Студопедия — Компьютерлік графиканың түрлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Компьютерлік графиканың түрлері






Компьютерлік графикада жұмыс істеуде бағдарламалық қамтудың көптеген кластары болғанымен, компьютерлік графиканың үш түрін айырып айтуға болады. Бұл растрлік графика, векторлық графика, фрактальдық графика. Олар монитор экранына бейнелеуде және қағазға басып шығарғанда бейненің құрылу принциптерімен ерекшеленеді. Машиналық графиканың бағдарламалары жұмыс істейтін барлық бейнелер екі класқа бөлінеді: нүктелік және векторлық.

Машиналық графиканың терминологиясында нүктелік бейнені өлшемі жағынан біркелкі және тегіс геометриялық фигуралар (көбінесе шаршы немесе дөңгелек) пішініндегі пиксельдердің жиынтығын деп айту қабылданған. Компьютер жадында нүктелік бейненің ұсынылу бұл белгілі бір бейнеде реттелген барлық пиксельдердің түсі туралы мәліметтердің жиынтығы.

Растрлік графика. Растрлік графиканы электрондық (мультимедиалық) және полиграфиялық жариялымды өңдеуде қолданылады. Растрлік графиканың құралдарымен орындалған суреттерді компьютерлік бағдарламаның көмегімен қолмен сирек құрайды. Бұл мақсатта суретшілердің қағазда дайындалған суреттер немесе фотосуреттерді сканерлеу жиі қолданылады. Соған сәйкес графикалық редакторлердің көбі бейнені құрумен қатар, оларды өңдеуге бағытталған. Растрлік графиканың негізгі элементі нүкте болып табылады. Егер бейне экрандық болса, онда бұл нүкте пиксель деп аталады. Бейненің өлшемімен оның рұқсат етуі тікелей байланысты. Мәліметтердің үлкен көлемі-бұл растрлік бейнелерді қолданудағы негізгі мәселе. Сондықтан операциялық жадысы үлкен көлемдегі (128 Мбайт және одан көп) ДК қажет. Растрлік бейненің екінші кемшілігі бөлшектерді қарауда үлкейте алмауына байланысты. Бейне нүктелерден тұратындықтан, оларды ұлғайту тек қана бұл нүктелердің үлкеюіне әкеледі., ал бұл суретті визуалды бұрмалайды.

Векторлық графика. Машиналық графикада векторлық бейне деп өте күрделі және әр түрлі геометриялық объектілердің жиынтығын айтады. Бейненің негізгі элементі сызық болып табылады. Векторлық суреттердің барлығы сызықтан тұрады. Қарапайым объектілер аса күрделілерге бірігеді. Осындай амалға байланысты векторлық графиканы объектілі бағытталған графика деп жиі атайды. Векторлық графиканың объектілері жадыда параметрлердің жиынтығы сақталады, бірақ барлық бейнелер экранда бәрі бір нүкте түрінде шығатынын ұмытуға болмайды. Әрбір объектіні экранға шығару алдында, бағдарлама объектіні бейнелеуде экрандық нүктелердің координаталарын есептеуді жүргізеді, сондықтан векторлық графиканы кейде есептелетін графика деп атайды. Векторлық графиканың маңызды ерекшелігі әр объект үшін оның сыртқы келбетін нақтылайтын басқарушы параметрлер анықталады. Мысалы, шеңбер үшін диаметр түсі, түрі және сызықтардың жуандығы, сонымен қатар ішкі аймақтың түсі басқарушы параметр болып табылады.

Векторлық бейнені компьютердің жадында ұсынылу нүктелікке қарағанда күрделірек. Ол бейне құрылған объектілердің жиынтығын көрсетеді, соның ішінде әр объект үшін ол объектілердің қай класқа жататыныны көрсетілген және барлық басқарушы параметрлердің мәні берілген.

Нүктелік бейнені экранға немесе қағазға шығару үрдісі біршама қарапайым-экранға пиксельге әр түрлі түсте жанатын люминофордың үш бөлігінен тұратын топ сәйкес келеді, ал принтер пиксельдерді тонердің (бояйтын ұнтақ) тамшыларымен бейнелейді. Векторлық бейнелерді тікелей бекітетін құрылғыларға график құрастырғыштар (негізінен конструктурлық бюрода) жатады. Көп жағдайда шығару алдында векторлық бейне нүктелікке айналады. Машиналық графикада бұл үрдісті рендеринг деп атайды.

Нүктелік және векторлық бейнелердің артықшылықтары мен кемшіліктері. Нүктелік бейненің негізгі кемшілігі пиксельдердің бекітілген өлшемінде. Сол себептен ұлғайтқанда немесе кішірейткенде ұнамсыз әсерлер туады. Пиксель өлшемінің өте үлкейтілуі бейненің біркелкілігінің жоғалуына әкеледі.

Нүктелік бейнені пиксельдердің бұрынғы өлшемін сақтай отырып кішірейткенде бірнеше пиксельдерді шығаруға тура келеді, бұл бейнедегі ақпараттың бір бөлігінің жоғалуына әкеледі. Пиксельдің бастапқы өлшемін сақтағанда нүктелік бейненің өлшемін сәл ғана үлкейтуге болады-екі, үш және одан бір рет көп. Егер бұл жағдай сақталмаса, бейнеде толқынды сызықтар, нүктелер және тор көздер-муар пайда болады.

Нүктелік бейненің келесі кемшілігі-оларды сақтауға қажет жадының үлкен көлемі.

Векторлық бейне жұмыста өте икемді. Оны ұлғайту немесе кішірейту үшін, оның бір ғана басқарушы параметрі-масштабын өзгерту талап етіледі. Бұдан файлдың өлшемі 1 байтқа да көбеймейді.

Нүктелік бейнеге қарағанда векторлық бейненің құрылу дәрежесі еркін бола алады.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1209. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия