Студопедия — Сенсорлық алалия және есту бұзылыстары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сенсорлық алалия және есту бұзылыстары.






Сенсорлық алалиясы бар /басқаның сөйлеуін түсіну қиыншылықтары/ және есту бұзылыстары бар /басқаның сөйлеуін ажырата алмау қиыншылықтары/ балаларды дифференциациялауға мүмкіндік беретін бірқатар анықтаушы көрсеткіштер бар:

1. Нашар еститіннің дыбысты қабылдау шегі тұрақты / әртүрлі жағдайда
тәуліктің әр кезеңінде ол бірдей естиді/, ал сенсорлық алалиясы бар балада
дыбысты қабылдау функциясы тұрақсыз /ол бірде жай дыбыстарды естиді
және түсінеді, бірде қатты дыбысты қабылдамайды/. Алалиясы бар баланың
аудиоөлшеуші көрсеткіштерінің тұрақсыздығы оның жұмыс орындауға
қабілеттігі бұзылғанын, жылдам шаршауын, қозу және тежелу процестерінің
үйлесімсіздігін көрсетеді, ал бұл жағдай жоғары акустикалық талдау мен
синтездеу мүмкіндіктеріне жағымсыз ықпал береді. Дыбыстың қаттылай
түсуі нашар еститін баланың қабылдауын жақсартады. Сенсорлық алалиясы
бар бала қатты, әсіресе аса қатты дыбыстарды қабылдамайды; жай,
тыныштандыратын дыбыстарды жақсы қабылдайды, ал аса қатты дыбыстар
мидығы процестердің тежелуіне, өз-өзін сақтауда жұмыстан шығып кетуіне
себеп болады.

2. Нашар еститін балалар есту аппаратымен жақсырақ естиді, ал сенсорлы алалиясы бар бала есту аппаратымен қолдана алмайды: ол құлағы, басы ауырғанын айтады; дыбыстардың күшейюі оған жайсыз тітіркендіргіш болады. Бірқатар жағдайда сенсорлық алалия кезінде тыныш, қоршағандардың назарын аудармайтын дыбыстарға аса сезімталдылық бақыланады /тамшылап тұрған су, кітап парақтарының сыбдыры және т.б./, яғни алалия жағдайында есту мүмкіндігі сақталады.

3. Нашар еститін баланың даусы тыныш, анық дыбыстаусыз, ал сенсорлы алалияда дауыс қалыпты қаттылық пен анық дыбыстау сақталады.

4. Нашар еститін баламен, сенсорлық алалиямен ауыратынға қарағанда,
байланысқа түсу оңай.

Сенсорлық алалиясы бар балаларды емдеуде қолданылатын әдістердің дамуына К.А.Семенова, ал оларды оқыту және тәрбиелеудегі арнайы жүйенің дамуына М.В.Ипполитова үлкен үлес қосты.

Ақыл-есі кем балалар

Ақыл-есі кем балалар - қалыпты деңгейден ауытқу жағдайындағы ең көп санды балалар тобы. М.С.Певзнер ұсынған жалпы психикалық жетілмеген балалар классификациясы бойынша 5 қалып бар:

1. Аса күрделенбеген қалыптағы баланың негізгі жүйке процестері тұрақты.
Танымдық іс-әрекеттегі ауытқушылықтары күрделі анализаторлар
бұзылыстарымен толықтырылмайды. Эмоционалды-еріктік сферасы
салыстырмалы түрде сақталған. Бала мақсатты-бағытталған іс-әрекетті
орындай алады, бірақ тапсырма оған түсінікті және орындалуы оңай болған
жағдайларда ғана. Әдеттегі жағдайда баланың іс-әрекетінде өкпектік
ауытқушылықтар жоқ.

2. Олигофрен-балалардың қозу немесе тежелу түрлері бойынша
эмоционалды-еріктік сфералары тұрақсыздықпен сипатталады, балаға сай
бұзылыстар іс-әрекеттің өзгеруінде және еңбектену деңгейінің төмендеуінде
байқалады.

3. Анализатор функцияларының бұзылыстары бар олигофрен-балалардың ми
қабығының диффуздық зақымдануы ми жүйелерінің бірінің терең
зақымдануымен бірігіп келеді.

4. Психопаттық іс-әрекетті олигофрен-баланың эмоционалды-еріктік
сферасында өкпектік бұзылыстар байқалады. Ең алдымен оның
жекетұлғалық құрамдастарының жетілмеуі, өзіне және қоршаған адамдарына
байланысты сынды көзқарастың төмендеуі, қызығушылықтарының тежелуі,
аффектті әрекеттерге берілуі байқалады.

5. Маңдай бөлігінің жетілмеуі анық олигофрен-баланың танымдық іс-
әрекетінің бұзылыстары моторикасында өкпектік бұзылыстары бар маңдай
бойынша түрі жеке тұлғаның өзгерулерімен бірігіп келеді. Бұл балалар әлсіз,

көмек қажет етеді, ынтасыз. Олар көп, мағынасыз сөйлейді, басқаларға өте еліктегіш. Жағдайдың ерекшеліктерін ескере алмайды, мақсаттылыққа, бағыттылыққа, белсенділікке қабілетті емес.

Олигофрен-балалар психикалық іс-әрекеттерінде тұрақты бұзылыстармен сипатталады, олардың танымдық процестерінің белсенділігі төмен, әсіресе сөздік-логикалық ойлаулары. Балаларда қалыпты деңгейден қалу ғана емес сонымен қатар тұлғалық көріністері мен барлық танымдық сфераларында терең ерекше ауытқулар байқалады.

Сонымен, ақыл-есі кем балаларды жасы кішілеу қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балаларға теңеуге болмайды. Олар негізгі ерекшеліктерімен, көріністерімен мүлдем басқа.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 9036. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия