Студопедия — НЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР КӨЛІГІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

НЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР КӨЛІГІ






3.1 Өнеркәсіптік көлікті жіктеу. Тасымалдар көлемі мен жүк айналымы

 

Өнеркәсіптік көлік түрі, міндеті, әрекет ету мерзімі мен тәсілі бойынша жіктелуі мүмкін [2].

Түрі бойынша келесі көлікті ажыратады: теміржол, автокөлік, конвейерлік және арнайы.

Көліктің арнайы түріне құбыр өткізетін (гидравликалық және пневматикалық), монорельсті, аспалы, рольгангілер, ілмекті және тілімшелі конвейерлер, арба және т.с.с. жатқызады.

Жұмыс міндеті мен сипаты бойынша өнеркәсіптік көлікті, кәсіпорынға шикізат, материалдар мен жартылай фабрикаттар жеткізу, сондай-ақ, дайын өнімді шетке шығаруүшін тағайындалған сыртқы және жүктерді, дайындамаларды, дайын бұйымдарды кәсіпорын ішінде, яғни цехтердің арасында және ішінде тасымалдауды іске асыратын ішкі болып бөлінеді. Ішкі көлік зауыттарда ішкі зауыттық деп атайды, құрылыстарда – ішкі құрылымдық, шахталарда – ішкі шахталық немесе жер асты, карьерлерде ашық алу тәсілі кезінде – карьерлік және т.с.с.

Әрекет ету мерзімі бойынша көлік тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Уақытша көлік деп пайдалану кезінде өзінің орнын өзгертетін көлікті түсінген дұрыс, мысалы, карьерлер мен шахталардағы теміржол көлігінің жылжымалы жолдары: жылжымалы алу кешендерінің құрамындағы қырғыш конвейерлер: таспалық телескопиялық және т.с.с. Әдеттегідей, уақытша көлік шығару өнеркәсібінде, ал тұрақты қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында, зауыттарда, фабрикаларда және т.с.с. қолданылады.

Әрекет ету тәсілі бойынша көліктің циклдық және үздіксіз түрлерін ажыратады. Циклдық немесе кідірмелі түрлеріне теміржол, автокөлік, монорельсті, пневмоконтейнерлік, арбалы және т.с.с. жатады. Басқаша айтқанда көліктің бұл түріне белгілі бір циклды, яғни, өнімнің үлесін тиеуді, орнын ауыстыруды, түсіруді орындайтын құралдар жатады.

Үздіксіз түрлеріне конвейерлік, құбыр өткізетін, өздігінен ағатын, гравитациялық және т.с.с. жатады, яғни бұл түрлері аяқталған циклға ие емес, яғни көліктің бұл түріндегі жүк тиеу және жүк түсіру үзіліссіз іске асырылады. Кейінгі жылдары циклдық-ағымдық технологияны құратын жаңа түрлері шығып жатыр. Оларға циклдық және үздіксіз көліктің ең жақсы қасиеттерін бойына жинаған шөміштік элеваторлар, секциялық конвейерлік поездар, бункер-ыдысы және басқа да көлік құралдары кіреді. Өнеркәсіптік көлік сыртқы көлік түрлерімен тасымалдаулардың жалпы көлемімен, яғни уақыт бірлігінде (сағатына, тәулігіне, жылына) тасымалданатын жүктердің массасымен сипатталады, яғни

 

Q = Qв + Qм , (3.1)

мұнда Q, Qв,Qм – жалпы, сыртқы және цехаралық тасымалдар көлемі. Сыртқы және цехаралық тасымалдар көлемдері кәсіпорын бойынша әртүрлі көлік түрлерімен көлемдердің сомалары ретінде немесе

 

, (3.2)

 

мұнда = Qа + Qк + Qж +.... Qа –автокөліктік: Qк - конвейерлік: Qж – теміржол және басқа да көлік түрлері ретінде анықталады. Осыған сәйкес цехаралық көліктің көлемі анықталады:

 

. (3.3)

 

 

Жүк айналымы деп белгілі бір арақашықтыққа жүктерді тасымалдау бойынша жұмысты орындауға орындалатын немесе жоспарланатын жұмысты айтады. Ол «ТКМ» өлшенеді. Әдеттегідей жүк айналымы үлкен ара қашықтықтарға жүктерді тасымалдайтын магистральдік көлікке тән. Ол келесі формула бойынша анықталады:

 

Р = Qв × L, (3.4)

 

мұнда Р – жүк айналымы, км:

L – тасымалдардың арақашықтығы, км. Жүк айналымы жылдық, айлық, тәуліктік болып бөлінеді. Белгілі бір уақыт кезеңінде осы бағытта жүк жасаушы және жүк болжаушы орындары арасында жылжитын жүктердің көлемін жүк ағымы деп атайды. Көлік құралдарының түрі мен санын анықтау үшін ірі кәсіпорындарда таңдап алынған масштабты (мысалы 1см-1млн.т. жылына) ескерумен көліктің түрлері бойынша жеке цехтардың арасында жүк ағымдарының диаграммалары әзірленеді (3.1-суретті қараңыз), ал көліктің түрі әртүрлі түрлі шартты белгілермен белгіленуі мүмкін. Кәсіпорынның жүк ағымдарының диаграммасы цехтер мен қоймалардың арасында жүктердің қозғалу бағыты мен таралуын жолдарда сандармен, ал ағымның бағытын стрелкамен көрсетеді.

Тасымалдардың тәуліктік көлемі жүктердің келіп түсуінің бір қалыпсыздығын ескерумен тасымалдау процесі арқылы анықталады:

 

, (3.5)

 

мұнда kн – бір қалыпсыз коэффициенті; kн = 1,1¸1,3

n – жылына жұмыс істеу тәулігінің саны. Циклдық әрекет ететін көліктік құралдардың саны анықталады:

 

, (3.6)

 

мұнда kз – запас коэффициенті, ол kз = 1,25¸1,4 тең;

q – көліктік құралдың жүк сыйымдылығы, T;

gс- жылжымалы құрамды статикалық пайдалану коэффициенті [х]. Жүк сыйымдылығы q көліктік құралдың жүк көтергіштігіне және орын ауыстыратын материалдың тығыздығына тәуелді.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 741. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия