Студопедия — Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?






Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін төмендегілер қолданады: тоқсандағы табысы 10,0 млн. теңгеден (68 000 АҚШ долл.) аспайтын және қызметкерлерінің саны дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда 25 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ тоқсандағы табысы 25,0 млн. теңгеден (170 000 АҚШ долл.) аспайтын және қызметкерлерінің саны 50 адамнан аспайтын заңды тұлғалар. Оңайлатылған декларация бойынша салық есептеу үшін 3% бірыңғай ставка қолданылады.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық кезеңі басталғанға дейін көшу үшін ШБС-рі өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органына уәкілетті мемлкеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді. Жаңадан құрылған заңды тұлға - өтінішті Мемл-к тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына береді. Жаңадан құрылған жеке кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша тіркеуге қойылған күні өтініш береді.

Салық кезеңі болып –тоқсан табылады.

Мынадай талаптарға сәйкес келетін шағын бизнес субъектілері:

1) Жеке кәсіпкерлер үшін: 1 жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 15 адам болса; 2 Салық кезеңі ішінде шекті табысы 4500,0 мың теңге болса;

2) Заңды тұлғалар үшін: 1 қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адам болса; 2 Салық кезеңі ішінде шекті табысы 9000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

Жеке кәсіпкер көрсетілген талаптар өзгерген жағдайда ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқылы. Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшкен кезде әлеуметтік, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Оңайтылған декларация тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей салық органына табыс етіледі. Осы бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке табыс салығы және әлеуметтік салық-ҚР міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы алып тасталғаннан кейінгі түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш берген жер бойынша салық органында жүргізіледі. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған оңайлатылған декларация - 910.00 формада жүргізіледі.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3819. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия