Студопедия — Классикалық әлеуметтану
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Классикалық әлеуметтану






1.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы

2.Г.Спенсер эволюцияшылдық бағыттың негізін қалаушы

3. Э.Дюркгейм әлеуметтануы

4.М. Вебердің әлеуметтануы

5. К.Маркстің әлеуметтануы

 

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы О.Конт (1798- 1857) болды. Негізгі еңбектері: «Позитивтік философия курсы», «Позитивистік катехезис», «Позитивтік философия рухы туралы талдау» және т.б.

О.Конттың әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі жатыр. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интелектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивтік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді. Теологиялық;сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды. Метафизикалық; сатыдаадам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Позитивтік сатыдаадам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартты. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.

О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет.

О.Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар қатарына: теология, мистицизм, спиритуализм, алхимия, утопизм, сонымен қатар метафизика, яғни философияны жатқызған. Ол нағыз шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Позитивтік ғылымдар саны алтау: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану.

Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі қөзқарастарын жүйелей келіп, әлеуметтануды екі тарауға: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикаға бөлді. Әлеуметтік статика қоғам құрылымының жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Әлеуметтік динамика қоғам жүйесінің өмір сүру жағдайы мен оның жұмыс атқару заңдылықтарын зерттеуге тиісті болды.

О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға обьективтілікті береді. Екінші бір маңызды әдісі - ол эксперимент. Эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жасанды жағдайда әлеуметтік процестердің, құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау. Үшінші негізгі әдісі - салыстыру. Бұл әдіс әр бір халықтың өмірін бір - бірімен салыстыруда қолданады. Конттың осы әдістер туралы пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарды.

О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903ж.ж.) болды. Еңбектері: «Негізгі бастамалар», «Психология негіздері», үш томдық «Әлеуметтану негіздері», «Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде», «Этика негіздері» және т.б.

Спенсердің эволюциялық дамуы үш кезеңге сүйенеді. Бұлар: зат, қозғалыс және күш, яғни мағынасы кез келген затты белгілі бір күш қозғалысқа келтіреді.

Эволюция кез-келген затты біртектіліктен көп тектілікке, айқынсыздықтан айқындылыққа әкеледі. Эволюциялық жүйелер теңдігіне жеткенде тоқтайды. Егер жүйелер теңдігі бұзылса қоғамның жіктеліп, шашырауы басталады. Осыдан кейін жаңа эволюциялық үрдіс басталады. Сөйтіп қоғам дамуы үздіксіз қайталанып отыратын теңдік бұзылуы жинақтау кезеңдерінен тұрады.

Спенсер эволюциялық үрдістің үш түрін бөліп шығарды. Бұлар бастапқы жаратылыстық, жаратылыстық және жаратылыстан жоғары. Бастапқы екеуінде қоғам табиғаттың бір бөлшегі ретінде дамиды. Ал жаратылыстан жоғары, бұл айқын дамыған ақыл-ой мен еңбек тәжірибесіне негізделген даму үрдісі.

Әлеуметтік институттар - адамдардың бірлесіп өмір сүруін қамтамасыз ететін өзін-өзі ұйымдастыру тетіктері. Спенсер әлеуметтік институттарды бес түрге бөлді: үй -жайлық институттар, рәміздік институттар,саяси институттар, діни институттар, кәсіби-өнеркәсіптік институттар. Әлеуметтік институттарды зерттеу, Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтанудың маңызды міндеті.

Спенсер қоғам өміріндегі мемлекет рөлін шектеуді жақтады. Ол тіпті мемлекет кедейлерге көмектесу, немесе болашақ ұрпаққа тәрбие беру сияқты әрекеттерден де бас тартуы қажет деп есептеді.

Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың бірі - Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж.ж.) болды. Еңбектері: «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Өзіне өзі қол салу», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология «социологизм» деп аталады.

Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орын алады. Оның міндеті - тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдық ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теориялармен қаруландырады.

Э.Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық; теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі - «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.

Э.Дюркгейм қоғамдық тұтастықтың негізі - ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа алып отырады. Қоғам дамуының ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамдық еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім, әдет ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл - қоғамда адам одан біршама тәуелсіз, тыс тұрады да, - оның бостандығы мен дербестігі қамтамасыз етіледі. Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриялды қоғамға өту жолын таңдай отырып, осы өтпелі кезеңде аномия құбылысының объективті орын алуын қорытындылайды. Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (мекеме, ұйымдардың) іс- әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3778. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия