Студопедия — Күштiмiн деген сенiмнiң өзiнде күш жатыр Боуви
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Күштiмiн деген сенiмнiң өзiнде күш жатыр Боуви






Ұзақ мерзiмдi басымдықтарды таңдап алу, 1998 - 2000 жылдарға арналған мiндеттердi белгiлеу және келесi жылдың iс-қимыл жоспарын әзiрлеу - аса күрделi мiндет. Алдын ала бәрiн болжау мүмкiн емес, бұл жолда қандай қиындықтардың тосып тұрғаны да беймәлiм. Алайда осынау ұзақ мерзiмдi басымдықтарды әзiрлеу бiрден бәрiмiздiң қажырымызды жаншып, iске жұмылдырары анық, ал бұл бiзге жетiспей жүрген қасиет.
Бүгiнгi ұрпақтың көпшiлiгiнiң осынау стратегиямыздың iске асқан кезiне жетер-жетпесi де неғайбыл. Ендеше онысы нақтылығы мен дұрыстығын бағамдау - бiздiң балаларымыздың еншiсi. Бiздiң күнбе күнгi мақсаткерлiгiмiз бен табандылығымызға баға бере отырып оны әлем жұртшылығы саралайтын болады.
Осынау ұзынсонар жолда бiздi орасан зор iшкi және сыртқы қиындықтар тосып тұр. Өз дамуының стратегиясын әзiрлеуге қауқары жетпеген көптеген елдер әлемге аян. Өз жоспарларын iске асыра алмаған мемлекеттер болғанының мысалы одан да көп. Жағдаяттардың ыңғайы, бастаушыларының саяси ерiк-жiгерi мен қабiлетiнiң әлсiздiгi оларды мұратына жеткiзбедi.
Егер күн сайын енжарлығымызды еңсерiп, бойымыздағы барша күш-қуатымызды басты бағыттарға жұмылдыра алмасақ, табандылық пен икемдiлiк, тәртiп пен шығармашылық қарым таныта алмасақ, бiздiң де сондай күйге ұшырауымыз ықтимал.
Күнбе-күнгi қам-қарекет пен ағымдағы iстердiң ыңғайына жығылып, басты нысанамызды бiртiндеп естен шығару, жеңiл, тiптi кейде керексiз жұмыстарға ауысып, ауырын, алайда стратегиялық тұрғыдан маңыздысын кейiнге ысыру - ежелгi сiңiстi дертiмiз. Сондықтан да күн сайын алдымызда тұрған басымдықтарды бажайлау, әр күн ертеңгiлiк алдағы мақсатымызға қарай алға жылжудың аз да болса қамын ойлау, содан кейiн әр кеш сайын уақытымызды қаншама тиiмдi пайдаланғанымызды бағамдап отыру абзал.
Жыл соңына дейiн барлық 7 басымдығымыздың әрқайсысы бойынша оларды iске асырудың үш жылдық және жылдық нақтылы жоспарлары әзiрленiп, олар кейiннен даму жоспарлары мен бюджеттердiң негiзiне алынады.
Yкiметтiң құрылымы бiздiң стратегиялық басымдықтарымыз бен жоспарларымызға сәйкес келтiрiледi.
Биылдың өзiнен бастап Президенттiң, Үкiметтiң, Парламенттiң және жергiлiктi өкiметтiң қызметi өзiмiздiң ортақ стратегиямызды iске асыруға бағындырылады.
Қазақстан Үкiметiнiң әрбiр министрiнiң қолында стратегиялық жұмыс жоспары болады, әрi ол өз ведомствосының, сол жоспардың әрбiр нақтылы тармақтарын орындау жөнiндегi қызметi жайында тоқсан сайын есеп берiп отырады.
Жыл сайын мен сiздердiң, елiмiздiң азаматтарының алдында не iстегенiмiз, ненi iстемегенiмiз және нелiктен iстемегенiмiз жайында есеп беремiн. Әрбiр жыл сайынғы Жолдауда мен бiздiң стратегиялық мақсаттарға қарай iлгерiлей түсуiмiз үшiн келесi жылға жаңа мiндеттер қойып отырамын.
Алдымызда тұрған қиындықтардың көптiгiне қарап, бұл жоспарларды байыпсыздық санар көптеген күмәншiлдер де табылар. Бәзбiреулер бiздiң мұратымыз бен стратегиямызды бос сөзге балар. Ендi бiреулерi орталықазиялықтар, оның iшiнде қазақстандықтар Барыс болуға қабiлетсiздер.
Қазақтың халық мақалы "Шапшаң жүргенге шаң жұқпас" дейдi. Сондықтан да бiзге - уақыт төрешi. Мұратына жүрген жетедi.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 706. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия