Студопедия — Деректердің графикалық түрде берілуі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Деректердің графикалық түрде берілуі.






Кілттік сөздер:мәтіндiк процессор, қаріп, гарнитура, меню жолы, қалып-күй қатары, анықтама алу жолы, жұмыс аймағы, координаттық көлденең және тік сызғыштар (белдеулер).

Иллюстрациялық материал:Балапанов Е. «Информатикадан 30 сабақ», Жаролдина Г.Қ.Абдилдаева М.М. Тертюбаева С.С. «Информатика» электрондық оқулықтары

Мәтіндiк процессор – кез келген мәтіндiк құжаттарды автоматты түрде өңдеуге арналған программалар тобы. Олардың шағындауларын мәтіндік редактор деп айтады, ал, процессор деген сөз бұл программаның осы бағыттағы ең мүмкіндігі мол, әмбебап құралдар тобына кіретінін көрсетеді.

Windows жүйесі ішіндегі шағын мәтіндерді өңдеуге арналған редакторларға Блокнот және WordPad редакторлары жатады, ал оффистік қолданбалы програм­малар ішіндегі Word мәтін процессоры болып саналады.

Мәтіндік процессорлар кез келген мәтінді жылдам форматтап, мынадай қызметтер атқарады:

- құжаттарды даярлаудың арнайы шаблондарын (стандартты хат, құттықтау хаты, резюме, есеп беру - отчет) қолдану;

- бір мезетте екі-үш құжаттарды қатарластыра өңдеу - мәтін фрагменттерін (үзіндісін) олардың бірінен біріне ауыстыру;

- жылдам форматтау үшін дайын стильдерді пайдалану;

- басқа программаларда (Excel, Paint) дайындалған суреттерді, диаграммаларды, кестелерді мәтін ішіне енгізу және өзгерту;

- Интернет арқылы жіберілетін мәтіндерді, web-сайттарды даярлау;

- формулалармен жұмыс істеу, т.б.

 

Қаріп (шрифт) – мониторда немесе қағазда символдарды бейнелеу мақсатында қолданылатын көлемдері мен типтері әр түрлі графикалық формалар жиыны. Әрбір қаріптің өзіне тән гарнитурасы, кеглі, сызылымы бар. Қаріп типі немесе гарнитурасы (полиграфиялық термин) бас және кіші әріптерді, тыныс белгілерін, арнайы символдарды жазу ерекшеліктерін (мысалы, Times New Roman не Helvetica) анықтайды.

Гарнитура – символдарды безендіру ерекшеліктері, яғни қаріп типі, оның суреті. Гарнитурасы бойынша қаріптердің шеттері шығыңқы (с засечками) және жұмыр (рубленые) типтері болады.

Меню жолы функциональдық қызметі бойынша біріктірілген командалар тобы. Бір меню пунктінің ішкі командаларын таңдау төменгі деңгей командаларын немесе сұхбат терезесін ашуы мүмкін. Оларды таңдау тышқанмен, басқару пернелерін басу арқылы немесе пернелер комбинациясын ("қоспернелер") қатар 10.1 сурет. Редактор интерфейсі көрінісі басу жолымен іске қосылады.

Қалып-күй қатары (статус жолы) терілетін құжат аты және курсор орналасқан орын жайлы мәлімет береді.

Анықтама алу жолы тұтынушыға осы сәтке керекті мәлімет беріліп отырады.

Жұмыс аймағы (өрісі) – теріліп түзетілетін құжат орналасатын және өңделетін аймақ. Оның көлемі экран мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Көбінесе 60-70 символы бар 20-25 жол көрініп тұрады.

Координаттық көлденең және тік сызғыштар (белдеулер). Цифрлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді. Бұл жылжу белдеулері қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан горизонталь белдеу арқылы тышқан көмегімен абзац алдындағы азат жол енін,беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (поля) аумағын, мәтін ішіндегі кестелердің (таблица) бағаналары (тік жолдарының) енін, көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады. Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде, олардың тек сол абзацқа (курсор тұрған) қатысты екенін естен шығармаған абзал.Алдын ала келісім бойынша сызғыш сантиметр бірлігін көрсетіп тұрады. Координаттық сызғыштың бастапқы нүктесі ретінде алғашқы абзац басы алынады.

Айналдыру жолақтары құжат мәтінін жұмыс өрісінде жылжытып көру үшін керек. Оның да тік және көлденең бағытты жылжыту жолақтары бар. Курсор – мәтін енгізілетін нүктені мегзеп жыплықтап тұратын тік сызықша. Әрбір мәтін редакторының курсорды жылжытатын мүмкіндіктері әр түрлі, ол тышқанмен немесе басқару пернелері (қос пернелермен де) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Word редакторының негiзгi элементтерiне тақырып жолы, меню жолы, аспаптар тақтасы, жұмыс аймағы және қалып-күй жолы жатады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 811. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия