Студопедия — Осымшалардың жіктелуі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Осымшалардың жіктелуі.






Қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеу мәселесінің өзіндік даму, қалыптасу жолы бар.Қазақ тілі қосымшаларын жіктеудің алғашқы сүрлеуі XIX ғасырдың екінші жартысындағы П.М.Мелиоранский, Н.А. Баскаков, Э.В. Севортян секілді орыс түркологтарының еңбектерінде салынды. XX ғасырдың басында бұл мәселе қазақ тілінде А.Байтұрсыновтың еңбегінде жалғасын тапса, Қ.Жұбанов бастаған мамандардың өсіп жетілуіне байланысты қосымшаларды жіктеу ісі одан әрі теориялық жағынан толығып, өз дамуының келесі бір маңызды кезеңіне аяқ басты[4.97]. Тілдің өзге де құрылымдық элементтерінің өзді – өздеріне тән жүйесі болатыны сияқты, сөздің құрылымдық элементтерінің бірі болып есептелетін қосымша морфемалардың тиісті жүйесі болады, қосымша морфемалар қосымшалар деп аталады. Қосымша морфемалар жүйелі құбылыс. Біріншіден, олардың түбір морфемалармен түйіскендей қарым – қатынастарынан байқауға болады,екіншіден,олардың грамматикалық семантикалары мен грамматикалық қызметтерінен де көруге болады, қосымша морфемалар іштей сөз тудыратын морфемалар, сөз түрлендіретін морфемалар және сөз жалғастыратын морфемалар болып бөлінеді.Сөз тудыратын қосымшалар лексикалық категория деп есептелінеді.Сөз тудыратын қосымшалар белгілі бір сөзге жалғанғанда, одан лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз туса, екіншіден, сол жаңа сөз белгілі бір лексика – грамматикалық категорияға, белгілі бір сөз табына телулі болады, мысалы:құр (етістік),құрылыс (зат есім),құрылу(сын есім),құрамалы(сын есім)т.б.

Жұрнақ өзі қосылатын түбірге жаңа лексикалық мағына үстейтіндіктен,ол сөзді жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады.Мысалы: тік,тігіс,тігін,тігінші,тігіншілік,тікпе. Қазақ тілінде бір түбірге қажетіне қарай бірінен соң бірі тізіліп бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, тігіншілік, құлақтандырушы дегендердегі бірінші сөзде -ін, -ші, -лік жұрнақтары,екінші сөзде -тан,-дыр,-у,-шы жұрнақтары бар.Қолданылу ерекшеліктеріне қарай осындай тізбектелген жұрнақтардың үстіне сөз жалғастыратын қосымшалар да үстеле береді.

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жасау да,құранды да болады,мысалы; сана, санау, үйші, бастық, сүзбе дегендердегі -а, -у, -ші, -бе, -тық; жұрнақтарын жалаң жұрнақтар деп есептейміз де, елеулі, аумалы, көтеріңкі, ескілікті дегендердегі – улі, - малы, - іңкі, -лікті жұрнақтарын құранды жұрнақтар деп санаймыз. Жұрнақтар шығу төркіні жағынан да семантикасы жағынанда қаншалықты жақын бола тұрса да сөз жасау қабілеттері мен стилистикалық орамдылығы жағынан ешуақытта да өзара бірдей болмайды. Мысалы:- лық; жұрнағы мен -шылық; жұрнағының құрамындағы -лық; элементі екеуіне де ортақ форма, бірақ алдыңғы жалаң жұрнақ пен соңғы құранды жұрнақтардың сипаттары бірдей емес. (мысалы: жоқтың; және жоқшылық;, адамдық және адамшылық; деген сөздердің лексика – семантикалық ерекшеліктері мен қолданылу оралымдарын салыстырып көруге болады.)

Жұрнақтарда мағыналастық, қарсылықтық сипаттар болатыны сияқты көп мағыналық пен омонимдік сипаттар да болады, мысалы, ашық күн және ол ашықты; айтыс басталды және олар айтысты; жауын жауды және сен жуын дегендердегі -ық, -ыс,-ын жұрнақтарын салыстыруға болады. Бір алуан жұрнақтар өздері жалғанған сөздерден лексикалық мағынасы басқа немесе басқа сөз табына тән жаңа сөздер тудырмайды, түбірі және негізі қай сөз табына тиісті болса, сол сөз табына тиісті сөздер, ішкі категориялық жаңа формалар тудырады. Белгілі бір сөз табының өзіне тән ішкі категориялық жаңа формалар тудыратын осындай жұрнақтарды форма тудыратын жұрнақтар деп, сондай форма тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын жаңа формаларды ішкі категориялық формалар деп айтамыз.

Жұрнақтарды мазмұны мен қызметі жағынан дара мағыналы және көп мағыналы жұрнақтар, синонимдес және омонимдес жұрнақтар деп жіктеп, құрамы және құрылымы жағынан жалаң жұрнақтар мен күрделі жұрнақтар деп бөлумен қатар, оларды тілдің байырғы өз материалынан шығуына я басқа тілден енгеніне қарай төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар деп, мезгіл жағынан ерте және кеш қалыптасқандығына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар деп, осы күнгі тілде сөз тудыру қабілетінің сақталу я сақталмауына қарай тірі жұрнақтар және өлі жұрнақтар деп, қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді және өнімсіз болуына қарай, құнарлы жұрнақтар және құнарсыз жұрнақтар деп саралауға болады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1137. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия