Студопедия — Оқыту әдістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оқыту әдістері






Дәрістері:жалпы шолу.

Тәжірибелік сабақтар:кіші топтарда жұмыс жасау, клиникалық жағдайларды талдау, дискуссия;макропрепараттарды сипаттау, микропрепараттарды қарау және суретін салу, тест тапсырмаларын орындау.

Студенттердің өзііндік жұмыстары: әдебиетпен, электрондық базадағы деректермен, компьютермен оқыту бағдарламаларымен жұмыс істеу, тест тапсырмалары мен ситуациялық есептер құрастыру, рефераттар даярлау және оны қорғау, тақырып бойынша оқу-иллюстрацияланған дәріс дайындау, презентациялар.

 

 

2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау:

100 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде белсенді қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Жауабы толық, дұрыс, жеткіілікті. Студент бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең қамтыған. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Пән бойынша негізгі терминдерді орнықты және саналы түрде қолданып, спецификалық терминологияны біледі. Пререквизиттер мен постреквизиттер материалының арасында логикалық байланысын көрсете алады.

Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалап, талқылап, дәлелді қорытынды жасай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Классикалық емдеу әдістерін қолдану мүмкін емес жағдайда, баламалы (альтернативті) емдеу жолын ұсынып, өз көзқарасын қорғай алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 95% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

90 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде белсенді қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Жауабы анық, жан-жақты, фактілерлі бағалай алады, өз бетімен пайымдайды, қорытындыларды дәлелдеп, оларды логикаға сәйкес түсіндіре алады, бірақ біршама жалпы сипаттағы қателер жібереді; өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жоғары деңгейде игерген, негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) қолдана алады, өз қозқарасын дұрыс мазмұндайды. Пререквизиттер мен постреквизиттер материалының арасында логикалық байланысын көрсете алады.

Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Өз білімін тесттік тапсырманың 88-94% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

85 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде орташа белсенділікпен қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Бірақ кейбір қорытындыларды теориялық дәлелдеп, логикаға сәйкес түсіндіре алмайды. Өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, негізгі және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолдана алады. Сұрақтарға сенімсіз (бірақ дұрыс) жауап береді. Болмашы қателер жіберіп, оларды өз бетімен түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті дамыған. Өз білімін тесттік тапсырманың 83-87% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

80 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде минимальді белсенділікпен қатысып, негізінде дұрыс жауап береді. Өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, көбінесе негізгі, аздап қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) оқыған, өз көзқарасын мазмұндай алады. Қателер жібереді, бірақ оларды оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы. Өз білімін тесттік тапсырманың 78-82% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

75 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру үдерісіне қатысты, бірақ материалды толық мазмұндай алмайды, талқыланған сұрақтардың мәнің толық түсінбейді, пайымдау кезінде қателер жіберіледі. Сонымен қатар, өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, көбінесе негізгі, аздап қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) оқыған. Азғана қателер жібереді, оларды оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындай алады, бірақ зерттеу нәтижелерін бағалау кезінде қиналады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің, ажыратпалы диагностиканың, диагноз анықтаудың негізгі және қосымша әдістерінің сипаттауын қолданды; емдеу жоспары оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне негізделіп құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы. Өз білімін тесттік тапсырманың 73-77% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

70 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде дамыл-дамыл қатысты, бірақ материалды игеру деңгейі, өткен пәндерді білу деңгейі орташа және тек қана негізгі әдебиетті қолданды. Жауабы толық емес, азғана қателер жібереді, оларды оқытушының белсенді қатысуымен түзетеді. Игерген материал көлемі онан арғы оқытуға жеткілікті, студент негізгі әдебиеттің материалын біледі. Деректі мысалдарда білімін еркін қолдана алмайды. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтардың талқылауына белсенді қатыспайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін сипаттады, ал қосымша әдістерінің сипаттауын ішінара қолданды, ажыратпалы диагностика мен диагноз анықтауды жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті төмен. Өз білімін тесттік тапсырманың 65-72% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

60 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде сирек қатысты, тақырып бойынша тек жалпы түсінігі бар, материалды терең меңгермеген, өз ойын логикалық түсіндіре алмайды, материалды игеру деңгейі төмен, өткен пәндерді білу деңгейі төмен және тек қана негізгі әдебиетті толық емес оқыған. Жауабы толық емес, елеулі қателіктер жібереді, олардың кейбіреулерін оқытушының қатысуымен түзете алады. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасын толығымен игермеген (кейбір этаптарын білиейді). Тәжірибелік машықтарды орындау нәтижелерін талдап, қорытынды жасай алмайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін толық емес сипаттап, қосымша әдістердің сипатын бере алмады, ажыратпалы диагностика мен диагнозды қате анықтап, жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары тек оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз білімін тесттік тапсырманың 55-64% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

50 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беру кезінде өте сирек қатысты, материалды игеру деңгейі төмен, өткен пәндерді білу деңгейі төмен және тек қана негізгі әдебиетті толық емес оқыған. Жауабы толық емес, қателіктер көп, олардың кейбіреулерін оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін де түзете алмады. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасын толығымен игермеген. Зерттеу нәтижелерін талдап, қорытынды жасай алмайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін толық емес сипаттап, қосымша әдістердің сипатын бере алмады, ажыратпалы диагностика мен диагнозды қате анықтап, жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары тек оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз білімін тесттік тапсырманың 45-54% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

0 балл. Студентте тақырып бойынша білімі жоқ, сұраққа жауап бере алмайды. Тәжірибелік машықтарды орындай алмайды. Жауап беруден бас тартады. Отказ от ответа. Тесттік тапсырманың дұрыс жауаптары 45 %-дан аспайды.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 929. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия