Студопедия — Ркендердің түр өзгерістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ркендердің түр өзгерістері






Тамыр сабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).

Столон – ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.

Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.

Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т.б. жатады.

Түйнекті жуашық – сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор заттары өсіп кеткен сабақ бөлігінеде жиналада, ал оның қабаршағы құрғақ (гладиолус, шафран).

Шөгір – түрі өзгерген өркен немесе оның бір бөлігі, төбесі (шырғанақ) немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.

Мұртшалар – түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.

Бүршік. Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік бастапқы өркен.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті(өсу) және генеративті(көбею) бүршік.

Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.

Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса төбе бүршік, жапырақ қолтығында орналасса қолтық немесе жанама бүршік д.а. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктердің кез келген мүшесінің әр жерінен қосалқы бүршіктер шығады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарына дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлеме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендірдің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш діңінің кесілген бұтақтары мен ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.

Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келеген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1,2,3 және одан да көп болады. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.

Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдануынан қорғайды. Әдетте бүршіктердің пішіндері мен қабыршақтарының ерекшеліктеріне қарап, өсімдік түрлерін оңай ажыратуға болады.

Бальзамды теректің бүршік қабыршақтары өзінен бальзам бөлетіндіктен жылтыр, өткір иісті, Қолмен ұстағанда саусаққа желім сияқты жабысады. Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдіктерге морт сыңғыш итшомыр жатады.

Ашық (қабыршағы жоқ) бүршіктердің сыртын бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы жауып тұрады.

Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді.

Бүршік көктмде өсімдіктің тамырында, сабағында жиналған қоректік заттар қорымен қоректеніп, ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, ашылады. Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді дөңгелек із қалады. Сол ізден бастап өлшегенде өркеннің бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбе бүршіктері мен жанама бүршіктер ғана ашылып, өркен дамиды.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі және гүл бүршігі. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады. Ұзынынан жарып қарағанда бастапқы сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмаған гүлдер) бекиді. Гүлшанақ гүл шығарып, жеміс береді. Бірі - өсу, екіншісі – көбею бүршігі. Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркен дамиды.

 

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1348. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия