Студопедия — Кейбір реактивтермен, ерітінділермен жұмыс істеу ерекшеліктері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кейбір реактивтермен, ерітінділермен жұмыс істеу ерекшеліктері






Металды натриймен жұмыс істеу

Металды натриймен жұмыс істеу кезінде үстел үстінде су болмау керек, кері тоңазытқыштың шлангасынан шашыраған су, ашық қалған краннан шашыраған су да болмауы тиіс. Натрийді құрғақ ақ қағазда арнайы көзілдірік пен қолғап киіп кесуге болады. Қолға арнайы қолғап кимей жатып металды ұстауға болмайды. Жұмыс аяқталған соң қалған натрийді тазалап, жинап артылғанын мұғалімге беру керек. Жұмысқа қолданылған ыдысты жуар алдында ыдыста натрий қалды ма, жоқ па мұқият қарау керек.

Металды натрийдің уақ қалдықтарын спиртте ерітуге болады.

Броммен жұмыс

Броммен жұмыс жасау барысында бромның улы екенін есте сақтау қажет. Ол көз жанарына әсер етеді, күйдірген жері ұзаққа дейін жазылмайды. Броммен жасалатын барлық жұмыстар тартқыш шкафтың астында жасалады. Бромды бөлгіш құйғыға (делительная воронка) құю үшін жәй құйғы (воронка) қолданылады, ол үшін бөлгіш құйғының кранын тексеріп, вазелинмен немесе глицеринмен майлау керек.

Бромға күйген жағдайда күйген жерді спиртпен жуады.

Ышқылдармен жұмыс

Концентрлі қышқылды алып жүргенде немесе құйғанда міндетті түрде резеңке қолғап киіп, шалғыш шалып, арнайы көзілдірік киіп жұмыс жасау қажет. Концентрлі күкірт қышқылын сұйылтқанда немесе концентрлі күкірт қышқылын азот қышқылымен әрекеттестіргенде, мейлі қандай қышқыл болсын, егер қоспа жылу бөле жүрсе, онда қалың қабырғалы химиялық ыдысты немесе фарфор ыдысты қолданылу қажет.

Нейтралданбаған улы сұйықтықтарды қолжуғышқа төгуге мүлде тыйым салынады. Оларды алдымен бейтараптау керек немесе арнайы тартқыш шкаф астындағы арнайы ыдысқа құю керек.

 

Қышқыл теріге тисе күйдіреді.

Күйген жерді суық суда 20-30 минут сірке қышқылының сұйытылған ерітіндісімен немесе ас содасының ерітіндісімен жуу қажет.

Фенолмен және сілтілермен жұмыс

Фенол және сілтілер құрғақ күйде де, концентрлі күйде де теріні күйдіреді. Күйген жерді ұзақ салқын сумен жуады.

Сілтіге күйген жерді сірке қышқылының сұйытылған ерітіндісімен жуады.Фенолға күйген жерді спиртпен жуады.

 

Органикалық еріткіштермен жұмыс

Органикалық заттарды, ерітінділерді айдау кезінде және тағы басқа жұмыстарда, яғни атмосфералық қысымда қыздыруға арналған жұмыстарда герметикалық жабық ыдыстарда жүргізуге рұқсат етілмейді. Прибордың ішкі кеңістігі атмосферамен әсерлесіп тұруы қажет, себебі колба жарылып кетуі мүмкін.

Оңай жанғыш заттармен жұмыс жасау кезінде: эфир, петролей эфирі, күкіртті сутек, бензол және т.б. отқа, плиткаға жақын тұрмауы қажет. Оларды ашық жалында, қатты қызған плиткада қыздыруға тыйым салынады. Қыздыруды сулы моншада тоңазытқышқа бекітілген колбада жүргізуге болады.

Эфир буы – ауадан ауыр және үстел бетінде жайылады, ашық жалында қопарылыс немесе өрт беруі мүмкін.

Спирт булары (метил, этил, пропил спирттері) – ауамен әрекеттесіп жарылғыш қоспа түзеді, сондықтан да құрғағанша айдауға болмайды. Буы ішке түскенде яғни иіскеп көргенде өте улы.

Бензол, толуол - өртке қауіпті және жарылғыш, теріге тисе де ішке жұтып қойса да буы улы.

Хлороформ және эфир – наркотикалық әсері бар.

Төртхлорлы көмірсутек - бас ауыртады, адам талып немесе тырысып қалуы да мүмкін.

Ацетон, формалин, анилин – адам ішіне түссе улы. Буына уланғанда бас айналдырып, жүрек айнытады.

Органикалық еріткіштермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау керек, сақтандыратын заттарды қолдану керек.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЕСЕПТЕУ ҮЛГІЛЕРІ

 

Зертханалық жұмыстың №_______________

Жұмыстың аталуы __________________________

Негізгі реакция теңдеуі (үлгі коэффициенттерімен):

 

 

Аралық өнім реакциялары:

Кесте №1

Реакцияға қажетті заттар мен өнімнің есептелу үлгісі

Зат Әдістеме бойынша көлемі Мұғалім берген заттың көлемі
моль г мл моль г мл
             

 

 

Кесте №2

Бастапқы зат пен соңғы өнімнің физика – химиялық сипаттамалары (әдеби мәліметтер)

Заттың атауы және формуласы   Mr   Tкип 0С   Tпл0С   nD20   d   Ерігіштігі
             
             

 

 

Кесте №3

Шығымдар мен реакция өнімдерінің сипаттамалары, эксперименттік анықтау

Заттың аталуы   Шығымы Шығымдар мен реакция өнімдерінің сипаттамалары, эксперименттік анықтау
  г % теориялық шығымнан % практикалық шығымнан Тбалқу немесе Тқайнау   nD20   Ескерту (түсі, иісі және т.б.)
             

Реакция өнімі аз болған жағдайда себебін көрсету қажет:

 

Мұғалімнің ________________ _____________ «___» ______ 20___ж.

(Ф.А.Ж.) (Қолы)

 


Лабораториялық жұмыстарды жасаудың алғашқы техникасы

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1955. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия