Студопедия — АЙЫРБАС ШАРТЫНЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ, МАЗМҰНЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЙЫРБАС ШАРТЫНЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ, МАЗМҰНЫ






Айырбас шарты Айырбас шартының ұғымы. Айырбас шарты бойынша тараптардың əрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi (бұл ҚР АК 501 бабының тұжырымдамасы). Түсiнiктiлеу айтатын болсақ, айырбас шарты бойынша бiр тарап өз тауарын өзге (екiншi) тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың əрқайсысы бiр бiрiне тауарды меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, оралымды басқаруға беруге мiндеттенедi. Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны ретiнде сатып алусату шартынан бұрын қалыптасқан. Жеке құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу Римде сияқты жоғары дəрежеде болмаған қоғамдарда айырбас қатынастары материалдық игiлiктердi бөлудiң объективтi ең басты нысаны болды. Одақ кезiндегi (кеңес одағы) кезiндегi азаматтық құқықта социалистiк ұйымдардың қатысуымен айырбас шарттары өте шектеулi қолданылды. ҚРда қаржынесие жүйесiнiң құлдыраған кезде заңды тұлғалардың қатысуымен жасалған айырбас шарты, шарттық қатынастардың негiзгi нысандарының бiрi болды. Əсiресе, бұл 1993 ҚР ұлттық валютасы енгiзiлгенге дейiн айқын сезiлдi. Өз кезегiнде бартерлiк (айырбас) қатынастар қаржы қатынасына керi əсерiн тигiздi. Сондықтан, бартерлiк шарттарға тиым салынатын болды. Қазiргi кезде ҚР АК қабылдауына байланысты мұндай шектеулер қойылуы мүмкiн емес, өтйкенi заңды тұлғаларға, негiзiнен жеке меншiктегiлерге тиiстi əрекет қабiлеттiгiне сəйкес қандай да болсын құқыққа сəйкес қатынастарға кiруiне болады. Бiрақ та, сол субъектiлер құқықтарын терiс мақсаттарда пайдалана алмайды. Мысалы, егер кəсiпкерлер өздерiнiң iскерлiк белсендiлiгiн жасыру мақсатымен жаппай заттай айырбасқа көшсе, онда бұл заң шығарушы тарапынан терiс бағалануы тиiс. Айырбас шарты өзiнiң заңды табиғатына сəйкесконсенсуалды, өзара жəне өтеулi (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бiр тауар айырбастағанда емес, сонымен бiрге тауарларды белгiлi бiр қызмет, жұмысқа (оның нəтижесiнде) айырбастағанда орын алады, əсiресе егер бiр тарап екiншi тарап одан белгiлi затты жасау үшiн материалын артығымен беретiн болса. Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онда мердiгерлiк қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуiнiң ерекшелiгiн, туындайтын мiндеттемелердiң мəнiсiн ескеру керек болады. Айырбас қатынастарына – бiр тауар мен екiншiсiн айырбастағанда, олардың құны бiрбiрiне сəйкес келмеуiне байланысты тараптардың бiрi қосымша ақшалай өтемақы беретiн жағдайларда жатады. Егер шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алусату шартының ережесiне сəйкес жүргiзiледi. Сондықтан, бұл мəмiленiң нысанына, оны мемлекеттiк тiркеу бойынша талаптар сатып алусату шарты бойынша қойылатын талаптарға тең болып келедi.

Айырбас шартының элементтерi. Шарттың тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелiгi, мемлекет жəне əкiмшiлiкаумақтық бөлiнiстердiң осы шарттары жасасу мүмкiншiлiгi өте төмен болып келедi. Бiрақ, аталған көзқарас дауылы болып көрiнгенмен айырбас қатынастарында мемлекеттiң қатысу мүмкiндiгiне көңiл аудару қажет. Бұл жерде мəселе азаматтардың меншiгiндегi тұрғын үйлердi, жер учаскелерiн мемлекет қажеттiлiгiне алу жағдайына қатысты көтерiледi. Тұрғын үй аталған жағдайғабайланысты алынатын болса, меншiк иесiнiң таңдауына сəйкес, оған жабдықталған тұрғын үй берiледi немесе тұрғын үйдiң нарықтық бағасына сəйкес өтемақы төленедi ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 15бабы). Мемлекет алдымен азаматтың тұрғын үйiне меншiк құқығына иеленедi, сонан соң оған өз қарауы бойынша билiк етедi. Бiз көрiп отырғанымыз тұрғын үй иелерiнен таңдау мүмкiншiлiгi берiледi, олар айырбас жасаймыз десе жасайды, жасамаймыз (өтемақы аламыз) десе жасамайды. Содан соң, олар айырбас жағдайларын анықтаса алады, тұрғын үй қандай болатыны, қай жерде болатыны туралы. Айырбас қатынастарына мемлекеттiк ұйымдар, қазыналық кəсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң қатысуына олардың балансында тұрған мүлiкке шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығы көлемiнде шектеу қойылған. Айырбас шартының бағасы тараптардың əрқайсысы беретiн мүлiктiң құнымен анықталады. Жалпы ерекше сəйкес, айырбасталатын мүлiктiң құны тең деп танылады. Айырбасталатын мүлiктiң (заттардың) құнының айқын теңсiздiгi орын алса ғана теңсiз айырбас туралы айтуға болады. Мəмiле нотариатты рəсiмделетiн болса, онда бұл жағдай нотариатта мəмiленiң жарамдылығы жөнiнде белгiлi бiр күдiк тудыруы қажет. Заттар бағасының бiрбiрiнен елеулi айырмашылығы болса, парасат ойға негiзделсек, осыған қатысты келiспеушiлiктi құқығы бұзылатын тарап айту керек екенiн танимыз. Ал, айырбасталатын мүлiктiң бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың құнының теңдiгi туралы презумпцияны қолдану керек (ҚР АК 502бап 1тармақ). Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетiлмеуi мүмкiн







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 4867. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия