Студопедия — Шылаудың грамматикалық сипаты. Шылау –толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шылаудың грамматикалық сипаты. Шылау –толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын






Шылау –толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:

1.Шылаудыңтолық лексикалық мағынасы болмайды;

2.Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

3.Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4.Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5.Шылаулартүрленбейді,яғникөптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.

Шылау сөздер білдіретін мәнінеқарай үшке бөлінеді:1) септеулік шылау;2) жалғаулық шылау;3) демеулік шылау.

Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.

Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:

1.Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды.Мысалы: елүшін тер төгу;үйге қарайаяңдау;туған жержайлы толғану,Бауыржансындыбатыр,жүзқаралыжылқы, сабақтансоңкелу, т. б.

2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.Мысалы:Күн бұлттанғансайын,Тілек жас төлдерін ойлай бастады.

2.Зат есім категориялары. Зат есімнің көптік категориясы

Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы, елу кітап, отыз студент дегенде кітаптың да, студенттің де саны белгілі, ал кітаптар, студенттер дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес.Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. Бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде -тер, дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді.

Зат есімнің тәуелдік категориясы

Зат есімнің тәуелдік категориясы -түркі тілдерінің ерекшелігін білдіретін категория, өйткені "грамматикалық категорияларда универсалды грамматиканың жалпы категориялары емес, туыстас тілдердің тобының немесе жеке тілдердің грамматикалық құрылысының басты ерекшеліктері көрінеді (1, 141)".Сондықтган түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тілінде дербес категория болып табылатын тәуелдік категориясы орыс тілінде жоқ. Бірақ орыс тілінде тәуелдік мағына бар ол лексикалық тәсіл арқылы беріледі (мой, твой т.б.).

Түркі тілдерінің ерекшелігі болып табылатын тәуелдік категориясы –бірзаттың екінші затқа меншік тілігін білдіретін категория. Нақтырақ айтқанда, тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам-мұның екеуі де қоса ұғынылады (31,55) "немесе" иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория (63,48)".

Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі, яғни тәуелдік жалғауы грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелдік мағынаны, екіншіден, сол тәуелдік мағынаны белгілі жаққа байланысты жекеше, көпше түрде білдіреді.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2661. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия