Студопедия — Ноғай Ордасы. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ноғай Ордасы. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.






Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

20. Қазақ хандығының қалыптасуы, нығаюы мен дамуы (ХҮ-ХҮІ ғғ.)

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІV-ХV ғғ. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық саяси өзгерістерден туған занды қүбылыс. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай ордасы жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына, халықтардың жіктелуіне жағдай жасады.

XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілхайыр хандығының қурамындағы қазақ халқының бір бөлігі Барақ ханның інісі Керей мен баласы Женібектің теңірегіне топтасып Сырдарияның теменгі сағасына, Қаратау қойнауының шығыс бөлігіне шоғырланды. 1465-1466 жылдары Жетісудың батысындағы Шу мен Талас өзендерінің өңіріне Әбілхайыр хандығынан бөлінген рулар мен тайпалар квшіп барып Казақ хандығының шаңырағын көтереді. Жасының және жолының үлкендігіне қарай алғаш хан Керей болды. Қазақ хандығының қүрылуына байланысты шығыста Моғолстан, оңтустік батыста Әбілхайыр хандығы құрамындағы қазақ рулары мен тайпаларының Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі бурынғыдан бетер күшейіп, қазақ хандығының шекарасы бірте- бірте кеңейе түсті. Алғашқы қазақ хандары Сырдария бойындағы қалаларды ездеріне қаратуға тырысты. Оңтүстік Қазақстанның қалалары үшін Әбілхайыр еулетімен соғыс Керей ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін үстаған Бүрындық хан (1430-1511 жж.) мен Женібекгің баласы Қасым хан (1511-1523 жж.) тусында да толастамады.

Қасым хан тусында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығайып, жері кеңейіп, хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік- батыста Сырдарияның оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейін созылды. Қасым хан тусында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. XVI ғ. 20 жылдары Қасым хан қайтыс болған соң Жошы урпағының өзара талас- тартысы қазақ хандығын біраз елсіретті. Өзбектер мен моғол билеушілері қазақтарға қарсы одаққа бірікті. Сырдария бойындағы қалалар қолдан шығып кетті.

Әлсіреген хандықты біріктіруге XVI ғасырдың екінші жартысында Қасым ханның баласы Ақназар хан өз үлесін қосты. Ол ноғай мырзаларының көбін өзіне тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды. Ол ойраттар мен моғолдарға қарсы шығып, Жетісудың шығысы мен оңтүстігіндегі жерлерді қорғап, Сырдария бойындағы Сауран мен Түрікстанды қайтарды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2403. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия