ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің, шаруашылық жүргізудің тиімді әдістерін пайдаланудың орнына көбінесе қымбатқа түсетін шаралар қолданылып отырды. Кадрлардың әдетке айналған тұрақтамаушылығын тыя алмаған совхоздар мен колхоздар, орақ науқандарында жергілікті механизатор кадрлары жетіспейтіндіктен, сырттан адам шақыруға мәжбүр болды.

Жергілікті жұмыскерлер арасынан комбайншылар даярлау әрекеті де нәтижелі бола қоймады. Сонымен қатар, республика жоғары оқу орындары мен техникумдарында студенттерді механизатор және комбайншы мамандығы бойынша даярлау жұмыстары жүргізілді. Оқу орындарында екінші мамандық алған студенттер совхоздарға қолдан келгенше жәрдем көрсетті. Бірақ жұмысшыларды осылайша сырттан әкелу әдісі де республика ауыл шаруашылығының проблемаларын шешуге жәрдемдесе алмады.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1208. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия