Студопедия — Судьяның алқа заседательдері түсінігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Судьяның алқа заседательдері түсінігі






Конституцияның 75-бабының 2-тармағына сәйкес, Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізі алқа заседательдерінің;қатысуымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Әділет Министрлігінің қолдауымен Парламентке алқалы заседательдері туралы заң жобасын ұсынды.

Мұндай соттар көптеген еуропалық мемлекеттерде, соның ішінде Ресейде, АҚШ-та, Канадада қызмет етеді.

Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен шетел гуманитарлық ұйымдармен талқылау жүргізген болатын: Қазақстанда алқа заседательдері бола ма не болмай ма?

Алқа заседательдері сотының концепциясы жасалған. Қай жолмен дамитыны қоғамға байланысты. Дүние жүзінде мұндай соттардың екі жүйесі бар: англосаксондық және континентальды. Англосаксондық жүйе бойынша, сот құрамына кәсіби судья және 12 алқа заседательдері кіреді. Практик-заңгерлерлердің пікірі бойынша, бұл жүйе толығымен ақталмаған және шығынды, бұл жүйе бойынша әдеп-ғұрыптар мен тарихқа құрмет көрсетілген. Егерде осы жүйені Қазақстанға енгізетін болсақ, алдын ала есеп бойынша 26 миллиард тенге қажет. Бұл жағдайда ол қоғам талаптарына сай бола ма: егерде сот құрамына мамандар емес жай адамдар кірсе, әділетсіз шешімдердің көп болуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанға тиімдісі континентальды моделі. Бұл модель көптеген мемлекеттерде жетістікке жеткен: үкімді кәсіби судья мен 2-4 алқа заседательдері келісе шығарады. Алқа заседательдерінің кәсіпқойлықсыздығын сол істі қарап жатқан судьяның кәсіпқойлығы мен тәжірибесі орнын толтырады. Екінші жағынан қаржыландыру жағынан да тиімдірек болып табылады.

Ұлыбританияда алқа заседательдер сотының құрылуы көп ғасырларға созылды. Бұрынғы кезде сот айыпталушының кінәлігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені табиғи күштердің көмегімен шешетін. 1215 жылы Ұлыбританияда Ұлы бостандық Хартиясы қабылданды. Осы құжат парламенттің пайдасына король билігін шектеді, осыдан кейін алқа заседательдер соты дами бастады. Осы кезден бастап азаматтар қылмыстық, азаматтық істер бойынша “көмекші” ретінде қатысты. Тәртіп бойынша бұл азаматтар іске судьялар ретінде емес куә ретінде қатысатын және олардың пікірлерін корольдік судьялар елемейтін. Бірақ, XV-ғасырда бұл азаматтар істі мәні бойынша шешетін. Бұл процесс кейіннен Ұлыбританияның колонияларына тарады: Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Африка.

XVIII-ғасырдың аяғында Францияда революциядан кейін корольдік билікті шектейтін сот ұйымы туралы декрет қабылданды. Нақты осы декретпен демократиялық әділеттіктің негізі қаланды. Осы декрет бойынша ассиздер, яғни алқа заседательдері сот жүйесінде маңызды рөл атқаратын. Осыдан кейін француздық алқа заседательдер соты ұзақ даму кезеңінен өтті. Англосаксондық және американдық жүйелерден айырмашылығы:

- судьялармен бірге айыпталушы мен куәлерден жауап алады;

- судьялармен ақылдаса үкім шығаратын.

Бірақ бұған қарамастан, көптеген елдерде өзінің ұлттық ерекшеліктерін және құқықтық әдет-ғұрыптарын ескере отырып, ағылшын тәжірибесін қолданылады. Мысалы, 1864 жылы Ресейде жалпы және әлемдік судьялардан тұратын сот жүйесі құрылған болатын. Сол кезде өте ауыр қылмыстар бойынша істер судья және алқа заседательдерінің қатысуымен қаралатын. Ресейдегі жүйе француздық модель бойынша құрылған болатын. Алқа заседательдер соты Ресейде 1917 жылы алынып тасталды. Бірақ, 1993 жылы Ресейдің 9 ауданында алқа заседательдер соты тәжірибе ретінде қолданыла бастады. Алқа заседательдер сотының қызметіне заңгерлер, судьялар, прокурорлар теріс баға берді. Мысалы, Нидерланды мен Германия алқа заседательдер институтын қолданудан бас тартты. Алқа заседательдер институты Австрияда, Бельгияда, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, Канадада, Данияда және АҚШ-та жақсы дамыған.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1303. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия